4. Мектептер-интернаттар-колледждер қызметтерінің қағидалары
37. Мектептер-интернаттар-колледждер жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беретін, жататын орнымен қамтамасыз ететін дербес заңды тұлға болып табылады.
38. Мектептер-интернаттар-колледждердің негізгі мақсаты:
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, кәсіптік және техникалық жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыру.
39. Мектептер-интернаттар-колледждердің негізгі мақсатын жүзеге асыруда келесі міндеттерді атқарады:
1) ұлттық және қоғамдық құндылық негізінде жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін жағдай жасау,ғылыми және әдістемелік жетістіктерге жеткізу;
2) кәсіби бағытта оқушыларды жұмыспен қамсыздандыру;
3) нарықтық еңбек талаптарына сай өндірісте оқыту, теориялық білім мен өндіріс арасындағы карым-қатынасты байланыстыра отырып, білім жүйесін дамыту;
4) еңбек нарқы және қоғамдық талаптардың өзгеруіне байланысты заманауи бейімделуге себеп болатын, білімде жаңа технологияларды тиімді қолдану және енгізу;
5) оқушылардың интернатта тұруына қауіпсіз және ыңғайлы жағдай жасау;
40. Мектептер-интернаттар-колледждер, жалпы білім беретін мектептері жоқ, ауылды жерде тұратын балаларды қабылдауды қамтамасыз етеді.
41. Мектептер-интернаттар-колледждерде білім алушыларға академиялық демалыс тағайындау Заңға сәйкес жүзеге асырылады
42. Мектептер-интернаттар-колледждер білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымның оқу-тәрбие процесінде, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметтінде дербес.
43. Медициналық персонал - оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, алдын-алу іс-шараларын өткізу, мектептер-интернаттар-колледждердің санитарлы-гигиеналық жағдайын қадағалау, оқушылардың тәуліктік мекендеуін есепке ала отырып, гигиенаға негізделген жұмыс кестесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
44. Мектептер-интернаттар-колледждерді сәйкес құрал материалды техникалық жабдықтау заңға сәйке жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |