Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша



бет1/33
Дата05.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#25110
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33


ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 8827 тіркелген)


Жалпы білім беру ұйымдарының
(бастауыш, негізгі орта және жалпы
орта білім беру) түрлері бойынша
қызметінің үлгілік қағидаларын
бекіту туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 44-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім беру деңгейлері бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Халықаралық мектептер қызметінің үлгілік қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Біріктірілген білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет