Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша


Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдары қызметінің



бет6/33
Дата05.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#25110
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдары қызметінің
үлгілік қағидалары



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдарының үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 маусымдағы Заңына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.


2. Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдарының негізгі түрлері мыналар болып табылады:
1) Гимназия - білім алушылардың бейiмділiгi мен қабiлеттерiне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және басқа бағыттар бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін және қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.
2) Лицей – оқушылардың бейiмділiгi мен қабiлеттерiне сәйкес кеңейтілген және тереңдетілген жаратылыстану-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негiзгi орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін және қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.
3) Бейіндік мектеп – жалпы орта білімнің білім беру оқу бағдарламасын іске асыратын оқу орны.
Бейінді оқыту – оқытуды дифференциациялау және жекешелендіру, білім алушылардың қызығушылықтарын, бейімдері мен қабілеттерін есепке ала отырып білім беру процесін ұйымдастыру процесі. Бейінді оқыту бейіндік мектепте, бейінді сыныптарда іске асырылады.
3. Осы Қағидалар меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан гимназиялар, гимназия сыныптары бар жалпы орта білім беретін мектептер үшін үлгілік болып табылады.
4. Гимназияның негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1) жоғары деңгейлі мәдениеттi, қоғам өмiрiне бейiмделген, кәсiптік білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және меңгеруге дайын зияткер тұлғаны қалыптастыру;
2) жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеру үшін неғұрлым қабілетті және дайындығы бар оқушыларға оңтайлы жағдай жасау.
5. Гимназия жалпы орта білім беретін 1-11(12) сыныптар базасында келесі құрылым бойынша ұйымдастырылады:
1) бастауыш білім беру деңгейі (бастауыш мектептің 1-4 сыныптары) оқу қызметiнiң негiзгi дағдысы мен машығын, теориялық ойлау элементтерiн, өзiн-өзi бақылау және өзiн-өзi түзету дағдысын меңгеруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ баланың жеке қабiлетiн анықтауға бағытталған;
2) негізгі орта білім беру деңгейі (негiзгi мектептiң 5-9 (10) сыныптары) базалық дайындықпен қатар оқушының бейіналды дайындығын қамтамасыз ететін негізгі мектептің негiзгi және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушы тұлғасының қалыптасуын қамтамасыз етедi. Осы сатыда ішкі және сыртқы дифференциация негізінде оқушының базалық дайындығының аяқталуын қамтамасыз етеді;
3) жалпы орта білім беру деңгейі (10-11(12) сыныптар) оқытудың бейіндік бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушының жалпы орта білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етеді.
Гимназияның негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі ұйымдары дербес білім беру мекемелері ретінде жұмыс істей алады.
6. Гимназиялар жоғары біліктi педагогикалық мамандар, қажеттi ғылыми-әдiстемелiк, оқу, материалдық жағдайлар болған жағдайда дербес, жалпы орта білім беретін мектептердің құрамында немесе тиісті бейіндегі жоғары оқу орындарының жанында құрылады.
Гимназия мынадай бейінде болады: гуманитарлық, лингвистикалық, эстетикалық, сондай-ақ көп бейінді.
7. Гимназия Жарғысын гимназия кеңесі (педагогикалық кеңес) қабылдайды және жергілікті атқарушы биліктің білім беруді басқару органдары бекітеді.
8. Гимназия базасында ғылыми-әдістемелік ұсынымдарға, жаңа үлгідегі оқу-тәрбие мекемелерінің модельдеріне, оқу қызметін ұйымдастырудың құрылымдары, мазмұны мен нысандарына тәжірибелік тексеру жүзеге асырылады.
9. Лицейдің негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:
1) жоғары деңгейлі мәдениеттi, қоғам өмiрiне бейiмделген, кәсiптік білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және меңгеруге дайын зияткер тұлғаны қалыптастыру;
2) жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеру үшін неғұрлым қабілетті және дайындығы жоғары оқушыларға оңтайлы жағдай жасау;
3) оқушыларды кәсіптік оқытуға бағдарланған пәндер бойынша дайындау.
10. Лицей жалпы орта білім беретін мектептің 1-11 (12) сыныптарының базасында келесі құрылым бойынша ұйымдастырылады:
1) бастауыш білім беру деңгейі (бастауыш мектептің 1-4 сыныптары) оқу қызметiнiң негiзгi дағдысы мен машығын, теориялық ойлау элементтерiн, өзiн-өзi бақылау және өзiн-өзi түзету дағдысын меңгеруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ баланың жеке қабiлетiн анықтауға бағытталған;
2) негізгі орта білім беру деңгейі (негiзгi мектептiң 5-9 (10) сыныптары) базалық дайындықпен қатар оқушының бейіналды дайындығын қамтамасыз ететін негізгі мектептің негiзгi және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушы тұлғасының қалыптасуын қамтамасыз етедi;
3) жалпы орта білім беру деңгейі (10-11(12) сыныптар) оқытудың бейіндік бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушының жалпы орта білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етеді.
11. Лицейлер жоғары біліктi педагогикалық мамандар, қажеттi ғылыми-әдiстемелiк, оқу, материалдық жағдайлар болған жағдайда дербес, жалпы орта білім беретін мектептердің құрамында немесе тиісті бейіндегі жоғары оқу орындарының жанында құрылады.
12. Лицейдің Жарғысын лицей кеңесі (педагогикалық кеңес) қабылдайды және жергілікті атқарушы биліктің білім беруді басқару органдары бекітеді.
13. Лицей базасында ғылыми-әдістемелік ұсынымдарға, жаңа үлгідегі оқу-тәрбие мекемелерінің модельдеріне, оқу қызметін ұйымдастырудың құрылымдары, мазмұны мен нысандарына тәжірибелік тексеру жүзеге асырылады.
14. Бейіндік мектептің негізгі мақсаттары:
1) оқушыларға тиісті бағыттар бойынша жеке білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін беру;
2) жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жалпы орта білім беру мазмұнының дифференциациялануын, интеграциялануын және кәсіби бағдарлануын қамтамасыз ету.
15. Бейіндік мектептің міндеттері:
1) кәсіптік оқытуға бағытталған пәндер бойынша оқушыларды дайындау арқылы оқытудың алдағы траекториясын анықтау;
2) оқушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында анықталған оқу пәндерінің базалық деңгейін арттыра отырып бейінді пәндер бойынша оқыту;
3) оқушыларды тиісті бейіндегі жоғары білім алуға бағыттау;
4) жоғары деңгейлі мәдениеттi, қоғам өмiрiне бейiмделген, кәсiптік білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және меңгеруге дайын зияткер тұлғаны қалыптастыру.
16. Бейіндік мектеп бағыттар бойынша білім беру оқу бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушының жалпы білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етеді.
17. Бейіндік мектептің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтайды.
18. Бейіндік мектепті құру және тарату жергілікті атқарушы органның құзырына жатады.
19. Бейіндік мектептің базасында ғылыми-әдістемелік ұсынымдарға, жаңа үлгідегі оқу-тәрбие мекемелерінің модельдеріне, оқу қызметін ұйымдастырудың құрылымдары, мазмұны мен нысандарына сынақ жүзеге асырылады.
20. Бейіндік мектеп тұлға, қоғам, мемлекет мүдделері үшін оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады, денсаулықты сақтауды және тұлғаның жан-жақты дамуына қолайлы жағдайлар жасауды, оның ішінде білім алушылардың өздігінен білім алуға және қосымша білім алуға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
21. Гимназиялар мен лицейлерге қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
22. Оқушыларды қабылдау, сыныптан-сыныпқа көшіру, оқудан шығару оқу үлгерімінің нәтижесі бойынша (рейтингілік балмен) гимназия, лицей кеңесінің (педагогикалық кеңес) шешіміне және гимназия, лицей Жарғысына сәйкес жүргізіледі.
23. Оқудан шығарылған оқушылар мектеп-гимназияның, мектеп-лицейдің жалпы білім беретін сыныптарында оқуын жалғастырады немесе аудандық (қалалық) білім бөлімімен тұрғылықты жері бойынша жалпы білім беретін мектепке ауысады.
24. Білім алушылар үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің және экстернат нысанында оқу тәртібі Заңмен анықталады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет