Жалпы экология негіздері 1-дәріс. Экология пәні, зерттеу әдістері, мақсаты мен міндеттері Дәрістің мақсаты


Экология пәнінің әдістері, мақсаты



бет2/34
Дата22.04.2022
өлшемі76,37 Kb.
#140433
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАГЫ - Эк ж ТК

1. Экология пәнінің әдістері, мақсаты. Экология – биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, «Экология» терминін 1866 жылы ғылымға алғаш енгізген Э.Геккель болатын. Экология термині гректің ойкос – үй, тұрақ, мекен және логос – ғылым деген сөзінен шыққан. Экология барлық тірі организмдерді, олардың тұратын мекен-жайын және сол тұрақты тұруға қолайлы ету үшін атқаратын міндетті зерттейді.
Ең алғаш «экология» деген сөзді пайдаланған Генрих Дэвид Гюро. Экологияны ғылымға бірінші болып енгізген белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Э.Геккель 1869 жылы экологияға мынандай анықтама берді: “Экология табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің ортадағы басқа органикалық және органикалық емес заттардың ара-қатынасын зерттеу”.
Экологиялық мәселелерді зерттеуге үлес қосқан ғалымдар:
Ф.Клементс (АҚШ), Ч.Элтон (Ұлыбритания), Х.Б.Одум (АҚШ) С.С.Шварц (бұрынғы Советтер Одағы), Р.Дажо (Франция).
Қазіргі кезде көптеген ғалымдар келіскен анықтама ретінде: Экология – қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру жағдайларын, олардың өзара қатынастарын, табиғи ортамен байланыстарын зерттейтін ғылым.
Экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі ғаламдық проблемаларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау.
Экология ғылымының зерттеу нысаны – биологиялық және географиялық микро және макрожүйелер (түр, популяция, биоценоз, экожүйелер, т.б.)
2. Аутэкология (грекше autos - өзім) – жеке организмдердің қоршаған ортамен қарым – қатынасын зерттейтін экология бөлімі. Аутэкология ұғымын алғаш рет 1896 жылы Шретер особьтар экологиясы үшін қолданды. Аутэкология алдымен организмдердің (особьтардың) өлі материядан айырмашылығын: зат алмасу, көбею, өзгергіштік және тұқым қуалаушылық, өсу мен дамуы, тітіргенгіштігі, қозғалысы және бейімделушілік қасиеттері бар тіршілік иелері ретінде қарастырады.
Аутэкологияның міндеті – түрлердің алуан түрлі экологиялық жағдайларға (ылғал, жоғары төменгі температураға, ортаның тұздылығы) физиологиялық, морфологиялық және т.б. бейімделуін анықтау. Соңғы жылдары аутэкологияда жаңа бағыт – орта ластануының әсеріне организмнің жауап қайтару тетіктерін қоса зерттеу пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет