Жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-тарау. ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРҒА



бет23/40
Дата12.10.2020
өлшемі0,88 Mb.
#65380
түріКодекс
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40
18-тарау. ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРҒА
МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ
      105-бап. Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық
                көмек көрсету
      1. Туберкулезбен ауыратын науқастар міндетті түрде медициналық байқауда болуға және емделуге жатады, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.
      2. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастар міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, емделуге және оңалтылуға тиіс.
      106-бап. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады
                деп танудың тәртібі
      1. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп тану зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері ескеріле отырып, денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
      2. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп тану мақсатында медициналық зерттеп-қарауды жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
      3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп танылған азамат денсаулық сақтау ұйымының шешіміне жоғары тұрған органға және (немесе) сотқа шағым жасай алады.
      107-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын
                азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберудің
                негізі мен тәртібі
      1. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу пациенттерді мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда оқшаулау арқылы туберкулезге қарсы және симптомдық емдеуді қамтиды.
      2. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге олардың дәрігер тағайындаған емделуден медициналық құжаттамада тіркелген бас тартуы негіз болып табылады.
      3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын және емделуден жалтаратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешімді денсаулық сақтау органдарының (ұйымдарының) ұсынысы бойынша сот қабылдайды.
      4. Ішкі істер органдары қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінен босатылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, ерікті емделуден жазбаша түрде бас тартқан азаматтарға соттың шешімімен мәжбүрлеп емдеу тағайындалады, бұл үшін түзеу мекемесінің әкімшілігі материалдарды босатылғанға дейін бір ай бұрын сотқа жібереді.
      5. Мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы материалдарды олар келіп түскен күннен бастап бес күн мерзімде сот мәжбүрлеп емдеуге жіберілетін азаматтың және мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыныс енгізген денсаулық сақтау ұйымы немесе ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесі өкілінің қатысуымен қарайды.
      6. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімін орындау атқарушылық іс жүргізу органдарына жүктеледі.
      Ескерту. 107-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      108-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп
                емделуде жүрген науқастардың құқықтары
      1. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емделуде жүрген науқастар Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық құқықтарын туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымда болу режимін сақтау қажеттігіне байланысты шектеулермен пайдаланады.
      2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу соттылыққа әкеп соқпайды.
      3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген науқастың жұмыс орны сақталады.
      4. Мәжбүрлеп емдеуде болу уақытында еңбек стажы үзілмейді және ол жалпы еңбек стажына есептеледі.
      5. Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйінде тұратын, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген науқастардың емдеуде болуының бүкіл уақыты ішінде тұрғын үйі сақталады.
      109-бап. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда
                туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын
                науқастарды емдеу және ұстау
      1. Мәжбүрлеп емдеуге арналған туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымда туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды емдеу және ұстау бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру, сондай-ақ онда науқастардың болу режимі уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу олардан туберкулездің микробактериялары бөлініп шығуы тоқтатылғанға дейін жалғастырылады, содан соң олар тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық жағдайда емдеуді жалғастыру үшін шығарылуға жатады.
      Емдеуге қойылған талаптар сақталған жағдайда, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқас консилиумның қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы ұйымға ауыстырылады және онда қарапайым стационарлық жағдайда емделуді жалғастырады.
      110-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын
                науқастарды мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейінгі
                медициналық байқау және емдеу
      Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуде болған науқастар туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымнан шығарылғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша туберкулезге қарсы ұйымда есепке тұруға және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен туберкулездің жұқпалы түрімен ауырудың қайталануын болғызбайтын ем алып тұруға міндетті.
      111-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға
                әлеуметтік көмек
      Мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейін туберкулезге қарсы мамандандырылған медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарға жергілікті атқарушы органдар олардың еңбекке орналасуына және тұрмыстық жайласуына көмек көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет