«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін 10-11 сыныптарда оқыту - дүниетаным құрылымы, негізгі элементтері және тарихи түрлері, философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі, адамның әлемге деген танымдық қатынасы, қоғамдық қарым-қатынас жүйесі мен құқықтық реттеудегі адамның орны туралы жүйелі білімге негізделген.
«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін 10-11- сыныптарда оқытуда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру оқушылардың қазіргі заманғы өркениеттегі тәжірибені тұлғалық тұрғыдан ұғыну негізінде құндылықты бағыт бағдарлар, наным сенімдерді, халықтар арасындағы өзара түсінісудің демократиялық құндылықтарын, гумнизм идеяларын қалыптастыруға, өз халқының және өзге де халықтардың мәдениетіне, тарихына құрметтеу сезімін
дамытуға, өз елінің мәдени мұраларын сақтау және оны көбейтуге, қазақстандық патриотизмді және толеранттылықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін, азаматтық жауапкершілікті дамытуға, оқушыларға экономикалық, саяси, құқықтық, эстетикалық, экологиялық тәрбие беруге бағытталады.
Пән мазмұнына сәйкес оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту олардың Қазақстан Республикасы Конституциясы, тәртіп сақтау ережелері мен заңдарына құрмет көрсету, адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуы, этикалық нормаларды сақтай білу, өздігінен оқу, өзінің кәсіби бағытын анықтау, заманауи ақпараттық технологияларды жеткілікті меңгеру, әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуына, қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білу қабілеттерімен анықталады.
10-11 сыныптарда пәнді оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени және құқықтық мәселелер бойынша жеке көзқарасын білдіре білуге және оны дәлелдеуге, ақпарат көздерін сыни тұрғыдан талдау, алуан түрлі (мәтін, карта, кесте, схема т.б.) ақпараттарды талдауға арналған шығармашылық тапсырмаларды сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда қолдану ұсынылады.
«Адам.Қоғам.Құқық» білім саласы пәндерін оқыту міндеттері мен базалық мазмұны, білім алушылардың дайындық деңгейінің талаптары «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығы бекітілген .
«Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша оқу жүктемесі:
- 10-сыныпта (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша) аптасына 1-сағат, оқу жылында 34-сағатты;
- 11-сыныпта (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша) аптасына 1-сағат, оқу жылында 34-сағатты құрайды.
Пәнді оқытуға әдістемелік ұсыныстар:
Пәнді оқытуды жетілдіруде оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, оқушылардың дербес танымдық қызметін ұйымдастыру, практикалық және шығармашылық тапсырмалар, конференция, дебат, дискуссия, рөлдік ойындар, кейс әдісі, іскерлік ойындар, пікірталастар мен семинарларды және т.б. қолдану ұсынылады.
«Адам.Қоғам.Құқық» пәні бойынша алған білімді практикада қолдану тез өзгермелі әлемде табысқа қол жеткізетін, өз елінің игілігі үшін жауапты Қазақстан Республикасының зияткер, әлеуметтік-рухани азаматын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Пәнді оқытуда оқушылардың басқа пәндерден: «Қазақ тілі және әдебиеті», «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы», «Физика», «Биология», «География»
және т.б. алған білімдеріне сүйену, оқу материалдарын тарихи фактілермен, әдеби образдармен, физикалық процестермен, т.б. нақтылау ұсынылады.
10-сыныпта пәнді оқытуда адам мен қоғам арасындағы қатынастардың құқықтық реттелуіне, отбасылық құндылықтар, адам құқықтары, оның қорғалуы, еңбек құқығы негіздеріне, мәдени құндылықтарды оқытуда оқушыларды жауапкершілікке, мінез-құлық ережелерін қалыптастыруға, адами құндылықтарды, тұлға аралық қасиеттерді сақтауға бейімдеу ұсынылады.
11-сыныпта білім алушыларды адам өмірінің мәні, құқықтық мемлекет дамуының ерекшеліктері, қазіргі өркениеттік әлемде құқықтық сананы қалыптастыру, қоғам мәселесін түсіну, этномәдени құндылықтарды құрметтеуді қалыптастыру, көшбасшылықтарын дамытуға (экономиканың негізгі принциптері мен адами капиталдың рөлін) бағыттау ұсынылады.
Пәнді оқытуда оқытылған материалдарды ашу мен нақтылауға, оны оқушылардың жеке әлеуметтік тәжірибесімен, жеке бақылауымен, олардың адамдардың қоғамдағы тәлімі мен әлеуметтік өмірі туралы қалыптасқан түсініктерімен байланыстыруға көмектесетін әдістерді қолдану ұсынылады.
Оқыту процесінде дәстүрлі әдіспен сәйкестендіре, оны қолдану шегін айқын анықтай отырып, ақпараттық коммуникациялық технологияларды белсенді қолдану ұсынылады.
«Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша ұсынылатын сыныптан тыс жұмыстар: