Мектепалды даярлық сыныптарында балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау
Стандарт талаптарын іске асыру үшін әрбір мектепалды даярлық топтарында келесі талаптармен жағдайлар жасау қажет:
Психологиялық-педагогикалық жағдайларға қойылатын талаптар:
1) ересектердің балаға құрметпен қарауы, балалардың жағымды өзін-өзі бағалауын, өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сенімділігін қолдау;
2) білім беру әрекетінде жұмыстың балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес жұмыс түрлері мен әдістерін қолдану;
3) мектепалды даярлық сыныптарының педагогтері, мамандары және ата-аналарының бірлескен әрекеті негізінде әрбір баланың қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне бағытталған білім беру әрекетін құру;
4) ересектердің балалардың бір-біріне жағымды, қайырымды қатынастарын, әртүрлі әрекет түрлерінде олардың өзара бірлескен әрекеттерін ересектердің қолдауы;
5) дене және психикалық озбырлықтың барлық түрлерінен балаларды қорғау;
6) балалардың даму бұзылыстары мен әлеуметтік бейімделуін диагностикалау және түзету үшін қажетті жағдайларды жасау;
7) балаларды тәрбиелеуде, олардың денсаулықтарын қорғау мен нығайтуда ата-аналарды қолдау, ата-аналарды білім беру әрекетіне тарту.
Педагогикалық процесті ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
1) арнайы білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз ету;
2) педагог кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыру;
3) баланы тәрбиелеу мен дамыту, соның ішінде инклюзивті білім беру мәселелерінде педагогтерге және ата-аналарға кеңес беру;
4) білім беру процесін ұйымдастыру, әдістемелік қамтамасыз етуді қолдау.
Сабақтарды өткізуге қойылатын талаптар
1) ең жоғарғы мүмкін көлемі мен ұзақтығын қамтамасыз ету;
2) санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелеріне;
3) үлгілік оқу жоспарларына сәйкес болуы қажет.
Заттық-кеңістік дамытушы ортаға қойылатын талаптар
Заттық-кеңістік дамытушы орта толық мазмұнды, өзгермелі, көпатқарымды, вариативті, қолжетімді және қауіпсіз болуы керек және:
- Бағдарламаның мазмұнын тиімді іске асыру үшін қазіргі дидактикалық материалдарды, жабдықтар мен мүккамалдарды қолданып дамыту мен тәрбиелеуге;
- балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға;
- балалардың дамуындағы жетіспеушіліктерді түзету, инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасауға;
- әртүрлі білім беретін және дамытушы бағдарламаларды жүзеге асыруға;
- балалардың ойын, танымдық, зерттеу, шығармашылық және қимылдық белсенділіктерін қамтамасыз етуге;
- заттық-кеңістік ортада балалардың айналасындағы ересектермен және балалармен өзара бірлесіп әрекет етуде эмоционалдық саулығына;
- балалардың өз ойларын айта білуіне бағытталған.
Заттық-кеңістік дамытушы ортаны құру кезінде гендерлік тәсілді ескеру және ұлдар мен қыздарға тән заттар, ойыншықтар және материалдармен қамтамасыз ету.
Заттық-кеңістік дамытушы орта білім беру салаларын кіріктіру
ұстанымдары ескеріліп құрылады.
Мысалы:
Бір білім саласына арналған материалдар мен жабдықтарды басқа білім беру салаларын жүзеге асыру кезінде де қолдану қажет. Жабдықтарды таңдау балалардың шығармашылық, психологиялық және дене дамуына барынша мүмкіндік беретін келесі әрекет түрлері үшін іске асырылады: ойын, танымдық-зерттеу, коммуникативтік, еңбек, көркем-музыкалық, көркем әдебиетті қабылдау және т.б.
Заттық-кеңістік дамытушы орта мектепалды даярлық бойынша оқу материалдарынан тұрады.
Мектепалды даярлық бойынша оқу материалдары пәндік кешен түрінде берілген. Әрбір кешеннің құрамында әліпби-дәптер, дидактикалық материалдар, мультимедиялық-анимациялық электрондық құралдар және әдістемелік нұсқаулық бар.
Барлық мектепалды даярлық сыныптары өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №217 бұйрығымен бекiтiлген «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын басшылыққа алады.
Достарыңызбен бөлісу: |