Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 18 қазанда № 8827 тіркелді
Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 44-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім беру деңгейлері бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Халықаралық мектептер қызметінің үлгілік қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Біріктірілген білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 375 бұйрығына 1-қосымша
Білім беру деңгейлері бойынша білім беру ұйымдары
қызметінің үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Білім беру деңгейлері бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жалпы білім беретін мектептер (бұдан әрі – мектептер) қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) бастауыш мектеп – бастауыш білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
2) негізгі орта мектеп – бастауыш және негізгі орта білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
3) жалпы білім беретін мектеп - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
4) бейін алды даярлық - білім алушының жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау.
3. Мектептердің негізгі міндеттері:
1) құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайлар жасау;
2) білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген базистік ғылым негіздерін алуын қамтамасыз ету;
3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкiндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;
4) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;
5) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
6) отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу.
4. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлері:
1) бастауыш;
2) негізгі орта;
3) жалпы білім беретін мектептерде іске асырылады.
5. Мектеп үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі буыны болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының (бұдан әрі - МЖБС) шегінде тегін орта білім алуға мемлекеттік кепілдендірілген құқық және мүмкіндік ұсынады.
2. Мектептердің қызметінің тәртібі
6. Мектепке қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Мектеп жергiлiктi атқарушы органның ұсынысы бойынша, бекітілген аумақ шегiнде мектепке дейiнгi жастағы және мектеп жасындағы балаларды дербес (аты-жөні бойынша) есепке алуды жүргiзедi.
8. Мектептің персоналын жинақтау тәртібі оның жарғысымен және Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасымен регламенттеледi.
9. Мемлекеттік мектептерде штат саны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына сәйкес белгіленеді.
10. Мектепке педагогикалық жұмысқа мамандығы бойынша біліктiлiк сипаттамасының талаптарына сәйкес келетiн және білімi туралы мемлекеттік үлгiдегi құжаттармен расталған қажеттi кәсiптiк-педагогикалық біліктiлiгi бар тұлғалар қабылданады.
11. Мемлекеттік мектептерде білім алушыларды оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. Мектеп екіжақты халықаралық келісімдердің негізінде шетелдiк білім беру ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тiкелей байланыстар орната, ынтымақтастық туралы екіжақты және көпжақты шарттар жасай, білім беру саласындағы халықаралық үкiметтiк емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кiре алады.
13. Мектептегі білім берудiң мазмұны МЖБС-ға сәйкес әзiрленетiн және iске асырылатын жұмыс бағдарламаларымен және оқу жоспарларымен айқындалады.
Базистiк оқу жоспарының вариативтік бөлiгiнiң құрамына кiретiн және нақты ұйымның ерекшелігін көрсететiн оқу пәндерi бойынша оқу жұмыс жоспарын және бағдарламаларын әзiрлеудi мектеп дербес жүзеге асыруға құқылы.
14. Мемлекеттік емес мектепте жылдық күнтізбелiк оқу кестесi оның жарғысымен айқындалады.
15. Мектептегі сабақтар кестесін оның басшысы не оны алмастыратын тұлға бекітеді.
Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реті көрсетіледі.
Мектептегі сабақ кестесі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілістерді көздейді.
16. Мектептің барлық түрлерінің оқушылары үшін сабақтар арасындағы үзілістер ұзақтығы кемінде 10 минутты, үлкен үзіліс (2 немесе 3 сабақтан кейінгі) 30 минутты құрайды: бір үлкен үзілістің орнына 2 және 3 сабақтан соң әрқайсысы 20 минуттан екі рет үзіліс жасауға жол беріледі.
17. Мектептегі сабақтың ұзақтығы 45 минуттан аспауы тиіс. Бірінші сыныптарда бірте-бірте оқу жүктемесін арттыра отырып, «сатылы» оқу сабақтары үшін пайдаланады. Қыркүйекте 35 минуттан 3 сабақ; екінші тоқсаннан бастап 35 минуттан 4 сабақ; екінші жартыжылдықтан бастап сабақтар 45-минуттан жоспарланады. Еңбек сабағынан басқа біріккен сабақтарға жол берілмейді. Бірінші сынып оқушылары үшін бір жыл ішінде қосымша бір апталық демалыстар ұйымдастырылады.
Мектептерде оқу сабақтары сағат сегізден ерте басталмайды. Оқу аптасының ұзақтығына қарамастан оқушылардың күндізгі оқу жүктемесі бастауыш сыныпта бес сабақтан және негізгі мектепте жеті сабақтан, жоғары сыныптарда сегіз сабақтан аспайды.
18. Мектептерде қажет болған жағдайда мектепке дейiнгі шағын орталықтар және бір жылдық мектепалды сыныптар, гимназия, лицей және бейінді сыныптар ашылады.
19. Мектепке дейінгі шағын орталықтарда және мектеп алды сыныптарда білім беру процесі мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерекше қызмет түрлерін: ойындар, құрастырулар, сурет салу, музыка, театрландыру және басқа да қызметтерді ескере отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ балаға жеке тұрғыда қарауды, олардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып түрлі топтарда жұмыс жасауды іске асыруды қарастырады.
20. Бастауыш мектеп негізгі және орта мектептің құрамында немесе қажетті материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және кадрлық ресурстары бар болған жағдайда жеке мектеп ретінде жұмыс істейді және Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамаларында белгіленген тәртіпте тіркеледі.
21. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (1-деңгей) баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.
22. Бастауыш мектепте директор лауазымы 8 немесе одан көп сынып-комплекті және кемінде 240 оқушы болған жағдайда белгіленеді.
23. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (2-деңгей) білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады.
Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы білім алушылардың бейін алды даярлығын қамтиды.
24. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (3-деңгей) жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып саралау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.
3. Мектептердің қызметін қаржылық қамтамасыз ету
25. Мектептердің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексінде белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
26. Гимназиялардың, лицейлердің педагогикалық қызметкерлеріне ғылыми дәрежесі үшін мынадай қосымша ақы белгіленеді:
1) ғылым кандидаты үшін – бір айлық ең төменгi жалақы мөлшерiнде;
2) ғылым және PhD докторлары үшін – екi айлық ең төменгi жалақы мөлшерiнде.
27. Оқу пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептерге әр сыныпқа 4 сағат есебінен факультативтерді және оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыруға қаржы бөлінеді.
28. Мемлекеттік мектептерде ақылы білім беру қызметі бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі шеңберінде және оның орнына көрсетіледі.
4. Мектепті басқару
29. Мектеп өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Қағидаларды және мектептің жарғысын басшылыққа алады.
Мектепті тікелей басқаруды құрылтайшы тағайындаған директор жүзеге асырады.
30. Мектеп директоры Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады, сонымен қатар үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.
31. Мектептерде алқалы басқару органдары құрылады.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 375 бұйрығына 2-қосымша
Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдары қызметінің
үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдарының үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 маусымдағы Заңына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдарының негізгі түрлері мыналар болып табылады:
1) Гимназия - білім алушылардың бейiмділiгi мен қабiлеттерiне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және басқа бағыттар бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін және қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.
2) Лицей – оқушылардың бейiмділiгi мен қабiлеттерiне сәйкес кеңейтілген және тереңдетілген жаратылыстану-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негiзгi орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін және қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.
3) Бейіндік мектеп – жалпы орта білімнің білім беру оқу бағдарламасын іске асыратын оқу орны.
Бейінді оқыту – оқытуды дифференциациялау және жекешелендіру, білім алушылардың қызығушылықтарын, бейімдері мен қабілеттерін есепке ала отырып білім беру процесін ұйымдастыру процесі. Бейінді оқыту бейіндік мектепте, бейінді сыныптарда іске асырылады.
3. Осы Қағидалар меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан гимназиялар, гимназия сыныптары бар жалпы орта білім беретін мектептер үшін үлгілік болып табылады.
4. Гимназияның негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1) жоғары деңгейлі мәдениеттi, қоғам өмiрiне бейiмделген, кәсiптік білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және меңгеруге дайын зияткер тұлғаны қалыптастыру;
2) жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеру үшін неғұрлым қабілетті және дайындығы бар оқушыларға оңтайлы жағдай жасау.
5. Гимназия жалпы орта білім беретін 1-11(12) сыныптар базасында келесі құрылым бойынша ұйымдастырылады:
1) бастауыш білім беру деңгейі (бастауыш мектептің 1-4 сыныптары) оқу қызметiнiң негiзгi дағдысы мен машығын, теориялық ойлау элементтерiн, өзiн-өзi бақылау және өзiн-өзi түзету дағдысын меңгеруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ баланың жеке қабiлетiн анықтауға бағытталған;
2) негізгі орта білім беру деңгейі (негiзгi мектептiң 5-9 (10) сыныптары) базалық дайындықпен қатар оқушының бейіналды дайындығын қамтамасыз ететін негізгі мектептің негiзгi және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушы тұлғасының қалыптасуын қамтамасыз етедi. Осы сатыда ішкі және сыртқы дифференциация негізінде оқушының базалық дайындығының аяқталуын қамтамасыз етеді;
3) жалпы орта білім беру деңгейі (10-11(12) сыныптар) оқытудың бейіндік бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушының жалпы орта білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етеді.
Гимназияның негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі ұйымдары дербес білім беру мекемелері ретінде жұмыс істей алады.
6. Гимназиялар жоғары біліктi педагогикалық мамандар, қажеттi ғылыми-әдiстемелiк, оқу, материалдық жағдайлар болған жағдайда дербес, жалпы орта білім беретін мектептердің құрамында немесе тиісті бейіндегі жоғары оқу орындарының жанында құрылады.
Гимназия мынадай бейінде болады: гуманитарлық, лингвистикалық, эстетикалық, сондай-ақ көп бейінді.
7. Гимназия Жарғысын гимназия кеңесі (педагогикалық кеңес) қабылдайды және жергілікті атқарушы биліктің білім беруді басқару органдары бекітеді.
8. Гимназия базасында ғылыми-әдістемелік ұсынымдарға, жаңа үлгідегі оқу-тәрбие мекемелерінің модельдеріне, оқу қызметін ұйымдастырудың құрылымдары, мазмұны мен нысандарына тәжірибелік тексеру жүзеге асырылады.
9. Лицейдің негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:
1) жоғары деңгейлі мәдениеттi, қоғам өмiрiне бейiмделген, кәсiптік білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және меңгеруге дайын зияткер тұлғаны қалыптастыру;
2) жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеру үшін неғұрлым қабілетті және дайындығы жоғары оқушыларға оңтайлы жағдай жасау;
3) оқушыларды кәсіптік оқытуға бағдарланған пәндер бойынша дайындау.
10. Лицей жалпы орта білім беретін мектептің 1-11 (12) сыныптарының базасында келесі құрылым бойынша ұйымдастырылады:
1) бастауыш білім беру деңгейі (бастауыш мектептің 1-4 сыныптары) оқу қызметiнiң негiзгi дағдысы мен машығын, теориялық ойлау элементтерiн, өзiн-өзi бақылау және өзiн-өзi түзету дағдысын меңгеруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ баланың жеке қабiлетiн анықтауға бағытталған;
2) негізгі орта білім беру деңгейі (негiзгi мектептiң 5-9 (10) сыныптары) базалық дайындықпен қатар оқушының бейіналды дайындығын қамтамасыз ететін негізгі мектептің негiзгi және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушы тұлғасының қалыптасуын қамтамасыз етедi;
3) жалпы орта білім беру деңгейі (10-11(12) сыныптар) оқытудың бейіндік бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушының жалпы орта білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етеді.
11. Лицейлер жоғары біліктi педагогикалық мамандар, қажеттi ғылыми-әдiстемелiк, оқу, материалдық жағдайлар болған жағдайда дербес, жалпы орта білім беретін мектептердің құрамында немесе тиісті бейіндегі жоғары оқу орындарының жанында құрылады.
12. Лицейдің Жарғысын лицей кеңесі (педагогикалық кеңес) қабылдайды және жергілікті атқарушы биліктің білім беруді басқару органдары бекітеді.
13. Лицей базасында ғылыми-әдістемелік ұсынымдарға, жаңа үлгідегі оқу-тәрбие мекемелерінің модельдеріне, оқу қызметін ұйымдастырудың құрылымдары, мазмұны мен нысандарына тәжірибелік тексеру жүзеге асырылады.
14. Бейіндік мектептің негізгі мақсаттары:
1) оқушыларға тиісті бағыттар бойынша жеке білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін беру;
2) жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жалпы орта білім беру мазмұнының дифференциациялануын, интеграциялануын және кәсіби бағдарлануын қамтамасыз ету.
15. Бейіндік мектептің міндеттері:
1) кәсіптік оқытуға бағытталған пәндер бойынша оқушыларды дайындау арқылы оқытудың алдағы траекториясын анықтау;
2) оқушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында анықталған оқу пәндерінің базалық деңгейін арттыра отырып бейінді пәндер бойынша оқыту;
3) оқушыларды тиісті бейіндегі жоғары білім алуға бағыттау;
4) жоғары деңгейлі мәдениеттi, қоғам өмiрiне бейiмделген, кәсiптік білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және меңгеруге дайын зияткер тұлғаны қалыптастыру.
16. Бейіндік мектеп бағыттар бойынша білім беру оқу бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушының жалпы білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етеді.
17. Бейіндік мектептің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтайды.
18. Бейіндік мектепті құру және тарату жергілікті атқарушы органның құзырына жатады.
19. Бейіндік мектептің базасында ғылыми-әдістемелік ұсынымдарға, жаңа үлгідегі оқу-тәрбие мекемелерінің модельдеріне, оқу қызметін ұйымдастырудың құрылымдары, мазмұны мен нысандарына сынақ жүзеге асырылады.
20. Бейіндік мектеп тұлға, қоғам, мемлекет мүдделері үшін оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады, денсаулықты сақтауды және тұлғаның жан-жақты дамуына қолайлы жағдайлар жасауды, оның ішінде білім алушылардың өздігінен білім алуға және қосымша білім алуға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
21. Гимназиялар мен лицейлерге қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
22. Оқушыларды қабылдау, сыныптан-сыныпқа көшіру, оқудан шығару оқу үлгерімінің нәтижесі бойынша (рейтингілік балмен) гимназия, лицей кеңесінің (педагогикалық кеңес) шешіміне және гимназия, лицей Жарғысына сәйкес жүргізіледі.
23. Оқудан шығарылған оқушылар мектеп-гимназияның, мектеп-лицейдің жалпы білім беретін сыныптарында оқуын жалғастырады немесе аудандық (қалалық) білім бөлімімен тұрғылықты жері бойынша жалпы білім беретін мектепке ауысады.
24. Білім алушылар үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің және экстернат нысанында оқу тәртібі Заңмен анықталады.
2. Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымы қызметінің тәртібі
25. Жалпыға міндетті негізгі және қосымша бағдарламалардың меңгерілуін іске асыратын гимназия мен лицейлерде, бейіндік мектептерде оқу және тәрбие процесін ұйымдастыру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленген оқу бағдарламаларына, оқу жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
26. Гимназия, лицей және бейіндік мектептердің жеке оқу жоспарларын білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді және өңірлік білім басқармаларымен (бөлімімен) келісіледі.
27. Вариативті оқу бағдарламалары және гимназияның кәсіптік бағытталған арнайы курстары жоғары оқу орындарының тиісті кафедраларымен келісіледі.
Гимназиялық компонент:
1) әрбір гимназияның жеке таңдауымен бейіндік оқытуды, жеке дамыту бағдарламасын, инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын пайдаланумен;
2) гимназияның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін жаңа оқу бағдарламаларын, бейіндік пәндерді енгізумен қамтамасыз етіледі.
28. Гимназия мен лицей сыныптарында оқушылар саны 25 адамнан аспауы қажет.
Сыныптар мемлекеттік, орыс және шет тілдерін, информатика және есептеу техникасы, ырғақ, дене шынықтыру, еңбекке баулу пәндерін оқығанда, сондай-ақ бейіндік пәндер бойынша зертханалық, практикалық жұмыстар жүргiзгенде 2 топқа бөлiнедi.
29. Гимназиялардың және лицейлердің вариативтік және кәсіптік бағдарланған арнайы курстарының оқу бағдарламалары жоғары оқу орындарының тиісті кафедраларымен келісіледі.
Лицей компоненті:
1) әрбір лицейдің жеке таңдауымен бейіндік оқытуды, жеке дамыту бағдарламасын, инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын пайдаланумен;
2) лицейдің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін жаңа оқу бағдарламаларын, бейіндік пәндерді енгізумен қамтамасыз етіледі.
30. Гимназияларда, лицейлер мен бейіндік мектептерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және оларды басқару осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
31. Оқуда жоғары нәтижеге жеткен, шығармашылық және ғылыми-зерттеу қызметіне бейімділік танытқан оқушыларға лицей қорынан, жоғары оқу орындарынан түскен және басқа да қаражаттан стипендия тағайындалады.
32. Гимназияда, лицейде, бейіндік мектепте білім деңгейiн, оқу мерзiмiн, оқуға төленетiн ақы көлемін, басқа да жағдайларды анықтайтын гимназия мен білім алушылардың, тәрбиеленушiлердiң, олардың ата-аналарының (заңды өкiлдердiң) арасындағы шартпен реттелетiн оқу жоспарының пәндері бойынша оқушылардың жеке жұмысын ауыстырмайтын ақылы қосымша білім беру қызметін ұйымдастыру мүмкiн.
33. Оқушылардың сабақтан тыс қызметі клубтарда, ғылыми қоғамдарда, жоғары оқу орындарының әртүрлі зертханаларында және басқа да бірлестіктерде жүзеге асырылады.
34. Гимназияда, лицейде және бейіндік мектепте оқу жоспарларын, сабақ кестелерін жасау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің құрылымы мен оны ұстау бойынша санитариялық ережелер мен нормаларды сақтау қажет.
35. Гимназия, лицей, бейіндік мектеп үлгілік штат негізінде құрылған жеке штаттық кесте бойынша жұмыс істейді.
36. Гимназияға, лицейге, бейіндік мектепке жалпы басшылықты құрамына тиісті жоғары оқу орнының өкілдері кіретін гимназияның Кеңесі немесе педагогикалық кеңесі жүзеге асырады.
37. Гимназия, лицей және бейіндік мектепті тікелей басқаруды мемлекеттік меншік нысаны жағдайында тиісті білім беруді басқару органы тағайындайтын білім беру ұйымының басшысы жүзеге асырады.
38. Оқушыларды қабылдауды, мінез-құлықты дамыту мен түзету жағдайын бақылауды ұйымдастыру үшін еңбекақы төлеу қорында тиісті жылға қарастырылған есепте және шекте психологиялық-талдамалық қызмет құрылады.
39. Бейіндік мектептердің оқу жоспарлары жеке өзіндік дамуды, коммуникативті қабілеттерді, ақпараттар мен технологияларды қолдануды, мәселелерді шешуді, тапқырлық пен шығармашылықты қалыптастыратын білім алудағы дербестікті қамтамасыз ететін білім берудің вариативтілігін қарастырады.
40. Үлгілік оқу жоспарының вариативті компонентін іске асыратын қолданбалы курстардың және таңдау бойынша курстардың оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган бекітеді.
41. Бейіндік мектепте оқу-тәрбие процесі оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау және оның іске асырылуын бақылау негізінде ұйымдастырылады.
42. Бейінді пәндерді жүргізу кезінде сынып оқушыларының саны қалалық бейіндік мектептерде 25 және одан көп, ауылдық бейіндік мектептерде 20 және одан көп болса, сыныпты екі топқа бөлу жүзеге асырылады.
43. Таңдау бойынша курстарды жүргізу кезінде білім алушылар тобы жеке 11 және 12-сынып білім алушыларының санынан жинақталады.
44. Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларының толық көлемде уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуі керек. Бейіндік мектепте оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің жоспарын және сабақтар кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.
45. Бейіндік мектептегі тәрбие жұмыстарының жүйесі отансүйгіштікті, азаматтықты, этникааралық толеранттылықты, жоғары адамгершілік пен өнегелікті қалыптастыруға, сондай-ақ функционалды сауаттылықты, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.
46. Оқытудың формалары мен әдістері білім беру нәтижелеріне қол жеткізудің сәттілігін, алынған білімдерді оқу және практикалық қызметте қолдану қабілетін қамтамасыз ететін логикалық, сыни және құрылымдық ойлауды қалыптастыруға бағытталған.
47. Оқу-тәрбие процесі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің адами қасиеттерін өзара сыйлау негізінде жүзеге асырылады.
48. Бейіндік мектептер сынып ұжымын фронтальды оқыту формасынан интерактивті, инновациялық, жобалау-зерттеу технологияларын, сандық инфрақұрылымды пайдалана отырып, әр оқушының жеке білім алу траекториясын іске асыруға көшуді қамтамасыз етеді.
49. Бейіндік мектептер Заңға және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, мамандарды іріктеу мен орналастыруда, ғылыми, қаржылық-шаруашылық және басқа да қызметтерді іске асыруда дербес болып табылады.
50. Бейіндік мектептер білім алушылардың ата-аналарын (заңды өкілдерін) оқу-тәрбие процесінің барысымен және мазмұнымен, сондай-ақ білім алушылардың үлгерімімен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.
51. Бейіндік мектептегі жалпы орта білім беру мазмұны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі - МЖБС) талаптарына сәйкес анықталады.
52. Жарғылық мақсаттар мен міндеттерге сәйкес бейіндік мектеп ақылы негізде ақылы қызметтерді көрсету туралы келісім жасай отырып, қосымша білім беру бағдарламаларын ұсынуға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес МЖБС талаптарынан тыс қосымша білім беру қызметтерін көрсетуге құқылы.
53. Бейіндік мектептерде алқалық басқару органдары құрылады. Алқалық басқару нысандары: қамқоршылық кеңес, педагогикалық, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңестер, ата-аналар комитеті және т.б. болып табылады.
54. Бейіндік мектептің ұйымдастыру құрылымы, басқару жүйесі және барлық қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мектептің білім беру үлгісінің ерекшеліктеріне сәйкес әзірленеді.
55. Бейіндік мектепте жұмыс істеу үшін педагогикалық ұжым жоғары білікті педагогтерден: жоғары санатты мұғалімдерден, магистрлерден, сондай-ақ ғылым кандидаттары мен докторлардан құралады.
3. Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдарының құқықтық
Достарыңызбен бөлісу: |