Ортақ тақырыптар
Пәндерді, бөлімдерді, тақырыптарды кіріктіру, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру құралы – ортақ тақырыптар – жаңартылған бағдарламалардың бірден бір ерекшелігі болып табылады. Олар барлық
пәндердің __________мазмұнымен, ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлау жүйесімен байланысқан. Сондықтан, мұғалім қысқа мерзімді жоспар дайындауда ортақ тақырыптар жүйесін сақтау және тапсырмаларды құрастыру мен оқушылардың сабақтағы қызметін ұйымдастыруда оларды ескеруі тиіс.
1 сыныпта ортақ тақырыптар әр тоқсанға 2-еуден тең бөлінген, олардың әрқайсысына шамамен бірдей сағат саны қарастырылады. Мұғалім әрбір ортақ тақырып үшін сағат санын білім алушылардың дайындық ерекшелігіне байланысты өзі өзгертеді (2-кесте).
2-кесте – Ортақ тақырыптар
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
Барлығы мен туралы
Менің отбасым және достарым
Саяхат
Тағамдар және
сусындар
Менің мектебім
Бізді қоршаған әлем
Салт-дәстүрлер және ауыз әдебиеті
Дені саудың - жаны сау!
Достарыңызбен бөлісу: |