Кураторлық сағатының жоспары Тексерілді Кураторлар ӘБ жетекшісі



Дата04.10.2024
өлшемі30,93 Kb.
#205633
Байланысты:
Сынып сағаты1


Кураторлық сағатының жоспары



Тексерілді



Кураторлар ӘБ жетекшісі: Арысбаева С.Д.

Уақыты:

Куратордың аты-жөні:

Сыныбы: 7 С

Мектеп миссиясы

Заманауи білім дағдыларын меңгерген зияткер, адамгершілігі мол, салауатты әлем азаматын тәрбиелеу.

Пайымдау

Әрбір түлек ХХІ ғасырдың білімі мен дағдыларын, мектебіміздің құндылықтарын игеру арқылы Қазақстанның дамуына ықпал етеді

Мектеп құндылықтары

1. Ашықтық
2. Құрмет
3. Ынтымақтастық
4. Академиялық шыншылдық
5. Жауапкершілік
6. Функционалдық сауаттылық
7. Өмір бойы оқу
8. Қазақстандық патриотизм
9. Жаһандық азаматтық

Тақырыбы: Ұстаздар күні






Мақсаты

Оқушыларға ұстаздар мерекесі туралы түсінік беру, ұстаз мамандығының маңыздылығын түсіндіру. Ұстаздарға құрметпен қарау, ризашылық білдіру және білімнің құндылығын түсіндіру. Тәрбиелік мәні бар сабақ ұйымдастыру арқылы ұлтжандылық, адамгершілік құндылықтарын дамыту.

Бағыты:

Ұстаздардың еңбегін бағалау, олардың қоғамдағы рөлін ұғындыру.
Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, сыйластық пен құрмет көрсетуге үйрету.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар ұстаздар еңбегінің маңыздылығын түсінеді.
Оқушылар ұстаздарға деген құрметін көрсетеді.
Ұстаздарға алғыс білдіру дағдылары дамиды.
Құндылықтарды қалыптастыру: сыйластық, адамгершілік, жауапкершілік

Тәлім-тәрбие беру құндылықтары

Ұлтжандылық
Құрмет көрсету
Адамгершілік
Жауапкершілік
Еңбекқорлық

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, қазақ тілі, тарих

Ресурстар, әдістер

Интерактивті тақта, әлеуметтік желі, ютуб каналы,

Уақытты жоспарлау

Куратор сағатының барысы

Ұйымдастыру кезеңі
3 минут



Куратор: Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру. Тақырыппен таныстыру, мақсатты айқындау, күтілетін нәтижені талқылау.

Сабақтың басы:
5 минут


Негізгі бөлім
10 минут

15 минут

5 минут



1.Негізгі бөлім.
1.Куратор сөзі: Ой қозғау: Оқушылардан “Ұстаз деген кім?” сұрағына жауап алу, ұстаздардың қызметі жайлы қысқаша талқылау.
Презентация көрсету: Ұстаздар күні тарихы, әлемдегі және Қазақстандағы ұстаздардың рөлі туралы қысқаша мәлімет беру.

1994 жылдан бері дүние жүзінің 100-ден астам мемлекетінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Кей мемлекеттер бұл мерекені 5 қазан күні атап өтеді.


Біздің мемлекетімізде де бұл мерекені қазан айының алғашқы жексенбісіне белгілеген. Дәлірек айтсақ, мұғалімдер күні 1965 жылы 29 қыркүйекте КСРО жоғарғы кеңесі президумының бұйрығымен қазан айының алғашқы жексенбісіне қойылған. Сондай-ақ 1966 жылы 5 қазанда ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері "Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар" құжатына қол қойған.

Тақырып ашу «Сөзжұмбақ»



Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді дұрыс оқы.
1.Оқу білім....
2.Қына тасқа бітеді,
Білім .... бітеді
3. .... өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай.
4. .... тозбайтын тон,
Білім таусылмайтын кен.
5. Оқу инемен құдық .....

3. Ұстаздар алғыс хат жазу.




2.Куратор сөзі:
Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі – өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті – жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Менің ұстазым тақырыбында оқушылармен хор



Қорытынды
2 минут

Құрметті оқушылар, осымен сіздермен бірлесе дайындаған кураторлық сағатымыз аяқталуға жақындады. Барлық атсалысқан оқушыларға алғысымды білдіремін. Жаңа оқу жылы жаңа белестер мен асуларға жеткізетін табысты жыл болуына тілектеспін!

Өзін-өзі бағалау

Кураторлық сағаттың қандай аспектілері жақсы жүзеге асты (оқу мен оқытудың өмірмен байланысы болды ма, ойланыңыз
1:
2:
Кураторлық сағатты жақсартуға не ықпал етуші еді (оқуды да, оқытуды да қарастырғанда)?
1:
2:
Кураторлық сағат барысында сынып туралы немесе оның жетістіктері туралы нені анықтадым/жекеленген оқушылардағы қиындықтар (көшбасшылық), келесі кураторлық сағатта неге баса назар аударылу қажет?
1:
2:


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет