Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша


Оқу-сауықтыру орталықтар (кешен) қызметінің қағидалары



бет27/33
Дата05.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#25110
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
5. Оқу-сауықтыру орталықтар (кешен) қызметінің қағидалары

45. Оқу-сауықтыру орталықтарының қызметі (бұдан әрі - ОСО) - баланың жеке тұлға ретінде толық дене бітімінің, психологиялық және рухани-адамгершілік дамуына жағдай жасауға бағытталған.


46. Ауысым ұзақтығы 15 және 20 күнді құрайды.
47. ОСО оқу процесіне қатысушылар - шығармашыл балалар, ұлтаралық, республикалық, аймақаралық, қалалық мектеп олимпиадаларының жеңімпаздары, шығармашылық байқауының қатысушылары, медициналық және педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар (басқа да жас өспірімдердің заңды өкілдіктері).
48. ОСО мақсаты:
денсаулық сақтау, білім, тәрбиелеу саласында бала құқығын, жеке тұлғаны дамыту және кәсібін анықтауды қамтамасыз ету.
49. Жоғарыда көрсетілген ОСО мақсатын жүзеге асыру үшін орындалатын келесі міндеттер:
1) қоғам өміріне балалардың әлеуметтік бейімдеу, еңбек және басқа өмір дағдыларын қалыптастыру;
2) балаларды тәрбиелеуде құқық бұзушылық пен қылмыстықтарды, жағымсыз әдеттерді, инфекциялық және басқа ауруларды алдын алу, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру;
3) мәдени әлемдік көзқарас, белсенді азамматтық ұстанымды қалыптастыру;
4) ғылыми-техникалық, көркем шығармашылықта, спортта, туризмде, өлкетану мен басқа да танымдық әрекеттерде инженерлік-техникалық құзыреттілікті арттыру және терендету.
5) өмірлік дағдыларды тәжірибеде қолдану.
50. ОСО қызметінің нысаны:
1) сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша кешендік шараларды жүзеге асыру;
2) жасөспірімдер мен балаларды сауықтыру және белсенді демалуы;
3) жасөспірімдер мен балалардың демалуында, сауықтандыру уақыты кезеңінде білімдік бағдарламаларды игеруі үшін қажетті жағдай жасау;
4) ОСО балалардың халықаралық және республикалық мәдени-бұқаралық, спорттық, ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар және басқа да жұмыс түрлерін жүргізеді.
51. ОСО жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртіптемесінің ережесімен бекітіледі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшылық туғызбауы керек.
52 ОСО материалдық-техникалық базасының дамуы мен құрылуы құрылтайшылардың қаржылық шотынан, ақылы қызмет көрсету негізінде түскен түсімнен жүзеге асырылады.
53. Оқушылардың әлеуметтік бейімделу және білім беру процесінің үйлесімділігі мақсатында ОСО-нда әлеуметтік педагогикалық, психологиялық және медициналық қызмет құрылады.
54. Балаларды медициналық көмек көрсетумен қамсыздандыру ОСО басшысына жүктеледі. ОСО-да медициналық қызметкерлердің қызметіне қажетті жағдайлар туғызу мен бөлме беру, сонымен қатар балалардың денсаулығын нығайту және қорғау мақсатындағы жұмыстарды бақылау ОСО басшысына жүктеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет