Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша



бет13/33
Дата12.10.2020
өлшемі298,5 Kb.
#68199
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
4. Кешкі мектеп қызметінің тәртібі
41. Кешкі (ауысымды) мектеп (бұдан әрі – Мектеп) Қазақстан Республикасының азаматтарына, жұмыс істейтін және жұмыссыз шетел азаматтарына (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары шеңберінде) негізгі орта және жалпы орта білім алуға мүмкіндік береді.

42. Кешкі мектеп негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ өзіндік ерешеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырады.

43. Кешкі (ауысымды) мектеп мемлекеттік мекеме немесе коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ретінде құрыла алады.

44. Осы Қағидалар меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кешкі (ауысымды) жалпы орта білім беретін мектептер үшін үлгілік болып табылады.

45. Мектеп мынадай нысандар бойынша оқытуды жүзеге асырады: бір білім беру ұйымының шегінде күндізгі, кешкі, сырттай, жеке, экстернат.

46. Білім беру бағдарламаларын меңгеру шарттары мен тәртібі осы Қағидалармен және Мектеп Жарғысымен белгіленеді.

47. Мектепті құру, қайта құру және жою Қазақстан Республикасының заңнамаларына, облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

48. Кешкі мектеп:



  1. үлкен қалаларда – кемінде 100 білім алушы,

  2. шағын қалаларда – кемінде 80 білім алушы,

  3. қала типіндегі кенттерде – кемінде 50 білім алушы;

  4. ауылдық жерлерде – кемінде 30 білім алушы болған жағдайда құрылады.

49. Кешкі және сырттай оқыту нысандарында сыныптар кемінде 9 білім алушы болған жағдайда ашылады.

50. Қажетті қаражат пен жағдайлар болған жағдайда жергілікті басқару органдарының шешімі бойынша кешкі мектептер жанынан оқу-кеңес беру пункттері, толықтығы аз (1-ден 8-ге дейін білім алушы) сырттай оқу сыныптары немесе топтары ашылады.

51. Кешкі мектеп меншік нысанына қарамастан, білім беру кәсіпорындары мен ұйымдарында оқу-кеңес беру пункттерін, сыныптар, сырттай оқыту топтарын ашады.

52. Күндізгі жалпы білім беретін мектептер жанында оқу-кеңес беру пункттері, сырттай оқыту сыныптары мен жеке топтар, сондай-ақ күндізгі жалпы білім беретін мектептерде кешкі бөлімдер:

1) қалаларда кемінде 50 білім алушы;

2) қала типіндегі кенттерде кемінде 30 білім алушы, ауылды жерлерде кемінде 15 білім алушы болған жағдайда ашылады.

53. Күндізгі, сырттай оқу нысандары бойынша оқу-кеңес беру пункттерінің білім беру процесін ұйымдастыру осы Қағидалар негізінде жүзеге асырылады.

54. Кешкі мектеп пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптарды, түзете оқыту сыныптарын (топтарды) ашады.

55. Кешкі мектептің барлық деңгейіндегі сыныптардың толықтырылуы күндізгі оқыту нысаны бойынша төмендегі құрамда бекітіледі:


  1. қалалық білім беру ұйымдарында – 20 білім алушы;

  2. шағын қалаларда және қала типіндегі кенттерде – 15 білім алушы;

  3. ауылдық білім беру ұйымдарында – 10 білім алушы.

56. Сыныпта 20 және одан да көп білім алушы болған жағдайда орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін, қазақ тілді мектептерде орыс тілі мен әдебиетін, шет тілдерін және информатиканы кіші топтарға бөліп оқыту жүргізіледі.

57. Орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін, қазақ тілді мектептерде орыс тілі мен әдебиетін, шет тілдерін және информатиканы кіші топтарға бөліп оқыту кешкі оқытудың сырттай нысанына қарастырылмайды.

58. Кешкі мектепке 15 жасқа толған, төмендегі құжаттар негізінде оқуға тілек білдірген тұлғалар қабылданады:


  1. ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші;

  2. жеке өтініші;

  3. негізгі жалпы білім туралы куәлік;

  4. соңғы оқу жылындағы үлгерім табелі;

  5. білім беру ұйымының академиялық анықтамасы (аталған оқу орнында өтілген жалпы білім беретін пәндер бойынша сағаттар саны мен бағаларын міндетті көрсете отырып);

  6. жеке куәлік немесе туу туралы кәулік;

  7. жұмыс орнынан анықтама (жұмыс істейтіндер үшін);

  8. медициналық анықтама, 086 нысаны;

  9. мекенжайы туралы анықтама.

59. Ерекше жағдайларда, кешкі мектепке қалалық және аудандық Әкімдіктер жанында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия шешімімен жіберілген тұлғалар қабылданады.

60. Кешкі мектепке қабылдау оқу жылы басталғанға дейін жүргізіледі және мектеп директорының бұйрығымен ресімделеді.

61. Басқа білім беру ұйымдарынан келген тұлғалар оқу жылының барысында тиісті сыныптарға қабылданады (қорытынды және ағымдық бағалары ескеріле отырып).

62. Кешкі мектептегі білім алушылар контингенті жылына екі рет анықталады: әрбір жартыжылдық басында.

63. Кешкі мектеп білім беру процесін екі сатылы жалпы білім беру бағдарламаларының деңгейлеріне сәйкес жүзеге асырады:


  1. II саты – негізгі орта білім (меңгеру мерзімі: 3 жыл: 7, 8, 9 (10) сыныптар).

  2. III саты – жалпы орта білім (меңгеру мерзімі: 2 жыл: 10, 11 (12) сыныптар).

64. Кешкі мектепте білім беру процесін ұйымдастыру жалпы білім беретін оқу бағдарламаларымен, оқу жұмыс жоспарымен реттеледі.

65. Кешкі мектеп жылдық күнтізбелік оқу кестесін белгілеуде, бағалау жүйесін, білім алушыларды аттестаттау тәртібі мен мерзімін таңдауда дербес.

66. Оқу жылы 1 қыркүйектен 25 мамырға дейін жалғасады. Оқу жылының ұзақтығы – 34 апта, сырттай оқу нысанында – 36 апта.

67. Кешкі мектеп, кәсіпорындармен уағдаластық бойынша, қосымша білім беру қызметі, оның ішінде ақылы қызмет ретінде білім алушылардың кәсіптік дайындық жұмысын жүргізе алады.

68. Сырттай немесе кешкі оқыту сабақтарын сессиялық режимде ұйымдастыру кезінде сессиялардың уақытын Мектептің педагогикалық кеңесі белгілейді.

69. Білім алушыларды кешкі мектепке қабылдау тәртібінің Заңда қарастырылмаған бөлігі білім беру ұйымының Жарғысымен белгіленеді. Оқушыларды мектепке қабылдау олардың мекенжайына, тұрғылықты ауданына және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан жүзеге асырылады.

70. Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері мектептің Жарғысымен, мектептің ішкі тәртіп ережелерімен белгіленеді.

71. Кешкі мектепте білім алушыларға жұмыстан қол үзбей қысқартылған жұмыс аптасына, жұмыс орны бойынша қосымша ақылы демалыс пен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларында белгіленген тәртіпте ұсынылатын басқа да жеңілдіктер алуға құқық берілген.

72. Негізгі орта және жалпы орта білім беру курстары бойынша бағдарламаларды меңгеру бітірушілерді міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

73. Кешкі мектеп бітірушілеріне олар қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін тиісті білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.

74. Кешкі мектепті жалпы басқаруды өкілдік орган – Педагогикалық кеңес жүзеге асырады, оның құзыреті мектеп Жарғысымен белгіленеді.

75. Кешкі мектептегі білім беру процесін жетілдіру мақсатында Әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестіктер, психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық қызмет құрылады. Олардың қызметі мектеп Жарғысында және қолданыстағы білім беру саласындағы заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

76. Кешкі мектеп өзінің Жарғысы, мөрі, банкте есеп шоты бар дербес заңды тұлға болып табылады.

77. Мектеп жеке ғимаратта орналасуы тиіс. Ерекше жағдайларда, жергілікті Әкімдіктер жалға алған ғимаратта болуы қажет.

78. Мектеп қызметін қаржылық қамтамасыз ету қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет