Дәріс № 6. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
1. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
2. Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлері
3. Жүйке жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландыр-ғыш заттар
1. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар деп адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан апаттар мен қирауларды айтады.
Оның түрлері:
- Өндіріс орындарында болатын апаттар ( зауыттарда, шахталарда және т.с.с ).
- Көлік жүйесіндегі апаттар.
- Түрлі жарылыстар мен өрттер ( өндіріс орындарында, мұнай, газ құбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т.с.с.).
Себептері: Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, құрылыс, тау-кен байлығын өндіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бұндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатқа әкеліп соғу қаупі де туындап отыр. Кей жерлерде жаңа техниканы және технологияны, материалдарды пайдалану ережелері сақталмайды, қауіпсіздік шаралары орындалмайды. Міне, осы сияқты қателіктердің салдарынан апаттың болу қауіпі туындайды.
Апаттың тағы бір себептері – улы, тез тұтанғыш, жарылғыш заттарды сақтау, тасымалдау ережелердің сақталу-сақталмауы, олармен жұмыс істеудегі қателіктерге жол берілуі жатады.
Апаттың болуы, адамдардың еңбек тәртібін сақтамаушылығына, жұмыс істеуші адамдардың салақтығына, олардың тиісті дәрежеде білімінің жетіспеушілігіне, техниканы және оның қауіпсіздік сақтау ережелерін жете меңгермегендігіне көп байланысты.
Міне, осылар жұмыс орнындағы апатқа, жарылыстарға, өртке, қирауға, қоршаған ортаны улы не радиоактивті заттармен ластауға әкеліп соқтырады.
Апаттың тағы бір өте қауіптілігі – күшті улы заттардың ауаға тарап кетуі. Осындай өрттен шыққан қалың түтіндегі улы заттар ауаға көтеріледі де жерге жайылып қонады. Әсіресе полиэтилен, полистирол тұрпаттас материалдардың жануы адам, жан-жануар, құстар және т.б. өміріне өте қауіпті.
Өрт пен жарылыстардың салдары оның жою факторларымен байланысты.
Өрттің негізгі жою факторлары мыналар: от заттарға тікелей және алыстан қызуы арқылы әсер етеді. Нәтижесінде отта қалған заттар, объектілер, ғимараттар және оның құрылымы толық немесе жартылай жанып кетуі мүмкін. Ал өте жоғары температураның әсерінен материалдар, металдан жасалған тіреулер, балкалар, құрал-жабдықтар, технологиялық қондырғылар, бұйымдар және техникалар балқып, жанып істен шығады әрі өзінің қасиетін жоғалтады. Адамдар, жан-жануарлар зардап шегеді.
Жарылыстың қырып-жою факторлары мыналар:
-ядролық бомбаның, жарылғыш заттардың, сұйық отынның, газдың жарылыстарынан туындайтын соққы ауа толқыны;
- жарылыстардан жарықшақтарлың, сынықтардың пайда болуы әрі оның үлкен аймақты қамтып, үлкен зардап әкелуі.
Жарылыстардан қирау, объектіліердің жойылуы, адамдардың және жан-жануарлардың өлімі, жарақаттануы сияқты зардаптары болады. Жарылыстың нәтижесінде үлкен өрттер пайда болуы мүмкін. Неғұрлым жарылыстың қуаты күшті болса, соғұрлым оның экономикаға, қоршаған ортаға, адамдарға және экологияға әкелетін зияны зор болады.
Достарыңызбен бөлісу: |