Жалпы білім беру жүйесінің алғашқы сатысы болып есептелетін мектепке дейінгі ұйымдарда және отбасында баланы мектепке дайындау бүгінгі таңда кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі


Тақырыбы: «Мектепке дейінгі тәрбиенің бүгіні мен болашағы»



бет2/2
Дата24.07.2022
өлшемі85 Kb.
#147726
1   2
Байланысты:
Тақырыбы Отбасы мен балабақша арасындағы байланыс

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі тәрбиенің бүгіні мен болашағы»
Дегенмен осы кезге дейін қоғамдық тәрбиеге баса назар аударылып және тұлғаны жан жақты қалыптасытырып дамытуда оның мектеп алды дайындығын қамтамасыз етуде балабақшаның жетекші рөліне сүйеніп келдік. . Бұл отбасы тәрбиесінің мәнісін жоғарлатып, ата-аналарға аса зор жауапкершілікті жүктейді. Ендігі жерде мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның денсаулығын нығайтып ақыл-ой адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде мектепке даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді. Отбасында баланы мектепке дайындауда оның қызығушылығы мен қабілетін дамыту, отбасындағы ересектердің (ата-әже, ата-ана, аға-апай) өмірін тәжірибелері арқылы жүзеге асырылады. Баланы отбасында мектепке дайындаудың негізгі мақсаты жаңа буын оқулықтарын мазмұнына сәйкес, оқу іс-әрекетіне дайындау, білімнің қарапайым элементтерін қамтамасыз ету арқылы ой еңбегіне, оқу әрекетін нақты міндет ретінде сезінуге даярлау.


Отбасында баланың психологиялық жас ерекшелігін білу.
Отбасында баланың әдептілік, сыпайылық, достық пен көпшілдік мейірімділік қарым қатынасын орнату, ол үшін өзінің жағымды үлгісін (мінез-құлқы, сөйлеген сөзі, киген киімі, жүріс-тұрысы т.б.) пайдалану. Отбасында баланы мектепке дайындауды қамтамасыз етудегі басты шарт баланың қарым қатынастық, тәрбие үрдісінің тұрақты да жүйелі болуын қатаң сақтау. Білім алуда, жаңаны үйренуде сабақтың маңызы үлкен екендігі жөнінде түсінік қалыптастыру. Осы түсінік негізінде сабақта белсенді болуға үйрету.


Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру (табандылық, жауаптылық, ождағаттылық, дербестік) Бұл қасиеттерді қалыптастыру үшін баланы білім мен іскерлікті игеруде қызықтыру, қолдау, үлгі көрсету арқылы ұмтылдыру, оған белгілі дәрежеде күш жұмсауына ықпал ету.


Ұлттық дәстүр негізінде тәриелеу жөнінде М.Жұмабаев өзінің
«Педагогика» атты еңбегінде бала тәрбиесімен шұғылданушы адамдарға Тәрбиедегі мақсат – баланы тәрбиелеушінің дәл өзіндей қылып шығаруы. Бұл бір. Екінші әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбиелеу туралы ескіден келе жатқан жеке жолы бар. Балалық шақтың ең әуес нәрсесі – ойын. Ол айналадан бақылап көргенін, танып қабылдаған нәрселерін ойын арқылы бейнелей көрсетеді. Сондықтан бала ойынын әншейін бір ермек деп ұғынбаған жөн.


Ойын бала үшін еңбек, әрі оқу. Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде отбасының ықпалы басым екендігі даусыз. Балаға ертегі, әңгіме оқып беру, қол еңбегіне, санауға үйрету сияқты үнемі ойланып отырып істейтін жұмыстарды қозғамалы жүгіріп ойнайтын ойындармен кезектестіріп отыру қажет.
Имандылық – инабаттылық тәрбиесінде ұлтымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін баланың бойына сіңіріп, сол арқылы оны ізгілік, адамгершілік, имандылық, адалдыққа тәрбиелеу мақсаты көрсетіледі.


Ұлттық тәрбие отбасынан бастау алатындықтан халық қазынасын баланың жан дүниесіне дарытуда оның бойына шығармашылық қасиетті қалыптастырудың негізі болып табылатын халықтың педагогиканың құралдары: ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер пайдаланады. Отбасында балабақшада және қоғамдық орындарда үлкенді сыйлауға кішіге қамқорлық жасауға құрбыларымен санаса білуге жеріне, салт – дәстүріне деген сүйіспеншілікке тәрбиеленеді. Баланы мектепке қандай отбасы болсада дайындай алады; себебі мұнда шешуші рөл атқаратын ата-аналардың білім дәрежесі емес, сол отбасының, ең алдымен ата-ананың алдында тұрған тәрбиелік міндеттерді жете түсіне біліп, оны іс жүзіне асыруға ұмтылыс жасауына байланысты. Мектептегі оқу ісінің сәтті болуы сәбидің балабақшада, отбасында алған білімі мен тәлім тәрбиесіне тікелей байланысты.








Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам – оның ата – анасы.Ал, ең әдемі де жарық үй – оның туылған үйі. Жас баланың дамуында ата-ананың орыны ерекше, сондықтан ата-ана өз отбасында қолайсыз жағдайларды баланың көзінше тудырмауға тырысуы қажет. Отбасындағы ұрыс-керіс баланың жүйкесін тоздырады. Кейбір ата-аналар өз перзентін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді. Ал мұндай көріністер баланың бойына кері қасиет пайда болуына тікелей жағдай тууына себеп болады. Ата-аналар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі, қыры мен сырын дүние жұмбақтарын танытып, тағылым талғамға, әдептілікке баулуға тиіс. Себебі, ата-ананың күнделікті өмір тіршілігіндегі еңбегі, адамның бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым-қатынасы – балаға үлгі. Баланың алдында барынша сабырлы әрі ұстамды болуға тырысу керек, ата-ана өзі үлгі бола отырып, баласын сабырлылыққа тәрбиелейді. Әрбір ата-ана өз баласы үшін-басты тұлға. Сондықтанда да кез-келген бала алдымен үлгіні ата-анасынан алады. Бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата-ана баласымен пікірлесуде бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорламай, мейірімді, табиғи, жылы ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбие де табысқа жетеді, өйткені, жақсы сөз жан семіртеді.Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымы ата-аналармен бірлесіп, баланы өсіріп тәрбиелеудегі басты мақсат қоғамдық өмірге «түзу кірпіш қалау» екенін ескере отырып, ал осы мақсатты жүзеге асыру үшін, алдындағы қандай болмасын қиындықтарын жеңу, соған сәби кезінен төмендегі мынадай көзқарастарды негізгі ұстаныным ретінде қабылдау. Көзқарастар мыналар:Баланы сәби ол әлі ештеңе білмейді, ұқпайды деп жай көзбен қарамау керек, өйткені ол да өсіп келе жатқан тұлға.Баланы әр уақытта шындыққа үйрету. Еш уақытта алдамай, шындықты ашып айтып сол жағдайға дұрыс көзқараспен қарауға жағдай туғызу.Баланың өз ісін уақытымен күнде қадағалау, бақылау. Баланың әр бір ісін қадағалап, оған деген көзқарастан нәтиже шығаруға көмектесіп, өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін сіңіру, ана уызбен бірге ұлттық дәстүр қайнарына қондырып өсіру балабақша мен ата- ананың міндеті екенің ұмытпайық әке мен ананың ұлы борышы. Қандай жағдай болса да, ұрпағын жауын мен жел өтінен, жаман әдеттен қорғап, өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін сіңіру, ана уызбен бірге ұлттық дәстүр қайнарына қондырып өсіру әке мен ананың ұлы борышы. Дені сау, рухы таза, ана тілін толық меңгерген ұрпақ өсіру қазіргі кездегі ең негізгі мәселе. Бала тәрбиесінде отбасы басты орын алады. Баланың ана тілін толық меңгеруі . ұлттық-сана сезімін тәрбиелеу, денсаулығын түзету, бала тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін білу жөніндегі дағдыларын қалыптастыру мектепке дейінгі мекемелерге берілген. Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы – балабақша. Балабақшада халық педагогикасын бала бойына сіңіре отырып имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейміз. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының бес саласының әр бөлімдеріндерінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде салт-дәстүрдің барлық түрлерін баланың бойына сіңірудеміз. Мысалы: тұсау кесу, бесікке салу, тілашар т.б. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілер өз тәжірибелерінде халық ауыз әдебиетінінің ішінен жиі мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегілерді оқу іс-әрекеттерінде пайдаланады. Бүгінгі күнде жас ұрпақтың сана сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастырамыз.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын. Сондықтан оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?» — деп айтқандай баланың өмірінде ерекше орын алады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі. Өйткені бала нәресте шағынан бастап адалдыққа, батылдыққа, мейірімділікке, еңбек етуге тәрбиелеудің құралы ойын. Осыған орай бүгінгі күндері тәрбиешілер алдында балаға білім., білім дағдыларын игеріп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімін, ерік-жігерін жан-жақты етіп дамыту міндеттері тұр. Болашақ қоғамымыздың тағдыры да бала тәрбиесіне тікелей байланысты. Қоғамды дамытушы да, ілгері апарушы да осы жас жеткіншектер. Тәрбиенің сан қилы дағдыларын бала бойына дарытатын алғашқы білім баспалдағы – балабақша, жол сілтеп, жетелеп, үйретуші — тәрбиеші. Балабақшадағы тәрбие – қазақи ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты, адамгершілік қадір – қасиеті мол, физикалық және моральдық жоғары белсенді жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады. Тәрбиелеу мен білім берудің әрекеті практикалық процесс үстінде қалыптастырылады. Тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері баланың осы іс-әрекет түрлерін қалыптастыру және оны белгілі бір мақсатқа бағыттап отыруды көздейді. Ойнау, еңбек ету, және білім алу барысында ақыл-ой, адамгшершілік, физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің әдет дағыларын игеруге бейімделеді.Іс-әрекеттің тап осы түрлерін ғана дамыту арқылы тәрбиелеу білім беру міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік туады. Жақсы ойнап, еңбек ете білетін әрі оқуға қабілетті баланы ересек адамдар мен балалар қоғамында өмір сүруге қажетті қасиеттерді толық игерген тәрбиелі бала деп аталуы мүмкін. Жоғарыда аталып өткен іс-әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік, өзіне тән үлесін қосады. Мысалы, тәрбиенің ең маңызды міндеті саналатын ақыл-ой тәрбиесінің өзі бала ойының: еңбегін және балалардың оқуын үнемі бағыттап отыру арқылы жүзеге асатыны бізге балаларды тәрбиелеу тәжірибесінен таныс. Адамгершілікке тәрбиелеу міндеттері жөнінде де осыны айтуға болады. Бала өзін-өзі көрсете білсе, ендеше ойын, оқу еңбекте адамгершілікке тәрбиеленеді деген сөз. Өйткені, мұнда олардың өзара ересек адамдармен қарым-қатынасы қалыптасады. Іс-әрекеттің әрбір түрінде осылайша өзара ұштасып жататын педагогикалық мүмкіндіктерді ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тіршілік әрекеттерін, тәрбиелік мақсатқа сай ұйымдастыра аламыз. Ойын, еңбек, оқу арқылы біз балаларға белгілі бір тұрғыдан ықпал жасай аламыз. Бірақ біз іс-әрекеттер ойын, еңбек, оқыту өзара ұштасқан жағдайда ғана баланың жеке басын дамытуда толық нәтижеге жете аламыз. Балабақшаның негізгі міндеті – баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл жас баланың ақыл-ойының дамуы мен даярлығы үшін қолайлы кезең. Осы кезеңде бала оқу мен тәрбиені қалыптастыруға, өз қызметін білуге, тілдік қатынастың қарапайым тәжірибесінде өзін-өзі таныта білуге, мінез-құлық мәдениетіне, жеке гигиеналық және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады.

Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматық пен имандылыққа баулу – тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдар ұлттық тәрбиеге де мән бергендері жөн. Бұл саладағы күш – жігер алдымен бүлдіршіндерді отандыққа тәрбиелеуге бағытталады. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашқан үйі , ата-анасы, ағайын туыстары, туған жері, кең – байтақ гүлжазира даласы, тау – тасы, өзен – көлі, сылдырап аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге тиіспіз.


Жас ұрпақты кішкентайынан салт-дәстүрлер рухында баулу, құлағына сіңіру әдет-дағдысына айналдыру – парызды іс. Қазақ сөз өнерін қатты құрметтеген халық: «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жақсы сөз жан семіртер. Сонымен қатар балаға «сіз», «рақмет», «кешіріңіз», «өтінемін» деген сияқты сыпайылықты білдіретін сөздерді үлкендерге айтып жүруге үйрету, оған дағдыландыру ата-аналар мен тәрбиешілердің міндеті.
Халқымыздың дәстүрінде қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлген, жас баланы сәби кезінен үлкендермен қол алысып амандасуғы тәрбиелейді. «Көкеңе қолыңды беріп амандас», «Ағаңның қолын ал», «Атаңа екі қолыңды бер» деп үйретеді. Ондай кезде үлкендер яғни аталар, әжелер «Ой азамат болыпты ғой!», «Таудай бол!» деп баланың қолын алып, сәлем беруге ынталандыратын сөздер айтып ынтасын тудырады. Баланы жастайынан осындай инабаттылыққа баулу, ол есейгенде сыпайы, әрі жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болады.

Тақырыбы: Балабақшада бала тілін дамытудың маңызы



Балалардың тілін дамытудағы мақсаттары:
- Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
- Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;
- Ертегілерді әңгімелеуге, өлең, тақпақ, мақал - мәтелдер, жаңылтпаштарды айта білуге үйрету.
Осы мақсатты іске асыру нәтижесіндегі міндеттері:
- Бала тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.
- Сөздегі грамматикалық дағдыларды қалыптастыру;
- Баланың сөздік қорын молайту;
- Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;
- Балалардың ойын дамытып, тіл байлығын арттыру.
Балалар өз бетінше шығармаларды айтып, шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп, диалогтегі адамдардың сөздерін мәнерлі жеткізуге икемделеді. Балалар автордың сөз өнерін қолданып, сөз мәнерін өздері машықтануы қажет. Серіктестері айтқан әңгімені тыңдап отыруға, мазмұнын түсінуге, әдеби кейіпкерлерін атымен айтуға үйретіледі.
Табиғи құбылыстардағы ақиқаттылықты сипаттаған кезде нақты дұрыс сөз қолдануға, үлкендердің көмегімен белгілі бір нәрсеге тиісті белгілерді табуға, нақты бейнелеуге, әңгімеде ой - өрісін жеткізуге үйрету керек.
Балалардың сипаттау әңгімелері түрлі сөз мәнерінде сонымен қоса тілдік (метафора, теңеу, эпитет, балама қолдануда) сөз өнері өзіндік ерекшелігін ашу қажет. Ойыншықтарды қолданып, суретке қарап әңгіме құрастырады. Баланың өзі құрастырған әңгімесінде жанрдың негізгі ерекшелігін таба білуінде. Сюжет ерекшеліктері мен әдеби шығармалардың мәнерлігі (ертегіні толық айтып беру). Ертегідегі жақсылықтың жеңгені, сиқырлық жайында, кейіпкерлерді басқа бір нәрсеге айналдырып, және т. б. қолдана отырып, ертегі құрастыруға үйрету.
Бұл жаста балалар шығарманы қызығушылықпен тыңдайды, әңгімелерді түрлендіре біледі. Баланы шығармашылық қабілеттілігінен туындаған әңгімелеріне көңіл аударып, құрдастарының әңгімелерін тыңдауға бейімдеп, қиыншылық тудырған жағдайды, қол ұшын беріп, дұрыс емес жеріне түзету енгізе керек.
Бала тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны – сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгертуге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым - қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
Тіл мәдениетін игеру – баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін кезең. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
Балабақшада тілдік қатынастың ең маңызды түрі ауызша сөйлеп үйрену жатады. Ол болса сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл - ой дамуымен біртұтас жүреді.
Жас жеткіншектерді баулып, тәрбиелеуде көркем әдебиеттің ролі ұшан - теңіз. Ол жаңа өскін балауса буынының сана - сезімін оятып, ақыл - есін дамытатын, адамгершілік моральға тәрбиелейтін өмір оқулығы.
Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді өздерінің бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу педагогтардың алдындағы міндеті. Ертегі, әңгімені, өлең – тақпақтар мен жаңылтпаштарды, сондай - ақ мақал - мәтелдер мен жұмбақтарды мәнерлеп оқып беру мен әсерлеп айту – тек қана олардың сөздік құрамын байытып қана қоймайды, сонымен қатар, сәбидің ақыл - ойының жетілуіне әсерін тигізеді. Баланың әдепті, көргенді болып өсуіне ықпалы өлшеусіз, баланың Отанын, өз ұлтын, өз жерін сүюі, оны қадірлей білуі ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің әсері деп білеміз. Өйткені, бала кітаптағы жағымды кейіпкерлерге еліктеп, ер атанғысы келіп, еркелікке, еңбекке құлшынып өседі.
Ежелгі қазақ әдебиеті өкілдерінің балаларға қалдырған әдеби мұрасы, Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың өлең - әңгімелері осы күнге дейін тәрбиелеу мен оқытуда, ғылым жолын танытып, өнер - білімге баулуда қастерлі қасиетін еш жойған жоқ. Жамбылдың, Сәкеннің, Жансүгіровтың,

Майлиннің, Мұқановтың сондай – ақ көптеген жас жазушылардың балалар сүйсінерлік қызығып тыңдарлық жақсы шығармалары бар. Мұның бәрі, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде баға жеткісіз


қазына. Әрбір тәрбиеші соларды іздестіре отырып, термелеп жинап жүрсе, өз жұмысына өте демеуші дәнекер таппақ.
Жас кезінде әңгіме, жырларды көп тыңдаған бала өз көрген - білгенін қиыстырып, тұжырымдап достарына, тәрбиешілеріне, ата - аналарына айтып бере алса, тіл шеберліктері артады. Мұндай жақсы қасиеттер баланың парасатты, инабатты, әдепті, еңбексүйгіш, көргенді болып өсуіне әсер етеді.
Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сондықтан - да балалармен жүргізілетін жаттығу түрлері әр алуан. Балалардың жас ерекшелігіне қарай топтарды үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып, үйренуге арналған жұмыс түрлері біртіндеп күрделене береді. Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске асырылады.
Дыбыстардың ерекшеліктерін жете меңгеріп, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру басқа да тілдерін дамыту сауат ашу оқу іс - әрекеттерінде ғана емес, ән, дене шынықтыру оқу іс - әрекеттерінде де, бос кезеңдерде де балаға өлеңдер, тақпақтар үйретіледі.
Балабақшада балалардың жас ерекшелігіне лайықты көркем әдебиет шығармаларын, оқыған шығарма мазмұнын әңгімелеп айтқызу, суретке қарап әңгімелеу, ертегілер оқып беру, мақал - мәтел, жаңылтпаш, тақпақтар үйрету сияқты жұмыстары арқылы бала тілін дамытуға болады.
Мектепке дейінгі тәрбие жұмысы жүйелі жүргізуді талап етеді. Қазіргі уақытта баланы халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу ана тілі арқылы өз дәрежесінде жүзеге асатыны белгілі. Баланы ана тілінде анық, жүйелі, өзгелерге түсінікті, мәнерлі үн ырғағымен келістіре сөйлеуге, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс жеткізуге мектепке дейінгі кезеңде үйрету керек.
Тәрбиеші әр баланың тілін зерттеп, ерекшелігін жете меңгергеннен кейін, тәрбие білім беру үрдісіне күн тәртібінің қолайлы сәттерінде дыбыстарды дұрыс дыбыстауға орай жаттығу жұмыстарын жоспарлы түрде ұйымдастырып жүргізеді.
Қорыта айтқанда балалардың ана тіліндегі дыбыстарды анық айтып, дұрыс сөйлей білуге балабақшада берілер тәрбиенің ықпалы зор.
Қазіргі заман талабына сай оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді ойына, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу, тәрбиешінің алға қойған міндеті. Айналадағы дүниені, табиғатты бақылап түсіндіріп әрдайым жаңа сөздермен, сөздік қорын толықтырып отыру қажет деп есептеймін. Жоғарыда айтылған мүмкіндіктерге сай балалардың сөйлеу қабілеттерін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне, өзі құрастырған қысқа әңгімелеріне бағыт - бағдар бере отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстау керек деп ойлаймын. Баланы өз баламыздай жақсы көріп, білгенімізді олардың санасына құю, жеткізу тәрбиешінің алға қойған мақсаты. Сол мақсатқа жету үшін талмай, қажымай еңбек етуге міндетіміз.

Отбасы мен балабақша арасындағы байланыс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет