қызмет қағидалары
29. Қосымша білім беретін мектеп-орталық -бұл құрылымдық бөлімшесінде қосымша білім беру орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп.(бұдан әрі-Орталық)
30. Орталық қызметінің мақсаты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын жүзеге асыру.
31. Аталған мақсатты жүзеге асыруда Орталықтың негізгі міндеттері:
1) ұлттық және қоғамдық құндылық негізінде жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін жағдай жасау,ғылыми және әдістемелік жетістіктерге жеткізу;
2) білім алушыларды кәсіби-бағдарлық жұмыспен қамтамасыз ету;
3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани, дене бітімінің мүмкіндіктерін дамыту, олардың қабілеттерін ашу;
4) адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралығын дамыту үшін жағдай жасау арқылы зердесін байыту;
5) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;
6) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
7) балаларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, оларды табиғатты қорғау қызметіне тарту;
8) қоғамдық өмірге бейімдеу;
9) бос уақытын мағыналы өткізуді ұйымдастыру;
10) оқушылардың оқуы үшін қауіпсіз және ыңғайлы жағдай жасау;
32. Орталық 1-11 сыныптардың сынып жетекшілерін, педагог-ұйымдастырушыларды, әлеуметтік педагогті, қосымша білім беретін педагогтарды және оқушыларды біріктіреді. Орталықты басқару жұмысын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары атқарады.
33. Орталықтың жұмысы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқу жылына құрған мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес құрылады және мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.
34. Орталық сабақтан тыс уақытта клубтар, студиялар, үйірмелер, секциялар ұйымдастырады.
35. Орталықтың жоспарлаған жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) тәрбие бағыты бойынша: денешынықтыру-спорттық, туристік-өлкетанымдық, көркем-эстетикалық, табиғи-ғылыми, экологиялық-биологиялық, әскери-отаншылдық;
2) бейіндік бағыт бойынша: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық.
36. Орталық барлық мектептерге қызмет етеді, барлық қалаушылар үшін, сондай-ақ өзге мектептердің оқушылары үшін де есігі ашық.
4. Мектептер-интернаттар-колледждер қызметтерінің қағидалары
37. Мектептер-интернаттар-колледждер жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беретін, жататын орнымен қамтамасыз ететін дербес заңды тұлға болып табылады.
38. Мектептер-интернаттар-колледждердің негізгі мақсаты:
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, кәсіптік және техникалық жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыру.
39. Мектептер-интернаттар-колледждердің негізгі мақсатын жүзеге асыруда келесі міндеттерді атқарады:
1) ұлттық және қоғамдық құндылық негізінде жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін жағдай жасау,ғылыми және әдістемелік жетістіктерге жеткізу;
2) кәсіби бағытта оқушыларды жұмыспен қамсыздандыру;
3) нарықтық еңбек талаптарына сай өндірісте оқыту, теориялық білім мен өндіріс арасындағы қарым-қатынасты байланыстыра отырып, білім жүйесін дамыту;
4) еңбек нарқы және қоғамдық талаптардың өзгеруіне байланысты заманауи бейімделуге себеп болатын, білімде жаңа технологияларды тиімді қолдану және енгізу;
5) оқушылардың интернатта тұруына қауіпсіз және ыңғайлы жағдай жасау;
40. Мектептер-интернаттар-колледждер, жалпы білім беретін мектептері жоқ, ауылды жерде тұратын балаларды қабылдауды қамтамасыз етеді.
41. Мектептер-интернаттар-колледждерде білім алушыларға академиялық демалыс тағайындау Заңға сәйкес жүзеге асырылады
42.Мектептер-интернаттар-колледждер білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымның оқу-тәрбие процесінде, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметтінде дербес.
43. Медициналық персонал - оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, алдын-алу іс-шараларын өткізу, мектептер-интернаттар-колледждердің санитарлы-гигиеналық жағдайын қадағалау, оқушылардың тәуліктік мекендеуін есепке ала отырып, гигиенаға негізделген жұмыс кестесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
44. Мектептер-интернаттар-колледждерді сәйкес құрал материалды техникалық жабдықтау заңға сәйкес жүзеге асырылады.
5. Оқу-сауықтыру орталықтар (кешен) қызметінің қағидалары
45. Оқу-сауықтыру орталықтарының қызметі (бұдан әрі - ОСО) - баланың жеке тұлға ретінде толық дене бітімінің, психологиялық және рухани-адамгершілік дамуына жағдай жасауға бағытталған.
46. Ауысым ұзақтығы 15 және 20 күнді құрайды.
47. ОСО оқу процесіне қатысушылар - шығармашыл балалар, ұлтаралық, республикалық, аймақаралық, қалалық мектеп олимпиадаларының жеңімпаздары, шығармашылық байқауының қатысушылары, медициналық және педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар (басқа да жас өспірімдердің заңды өкілдіктері).
48. ОСО мақсаты:
денсаулық сақтау, білім, тәрбиелеу саласында бала құқығын, жеке тұлғаны дамыту және кәсібін анықтауды қамтамасыз ету.
49. Жоғарыда көрсетілген ОСО мақсатын жүзеге асыру үшін орындалатын келесі міндеттер:
1) қоғам өміріне балалардың әлеуметтік бейімдеу, еңбек және басқа өмір дағдыларын қалыптастыру;
2) балаларды тәрбиелеуде құқық бұзушылық пен қылмыстықтарды, жағымсыз әдеттерді, инфекциялық және басқа ауруларды алдын алу, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру;
3) мәдени әлемдік көзқарас, белсенді азамматтық ұстанымды қалыптастыру;
4) ғылыми-техникалық, көркем шығармашылықта, спортта, туризмде, өлкетану мен басқа да танымдық әрекеттерде инженерлік-техникалық құзыреттілікті арттыру және тереңдету.
5) өмірлік дағдыларды тәжірибеде қолдану.
50. ОСО қызметінің нысаны:
1) сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша кешендік шараларды жүзеге асыру;
2) жасөспірімдер мен балаларды сауықтыру және белсенді демалуы;
3) жасөспірімдер мен балалардың демалуында, сауықтандыру уақыты кезеңінде білімдік бағдарламаларды игеруі үшін қажетті жағдай жасау;
4) ОСО балалардың халықаралық және республикалық мәдени-бұқаралық, спорттық, ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар және басқа да жұмыс түрлерін жүргізеді.
51. ОСО жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртіптемесінің ережесімен бекітіледі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшылық туғызбауы керек.
52. ОСО материалдық-техникалық базасының дамуы мен құрылуы құрылтайшылардың қаржылық шотынан, ақылы қызмет көрсету негізінде түскен түсімнен жүзеге асырылады.
53. Оқушылардың әлеуметтік бейімделу және білім беру процесінің үйлесімділігі мақсатында ОСО-нда әлеуметтік педагогикалық, психологиялық және медициналық қызмет құрылады.
54. Балаларды медициналық көмек көрсетумен қамсыздандыру ОСО басшысына жүктеледі. ОСО-да медициналық қызметкерлердің қызметіне қажетті жағдайлар туғызу мен бөлме беру, сонымен қатар балалардың денсаулығын нығайту және қорғау мақсатындағы жұмыстарды бақылау ОСО басшысына жүктеледі.
6. Оқу-өндірістік комбинат қызметінің қағидалары
(мектепаралық, курстық)
55. Оқу-өндірістік комбинаты (мектепаралық, курстық) (бұдан әрі-Комбинат), жергілікті атқарушы органдармен қаржыландырылатын, оқушыларды мамандықты саналы түрде таңдау арқылы қоғамдық өмірге бейімделуін қамсыздандыратын, мемлекеттік білім беру ұйымы болып табылады.
56. Комбинат «Технология» пәнін оқыту барысында негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ еңбекке тәрбиелеу, кәсіптік бейімдеу, еңбекке дайындауды көздейтін қолданбалы, таңдау бойынша және қосымша оқу бағдарламаларын жүзеге асырады.
57. Комбинаттың қызметінің мақсаты:
1) оқушыларды еңбек және кәсіптік оқуына қажетті жағдайлар жасау;
2) кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізу.
58. Аталмыш мақсаттарға жету үшін комбинат мына тапсырмаларды іске асырады:
1) оқушылармен кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізу;
2) оқушылардың мүдделеріне, медициналық-физиологиялық көрсеткіштеріне, бейімділіктеріне, қызығушылығына сәйкес, экономикалық білімдер негіздерін және кәсіби бағыттануды қалыптастыру, еңбекке саналы көзқарасын тәрбиелеу, нарық жағдайындағы өмір мен еңбекке дайындау;
3) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының 7-12 сынып оқушыларының кәсіби мүдделерін айқындау, дамыту және бекіту, олардың қоғамдық пайдасы бар еңбектерін ұйымдастыру, техникалық шығармашылығын, өнертапқыштығын дамыту;
4) мемлекеттік және басқа меншік түріндегі мекемелермен келісім-шарт және өзара тиімді әріптестік негізінде өндірістік қызметті іске асыру.
59. Комбинат оқушыларды оқытуға, тәрбиелеуге, еңбек және кәсіби дайындауға қажетті жағдайлар болған жағдайда құрылтайшылар тарапынан қалаулары бойынша жергілікті атқару органдарымен құрылады.
60. Комбинаттың заңды тұлға құқығы жарғылық қаржы-шаруашылық қызметін жүргізу құқықтары мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, ал білім беру қызметін атқару лицензия алған уақыттан бастап күшіне енеді.
61. Комбинаттың оқу процесі, бекітілген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі және сабақ кестесімен реттеледі.
62. Комбинат жалпы білім беру ұйымдарымен бірлесіп және аудандық (қалалық) білім бөлімінің келісімі бойынша оқушылардың контингентін анықтайды.
63. Комбинат білім беру қызметін мына бағыттарда жүргізеді:
1) жалпы білім беру ұйымдарының 7-12 сыныптарға арналған «Технология» пәнінің стандарттарына сәйкес;
2) жалпы білім беру ұйымдарының 9-12 сынып оқушыларын кәсіптік даярлау,кәсіптік бейімдеу жұмыстарымен қамтамасыздандыру.
64. Комбинатта өз таңдауы негізінде бейіні (бағыттағы) бойынша оқыған жалпы білім беру ұйымдарының түлектерін аттестаттау қорытындысын комбинат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Мектепаралық оқу-өндірістік комбинатта мамандық бойынша біліктілік емтихандар жалпы білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттаудың басталуына екі апта қалғанға дейін аяқталу тиіс.
65. Комбинаттағы оқу процесінің қатысушылары - оқушылар, педагог және инженер-педагог қызметкерлер, өндірістік оқытудың шеберлері (нұсқаушылары), ата-аналар (немесе заңды өкілдер) болып табылады.
Елді мекенде комбинат болған жағдайда мектеп оқушылары сабақтарға қатысуға міндетті.
66. Оқушылардың, ата-аналардың, (немесе заңды өкілдердің) комбинат қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында және комбинаттың Жарғысында белгіленген.
7. Оқу-тәрбиелеу орталығы (кешені) қызметінің қағидалары
67. Оқу-тәрбиелік орталық (кешен) - бұл өз құрылымында оқу-тәрбиелік орталығы бар жапы жалпы білім беретін орта мектеп (бұдан әрі - ОТО).
68. ОТО негізгі міндеті бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білімнің жалпы білім берудегі оқу бағдарламасын жүзеге асыру.
69. ОТО жоғарыда аталғандарды жүзеге асыруда келесі міндеттерді іске асырады:
1) ұлттық және қоғамдық құндылық негізінде жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін жағдай жасау,ғылыми және әдістемелік жетістіктерге жеткізу;
2) білім алушыларды кәсіби-бағдарлық жұмыспен қамтамасыз ету;
3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани, дене бітімінің мүмкіндіктерін дамыту, олардың қабілеттерін ашу;
4) адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралығын дамыту үшін жағдай жасау арқылы зердесін байыту;
5) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;
6) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
7) қоғамдық өмірге бейімдеу;
8) бос уақытын мағыналы өткізуді ұйымдастыру;
9) оқушылардың оқуы үшін қауіпсіз және ыңғайлы жағдай жасау;
70. ОТО бір немесе бірнеше ұқсас пәндердің мұғалімдерін біріктіреді. Әдістемелік бірлестіктердің басшылары Орталыққа басшылық етеді.
71. ОТО оқушыларға сабақтан тыс тәрбиелеу жұмысын ұйымдастырады, қосымша білім береді.
72. ОТО ішінде мұғалімдер мен тәрбиешілердің әдістемелік бірлестігі жұмыс істейді.
73. Әр ОТО – ол өзіне оқу кабинеттерді, сондай ақ ОТО қызмет мазмұнына сәйкес рәсімделген рекреация мен кіреберістері бар дербес бөлімше.
74. ОТО әдістемелік, анықтамалық әдебиетпен, сөздіктермен, теле-радиоаппаратурамен жабдықталған.
8. Оқу орталығы қызметінің қағидалары
75. Оқу орталықтары-білім басқармасының электрондық оқыту аясындағы құрылым бөлімшесі.
76. Оқу орталықтарының негізгі мақсаты электронды оқытуда игеру әдістемелік басшылықты, электронды оқытуды енгізу процесін қолдау мен үйлестіруді қамтамасыз ету.
77. Орталық аталған мақсатқа қол жету үшін келесі міндеттерді жүзеге асырады:
1) электронды оқыту инфрақұрылымының қызмет етуі мен дамуын, сондай-ақ сәйкесінше территорияда үслестіруді қалыптастыру, қамтамасыз ету;
2) электронды оқыту жүйесінде ақпараттық, аналитикалық, консалтингтік қызмет түрін көрсету, интерактивті сабақ өткізу;
3) шағын кешенді мектептер мен тірек мектептерді бір білім беру кеңістігіне шоғырландыру және қашықтан оқытуда сессияаралық әрекеттесуін қамтамасыз ету.
78. Оқу орталығы оқыту-ақпараттық, көрсету залдарымен, компьютерлік сыныптармен қамсыздандырылады.
79. Оқу орталығы электронды оқудың тиімділігін жоғарлату және қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулықтар дайындайды, электронды оқу сұрақтары бойынша қажетті материалдарды белгіленген ретте білім мекемелерінен жинау және талдауды жүзеге асырады, тәжірибе алмасу бойынша басқа да ақпараттық материалдарды, электрондық оқу мәселелері бойынша нұсқаулар,электронды оқуды тиімді енгізудің жағдайы мен деңгейін зерттеп, талдау жасайды.
80. Оқу орталығының қызметі оған жүктелген міндеттерге сәйкес, дербес атқарылатын жұмыс жоспарының негізінде құрылады.
9. Біріктірілген білім беру ұйымдарын басқару
81. Педагогикалық кеңес біріктірілген білім беру ұйымдарының ұжымдық басқару формасы болып табылады.
82. Біріктірілген білім беру ұйымын тікелей директор басқарады. Біріктірілген білім беру ұйымының директоры Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте аттестациядан өтеді. Біріктірілген білім беру ұйымының директорына өзінің қызметін басқа басшылық қызметтермен ішкі және ұйымның сыртындағы жұмыстармен (ғылыми және ғылыми-әдістемелік басшылықтан басқа) қоса атқаруға рұқсат етілмейді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 375 бұйрығына 7-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Жалпы білім беретiн және мектепке дейiнгі білім ұйымдарының қызметiн регламенттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 708 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 2005 жылғы 9 тамызда № 1216 тiркелген);
2. «Жалпы білім беретiн және мектепке дейiнгі білім ұйымдарының қызметiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 10 шiлдедегi № 708 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы № 713 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 22 қарашада № 2053 тіркелген);
3. «Мектепке дейiнгi және жалпы білім беретiн білім беру ұйымдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 10 шiлдедегi № 708 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы № 729 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 24 қарашада № 2570 тіркелген, жариялануы: «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені», 2003 ж., № 37-42, 880-құжат);
4. «Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 708 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 15 қарашадағы № 716 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 8 желтоқсанда № 3966 тіркелген);
5.«Арнаулы білім беру ұйымдары туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 42 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 23 наурызда № 3510 тіркелді, жариялануы: ҚР нормативтік құқықтық актілер Бюллетені, 2005 ж. № 14, 76-құжат);
6. «Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 68 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 23 наурызда № 3511 тіркелген, жариялануы: ҚР нормативтік құқықтық актілер Бюллетені, 2005 ж. № 18, 145-құжат).
Достарыңызбен бөлісу: |