3. Санитариялық-қорғаныш аймағын көгалдандыру және оның
аумағының режимі Санитариялық сақтау белдемі (Санитарно-защитная зона; лат sanitas — денсаулық) — атмосфераны ластайтын кәсіпорындарды елді мекеннен бөліп тұратын, ағаш егілген аумақ. Бұл аумаққа бақ, балабақша, мектеп, емдеу- сауықтыру мекемелерін, т.б. орналастыруға болмайды. Санитариялық сақтау белдемінің көлемін кәсіпорынның куатына, технологиялық процестерді іске асыру жағдайына, қоршаған ортаға бөлінетін зиянды және жағымсыз иісті заттектердің сипаты мен мөлшеріне байланысты белгілейді.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың жіктеліміне сәйкес және бөлінетін зиянды заттектерге байланысты бес Санитариялық сақтау белдемі белгіленген:
I класты кәсіпорын үшін — 1000 м,
II - 500,
III - 300,
IV - 100,
V- 50 м.
Атмосфераға зиянды заттектер шығармайтын технологиялық процестермен жұмыс істейтін кәсіпорындарды елді мекендерде орналастыруға болады. Қолайсыз аэрологиялык жағдайда, тазарту құрылғылары жоқ немесе тиімділігі жеткіліксіз болғанда санитариялық сақтау белдемін 3 есе ұлғайтады. Санитариялық сақтау белдемінің аумағын технологияны өзгерткенде, өндірістік процестерді, тиімділігі жоғары және сенімді тазарту құрылғыларын пайдаланғанда қысқартуға болады.