Жалпы ережелер


«Жаратылыстану» білім беру саласының құрамына: география, физика, химия және биология



бет108/204
Дата22.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#9690
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   204
«Жаратылыстану» білім беру саласының құрамына: география, физика, химия және биология, яғни ғылыми-жаратылыстану циклы пәндері кіреді.

Оқу пәндері бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын таңдау оқу материалын оқудың бірізділігі принципі негізінде жүзеге асырылған.

1. Оқушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру «Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып

табылады.

Оқушылардың:

ғылыми-жаратылыстану процестері мен құбылыстарын сипаттау, түсіндіру және болжау;

дәлелдер мен шешімдерді түсіндіру білігін;

зерттеу әдістерін түсіну, ғылыми әдістердің көмегімен шешілетін сұрақтар мен мәселелерді анықтауды дамытуға қажетті жағдайлар жасалуы тиіс.



Жалпы орта білім деңгейіндегі бейіндер бойынша ғылыми жаратылыстану циклі пәндерінің сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсынылатын іс-әрекет түрлерінің мазмұны келтірілген (1-кесте).

1-кесте. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсынылатын іс-әрекет түрлерінің мазмұны

Іс-әрекет түрлері (жобалаудың параметрлері)

Білім беру бейіндер бойынша

ЖМБ

ҚГБ

1

Оқылатын тақырыптар бойынша шағын зерттеулер

Негізгі бөлімдер және тақырыптар бойынша жүйелі, сабақ барысында презентация жасау

Жекелеген сабақтарда презентациямен, жекелеген тақырыптар

2

Карталар, кестелер, сызба-нұсқалар, көрнекі құралдармен жұмыс

Талдау, өз бетінше шешімдер әзірлеу, жаңа сызбалар, жаңа білім

Талдау, қорытындылау

3

Түрлі күрделілік деңгейіндегі практикалық, зертханалық жұмыстар

Жоспарлы, жаттықтырушы, дамытушылық, іс-әрекеттік

Жоспарланған, іс-әрекеттік

4

Статистикалық материалдармен жұмыс

Әрдайым, негізгі бөлімдер және тақырыптар бойынша, міндетті түрде көрнекі-графикалық бейнелеу

Әрдайым, негізгі тақырыптар бойынша

5

Мерзімді баспасөз материалдарын, қосымша материалдарды зерделеу

Әрдайым, жаңа білім сабақтарындағы презентация, олардың функционалдық маңызы

оқушы үшін жаңа білім сабақтарындағы презентация, олардың функционалдық маңызы

6

Үй тапсырмасының тәжірибелік бағыттылығы

Жүйелі, жүйелі іс-әрекет, өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен даму міндеттері

Жүйелі, жүйелі іс-әрекет, өзін-өзі тәрбиелеу міндеттері

2. Мұғалімдердің басты мақсаты оқушылардың пәндік білімді тәжірибеде қолдану біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, яғни тәжірибеге бағытталған білім беру.

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінің практикалық бөлімі бұл мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді. Сабақтарда пәндер бойынша жүргізілетін практикалық және зертханалық жұмыстарды талдау, жинақтау, бағалау, болжау, есептеу, түсіндіру, құбылыстар мен процестердің сапалық және сандық сипаттарын анықтау, жобалық тапсырмалар орындау, тәжірибелер және эксперименттер жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Сабақтарда білім берудің заманауи технологияларын белсенді қолдану

ұсынылады. География, физика, химия және биология сабақтарындағы компьютерлік технологиялар:

оқу материалын зерделеу барысында мультимедиа-технологияларды пайдалануды;

оқушылар мен мұғалімдердің күнделікті оқу жұмысында компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдануды;

пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды;

оқу телекоммуникациялық жобаларды орындау барысында оқушылардың өзбетінше іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеуді;

Интернетті пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу және өңдеуді;

есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды;

виртуалды практикалық және зертханалық жұмыстар жүргізуді қарастырады.



Сабақтарда және сабақтан тыс уақытта, оқу-зерттеушілік және өмірлік жағдаяттарда география, физика, химия және биология пәндерінен алған білімдерін қолдану біліктерін дамытатын есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды кеңінен қолдану ұсынылады. Оқу тапсырмаларын әзірлеу барысында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА басылымдарында ұсынылған, халықаралық салыстырмалы PISA және TIMSS зерттеулерінде қолданылатын тапсырмалар жүйесіне көңіл аудару қажет (www.nao.kz).

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндері аясында сыныптан тыс, экскурсиялық-экспедициялық түрлі жұмыстар ұйымдастыру ұсынылады. Сабақтарда міндетті түрде өлкетану аспектісі қарастырылуы тиіс. Сабақ барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, ұжымда жұмыс істеу дағдылары мен біліктерін дамытуға жағдай жасалуы тәжірибеге бағытталған оқытуға тиімді әсер етеді.

3. Мектеп оқушыларының зерттеушілік қабілетін, зейінін және байқағыштығын, логикалық ойлауын және шығармашылық қиялын, есте сақтау, тілдік және көптілділік, пәндік оқу, ғылыми және әдістемелік, мерзімді баспасөз басылымдардың, интернеттің, білім берудің сандық ресурстарының ақпараттарын қолдану дағдыларын дамыту маңызды.

Сабақтарда тәжірибелер, эксперименттер және зерттеулер жүргізу кезінде жүзеге асырылатын зерттеушілік дағдыларды дамыту барысында, тұлғаның жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың мақсаттары жүзеге асырылады.

Практикалық және зерттеушілік жұмыстар, зертханалық тәжірибелер орындау, эксперименттер және эксперименттік есептер шығару, жобалар орындау, модельдер құрастыру барысында табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестердің, құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін түсіну тереңдетіледі. Оқушылар себеп-салдарлық байланыстарды көре білулері, қоршаған ортадағы өзгерістерді анықтай алулары, нақты жағдаяттардың салдарынан болатын қауіпті өзгерістердің алдын алу тәсілдерін ұсына алулары тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет