Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша


Мектептер-интернаттар-колледждер қызметтерінің қағидалары



бет26/33
Дата12.10.2020
өлшемі298,5 Kb.
#68199
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
4. Мектептер-интернаттар-колледждер қызметтерінің қағидалары
37. Мектептер-интернаттар-колледждер жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беретін, жататын орнымен қамтамасыз ететін дербес заңды тұлға болып табылады.

38. Мектептер-интернаттар-колледждердің негізгі мақсаты:

бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, кәсіптік және техникалық жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыру.

39. Мектептер-интернаттар-колледждердің негізгі мақсатын жүзеге асыруда келесі міндеттерді атқарады:

1)  ұлттық және қоғамдық құндылық негізінде жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін жағдай жасау,ғылыми және әдістемелік жетістіктерге жеткізу;

2) кәсіби бағытта оқушыларды жұмыспен қамсыздандыру;

3) нарықтық еңбек талаптарына сай өндірісте оқыту, теориялық білім мен өндіріс арасындағы карым-қатынасты байланыстыра отырып, білім жүйесін дамыту;

4) еңбек нарқы және қоғамдық талаптардың өзгеруіне байланысты заманауи бейімделуге себеп болатын, білімде жаңа технологияларды тиімді қолдану және енгізу;

5) оқушылардың интернатта тұруына қауіпсіз және ыңғайлы жағдай жасау;

40. Мектептер-интернаттар-колледждер, жалпы білім беретін мектептері жоқ, ауылды жерде тұратын балаларды қабылдауды қамтамасыз етеді.

41. Мектептер-интернаттар-колледждерде білім алушыларға академиялық демалыс тағайындау Заңға сәйкес жүзеге асырылады

42. Мектептер-интернаттар-колледждер білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымның оқу-тәрбие процесінде, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметтінде дербес.

43.  Медициналық персонал - оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, алдын-алу іс-шараларын өткізу, мектептер-интернаттар-колледждердің санитарлы-гигиеналық жағдайын қадағалау, оқушылардың тәуліктік мекендеуін есепке ала отырып, гигиенаға негізделген жұмыс кестесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

44. Мектептер-интернаттар-колледждерді сәйкес құрал материалды техникалық жабдықтау заңға сәйке жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет