Сабақ тақырыбы Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару



Дата22.04.2022
өлшемі61 Kb.
#140306
түріСабақ

Сабақ жоспары


Айнабұлақ ЖОББНМ

Бөлім

8.2Б Стехиометриялық есептеулер

Педагогтың аты-жөні

Г.Б.Суиндикова

Күні

24/11/2020ж

Сынып 8

қатысқан қатыспаған

Сабақ тақырыбы

Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

8.2.3.5 химиялық реакция теңдеулері бойынша заттың массасын, зат мөлшерін есептеу

Сабақ мақсаттары

- қосылыстың молярлық массасын есептей біледі;
- реакцияны жаза және теңестіре біледі;
- осы типті есепті шығарудың алгоритмін құрастырады;
- химиялық реакция теңдеуі бойынша зат мөлшерін, зат массасын есептейді;

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
1-4 минут

5-10 минут



Ұйымдастыру кезеңі
1-тапсырма. Сұрақ-жауап. Өткенді қайталау
Оқушылар жауаптарын ақ қағазға жазады, мұғалім бақылайды.

  • Зат мөлшерінің таңбасы

  • Зат мөлшерінің өлшем бірлігі

  • Авогадро тұрақтысы

  • Зат мөлшерін анықтауға арналған 3 формула.

2-тапсырма. Жеке жұмыс
Коэффициенттерді (стехиометриялық коэффициенттер) қойып, химиялық реакция теңдеуін теңестіріңіз.
Әр зат формуласының астына стехиометриялық коэфициентке сай келетін зат мөлшерін (моль санын) көрсетіңіз.
Әр заттың молярлық массасы мен массасын есептеңіз.
____Al2O3 +___H2SO4 =___Al2(SO4)3 +___H2O
n = _ моль n = _ моль n = _ моль n = _ моль
M = __ г/моль M = __г/ моль M = __ г/моль M = __г/ моль
m = __ г m = __ г m = __ г m= __ г
Жасалынған жұмыстың нәтижесінде сабақтың мақсаты мен тақырыбы нақтыланады.

Оқушылар ақ қағазға тапсырма орындайды

Оқушылар дәптерлеріне тапсырма орындайды



Мұғалімнің бағалауы

Өзара бағалау жүзеге асырылады.





Ақ қағаздар

презентация



Сабақтың ортасы
11-30 минут
31-37 минут

Оқушыларға тапсырма беріп, орындау барысын қадағалап, бағалайды
3-тапсырма. Жеке жұмыс

  1. 13 г мырыш тұз қышқылымен реакцияға түсті. Реакцияға жұмсалған қышқылдың массасын, түзілген тұздың массасын және бөлінген газдың көлемін анықтаңыз.

  2. Зат мөлшері 8 моль алюминий оксидін алу үшін қажет алюминийдің зат мөлшері мен массасын есептеңіз

Дұрыс жауабы тақтада көрсетіледі.
Қосымша есептер:
№3 есеп. Нәтижесінде 4 моль су алу үшін қанша грамм сутек қажет болады?
№4 есеп. 8г метан жанғанда түзілетін көмір қышқыл газының массасы қанша?



Тапсырма орындайды, әр тапсырманы тексеріп, түсіндіреді



Мұғалімнің бағалауы
Өзара бағалау

Тапсырмалар



Сабақтың соңы
38-40 минут

Рефлексия

  1. Бүгінгі сабақта мен білдім....

  2. Мен білгім келеді....

  3. Мен ... түсінбедім






Тапсырма №1
1. Н2SO4 мольдік массасын есептеңіз.
2. 2,5 моль Н2SO4 масссын анықтаңыз.
Тапсырма №2

  1. Масса және зат мөлшері арасындағы байланысты көрсететін формуланы жазыңыз.

  2. 2 моль, 0,25 моль, моль кальций карбонатының, 3,01*1023 көміртегі атомы массасын есептеңіз.

  3. Натрий сульфатының молярлық массасын табыңыз.

Тапсырма №3 True / False
1.Зат мөлшері – физикалық шама
2.Зат мөлшері мольмен өрнектеледі
3.Заттар өзара әртүрлі қатынаста әрекеттеседі
4.Бір моль суда да, 1 моль темірде де бөлшектер саны бірдей
5.Авогадро саны жер бетіндегі барлық адамдардың шашының санынан де көп
6. Әрбір заттың молінің массасы тұрақты шама емес
7.Алюминийдің 4 атомы мен оттектің 3 молекуласы әрекеттесіп, алюминий оксидінің 4 молекуласын түзеді
8.А.Авогадро XVIII ғасырда өмір сүрген ағылшын ғалымы
9.Молярлық масса зат массасының оның мөлшеріне қатынасы
10.Зат массасы молярлық массаның зат мөлшеріне қатынасы



Оқу мақсаты:



- масса, зат мөлшері және құрылымдық бөлшектер санын есептеу

Дағдылар:

Дескрипторлар

Түсіну
Білу
Қолдану



-масса және зат мөлшері арасындағы өзара байланысты формула арқылы көрсете алады

-заттың мөлшері арқылы массаны анықтайды

-белгілі зат мөлшері арқылы әр элементтің атом санын есептейді


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет