Жалпы экология негіздері 1-дәріс. Экология пәні, зерттеу әдістері, мақсаты мен міндеттері Дәрістің мақсаты


Жүйке жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландыр-ғыш заттар



бет33/34
Дата22.04.2022
өлшемі76,37 Kb.
#140433
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАГЫ - Эк ж ТК

3. Жүйке жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландыр-ғыш заттар
Ви-икс-газдары. Олар аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның иісі болмайды. Суықта қатпайды. Суда баяу ериді – 5, ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді.
Ашық жатқан су көздерін (көл, өзен) өте ұзақ уақыт бойы – 6 айға дейін зақымдандырады. Адамның терісіне, тыныс жолдары, киіміне сіңу арқылы уландырады. Жазды күні бір жерде 7-15 тәулік бойы, ал қысты күні 2-3 айға дейін сақталып улайды.
Зарин – бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен тұйық су көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне тез сіңіп кетеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәулікке сақталады.
Осы тәріздес улағыш заттың бірі – Зоман. Ол да теріге өтіп, тыныс алу органдарын улайды. Организмге сіңіп алғаннан кейін орталық жүйке жүйесіне зардабын тигізеді. Өлтіргіш қуаты бар кезінде адам жүректің сал болып ісінуінен өледі.
Қорғаныс жолы: теріні қорғау құралдарын және противогаз пайдалану, панаханаларға, арнайы баспаналарға жасырыну.
Улы заттардың барлығын химиялық байқау құралдары арқылы анықтайды.
Теріні күйдіріп, іріңдететін улағыш заттардың бірі – Иприт. Ол сарымсақтың иісі бар сарғыш немесе қара қошқыл түсті сұйық зат. Органикалық еріткіштерге жақсы ериді. Әртүрлі лакты бояу жағылған заттарға, резинаға, саңылаулы материалдарға, адамның терісіне оп-оңай сіңіп кетеді. Адам терісі 2-3 сағатта қызарады да, жараға айналып 20-30 тәулік бойы жазылмайтын жара пайда болады.
Адам Иприттің буымен демалғанда бірнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра бастайды да, тез арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, адам тұншығып өледі.
Қорғаныс құралдары: противогаз, тері қорғау құрал-жабдықтары және арнайы баспаналар.
Синиль қышқылы. Бұл тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез буға айналып ұшып кетеді. Қату температурасы – 140 C, адам синиль қышқылы тараған ауаны жұтқаннан уланады.
Қорғаныс жолы: противогаз, арнайы баспаналар пайдалану. Синиль қышқылы химиялық құралдар арқылы анықталады.
Тұншықтырғыш улы зат (газ) – фосген. Бұл түссіз газ түрінде болады, ауадан 3,5 есе ауыр. Шіріген шөптің иісі шығады. Буланған кезде адамды уландырады. Тегіс жерде 30-50 мин, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа дейін сақталады. Адамды тыныс алу органдары арқылы зақымдайды. Мұнымен уланған адамға қолдан тыныс алдыруға болмайды. Бұл газдан қорғану жолы -противогаз бен баспананы пайдалану. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет