«Адам және экология» вариативті компонент Түсініктеме



Дата22.10.2019
өлшемі124,45 Kb.
«Адам және экология » вариативті компонент

Түсініктеме

Адам және экология вариативті компонентін оқыту арқылы оқушылардың тірі табиғатқа деген көзқарастарын дамытуда, қоршаған орта жағдайы мен тір ағзалар арасындағы байланыс қамтылады. Вариативті компонент оқушылардың экологиялық білімдерін ары қарай жетілдіре отырып, биогеоценоз заңдылықтарын танып білуге , экологиялық проблемаларды дұрыс түсіне білуге үйретеді . Қоршаған ортаның ластану себептерін дұрыс танып білуге қалыптастырады. Табиғаттағы зат айналым процестері туралы білімдерін кеңейте отырып , олардың қоршаған ортаға әсерін, қоректік экологиялық приамидалардың маңыздылығын, табиғаттықорғау шараларын түсіндіреді. Биоэкологя пәні туралы түсініктерін дұрыс қалыптастырады. Экологиялық сауатты ойлауға тәрбиелейді. Вариативті компонентте туған өлкенің экологиялық жағдайын нақты сараланады.Қолданбалы курс сабақтары оқушылардың өздік ізденіс дағдыларын арттыра отырып , оқытуға негізделген .

Мақсаты:

Оқушылардың биология, экология негізінде «экология» ғылымы туралы түсініктерін, ғылыми тұрғыдан көзқарастарын қалыптастыру, білімдерін тереңдету және дамыту.



Міндеттері:

  • Экология негізерді туралы алған білімдерін ғылыми негіздерге сүйеніп, ары қарай тереңдету, дамыту

  • Экологиялық есептерді шеше білуге

  • Экология негіздері бойынша білімдерін, дүние танымдарын кеңейту

  • Оқушылардың экология ғылымына көңіл бөліп шығармашылықпен ізденуіне және қоршаған орта экологиялық мәселелерге зерттеп, зерделеуге, ҚР Заңнамасындағы экологиялық баптарды білулеріне экологиялық тәрбие беруге тәрбиелейді.

  • Жергілікті жердің экологиялық жағдайларына баса назар аударуға

  • Әртүрлі экологиялық жобаларға қатысуды

Бағалау формасы: сынақ

Оқушыларға қойылатын талаптар:

Білік дағдылары:



  • Экология ғылымының ашылып жатқан жаңалықтарынан хабардар болу

  • Биологияның дамуының әлеуметтік –ұлтаралық және адамзаттың экологиялық мәселелерімен арасындағы байланысты орната білу

  • Экологиялық зерттеулерді өз бетімен орындай білу (бақылау, өлшеу, экспермент қою, моделдеу) және зерттеу қорытындыларын сауатты рәсімдеу.

Экологиялық терминдер мен белгілерді пайдалану

  • Қоршаған орта жағдайларының ластану себептерін танып –білуге

  • Жер қабаттарының биологиялық, географиялық ерекшеліктерін білуге

  • Қазақстанның табиғи су қорларын

  • Сирек кездесетін дәріліу өсімдіктерді табиғат аясында танып білуге

  • Жергілікті жердің экологиялық проблемаларын білуге

  • Қоршаған ортаның адам ағзасына әсерін

  • Экологиялық есептеулерді сауатты жүргізу

  • Өсімдіктермен жануарлардың экологиялық топтарын ажырата білуге

  • Кеппе шөптермен жұмыс жасай білуге

  • Топсеруен кездерінде табиғатта өздерін ұстай білуге

  • Табиғаттағы зат айналымды

  • Жергілікті жердің өсімдіктерін танып білуде систематикалық анықтамалықпен жұмыс жасай білулерін.



  • Жануарлар коллекцияларын жинақтай білу

  • Жергілікті жерді кездесетін өсімдіктер мен жанцуарлар түріне назар аудару

  • Биотехнология, нанотехнология жетістіктерін білу

  • Қызыл Кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін танып білуге

Дамыту:


  • Дүниетанымдық қызығушылықтарын

  • Қазіргі заманғы экологиялық мәселелерді оқу барысындағы интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттері

  • Эксперменталдық зерттеулер жүргізу

  • Экологиялық есептерді шешу


Күтілетін нәтиже: Оқушылардың жеке қабілеттерін дамыта отырып жоғары деңгейде ойлай алатын тұлға тәрбиелеу; Өмірге деген көзқарастарын арттыру


Бақылау түрлері мен формасы:

  • Әртүрлі қиындық деңгейдегі тест тапсырмалары

  • Семинар сабақтар

  • Кестемен жұмыс істеу

  • Әртүрлі қиындық деңгейіндегі тапсырмалары бар жеке карточкалар.

    Іскерлік әрекет:



  • Экологиялық теориялық білімді практикамен ұштастыру.

  • Күнделікті өмірде экологиялық білімді пайдалануы

Бағдарлама туған өлкенің табиғатын тани білуге оқушылардың ғылыми жаратылыстану көзқарастарын , экологиялық ойлауларын азаматтық жауапкершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелейді.

Бағдарлама оқушылардың жеке білім , білік дағдыларын ескере отырып, ұжымдық оқыту, саралап деңгейлеп оқыту, АКТ, сын тұрғысынан оқыту мен жазу, тірек конспектілері, дидактикалық материалдар және жеке оқушымен дербес жұмыс жасау арқылы оқытылады.



барлығы 34 сағат



Сабақтың тақырыбы

Сағат

саны


Өткізу

мерзімі





Жалпы экологияның негіздері

10




1

Жалпы экологияның негіздері

1




2

Экожүйе- биосфераның құрылымдық- функционалды бірлігі

1




3

Популяциялар. Түрлер

1




4

Популяциялық есептеулер

1




5

Бәсекелестік. Түрлері сипаттамасы

1




6

Тіршілік үшін күрес

1




7

Экологиялық пирамидалар, коректік тізбек

1




8

Табиғаттағы зат айналымы

Көміртек, азот айналымы



1




9

Оттек, күкірт, фосфор, судың айналымы

1




10

Табиғаттағы зат айналымының қоршаған ортаға әсері

1







Биосфера туралы ілім

6




11

В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі

1




12

Биосфераның эволюциясы. Тіршілік тарихы

1




13

Биосфера тұрақтылығы

1




14

Биосфера тұрақтылығына антропогендік іс-әрекеттің әсері

1




15

Ноосфера және тұрақты даму концепциясы

1




16

Сынақ. Қорытындылау

1







Адам, өсімдіктер және жануарлар экологиясының негіздері

9




17

Өсімдіктер экологиясы

1




18

Экологиялық факторлардың өсімдіктерге әсері: жылу, жарық, топырақ, ауа

1




19

Өсімдіктердің тіршілік формалары

Жергілікті жердің өсімдік топтары



1




20

Популяцияның экологиясы.

1




21

Бірлестіктер экологиясы

1




22

Биогеоценоз

1




23

Табиғатты қорғау

1




24

Қазақстанның, Шығыс Қазақстан облысының экологиялық проблемалары

1




25

Бақылау жұмысы

1







Микроағзалар экологиясының негіздері

9




26

Микроағзалар экологиялық топтары

1




27

Микроағзалардың таралуы. Бактериялардың табиғи популяциялары

1




28

Микроағзалардың қоршаған ортаға әсері

1




29

Микроағзалардың таралуы. Микроағзаларға орта факторларының әсері

1




30

Микроағзалардың зат пен энергия айналымына қатысуы

1




31

Қоршаған ортаның биотехнологиясындағы әсерлер

1




32

Биотехнологиядағы процестер. Адам және микроағзалар

1




33

сынақ

1




34

Жылдық қорытынды


1




Қарағанды қалалық білім бөлімі

«№66 жалпы білім беретін орта мектеп»КММ

Бекітілді

№66 орта мектеп директоры:

Нурмуханов Б.Н.

_______________

«__»_______2019ж.

«Адам және экология »

7 сынтарға арналған

Қарағанды 2019

Құрастырушы: Тусупова Асель Мукажановна

Пікір жазған_______ Кантарбаева Гульмира Абдиманаповна

(жоғарғы санатты биология пән мұғалімі)


Жаратылыстану бағатаның ӘБ қаралды.

Хаттама №___ «__»____2019ж.

Хатшы ______ (қолы)

Мектеп ӘК қаралды

Хаттама №___ «__»____2019ж.

Хатшы ______ (қолы)

Пікір

№66 жалпы білім беретін орта мектептің география пәнінің мұғалімі Тусупова Асель Мукажановна « Адам және экология» вариативті компоненттінің бағдарламасы 7 сыныптарға арналды. Бағдарлама 34 сағатқа жоспарланған. Бағдарламаның тиімділігі оқушылардың бойында ізденушілік, пәнге деген қызығушылық, қоршаған орта туралы ой пікірін, адам мен табиғатқа деген философиялық көзқарасты қалыптастыру болып отыр.



Бағдарлама ғаламшарлар,жер бетіндегі және мұхит түбі ортасының қыр- сырларын түсінуге, әрі жүйелі білім қалыптастыруға негізделген.

Пікір беруші: _____ Кантарбаева Гульмира Абдиманаповна

(жоғарғы санатты биология пән мұғалімі)

Әдістемелік кеңес отырысының

№1 хаттамасының көшірмесі

« №66 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

31.08.2019ж.
Қатысты: төрағасы – Нурмуханов Б.Н.,

Төрағаның орынбасары – Кайданович Л.В.,

хатшы – Бейсекеева А.Т.,

әдістемелік кеңестің 19 мүшесі

Күн тәртібінде:
1. Үйірмелер, қолданбалы курстар және таңдау курстарының бағдарламаларын талқылау.

Кайданович Л.В.,


2. 2019-2020 оқу жылында 7 сыныпқа арналған «Адам және экология» бағдарламасын ұсынып отырған география пәні мұғалімі Тусупова Асель Мукажановнаны тыңдады.
Сөз сойледі: ӘБжетекшісі Кантарбаева Гульмира Абдиманаповна

2019-2020 оқу жылына Тусупова Асель Мукажановнаның 7 сыныпқа арналған «Адам және экология» вариативті компоненттің бағдарлдамасын сипаттап берді: « Бұл бағдарлама ӘБ отырысында (31 тамыз 2019 жылы хаттама №1) және әдістемелік кеңес талқылауына ұсынылған. Оның маңыздылығы оқушылардың бойында гуманистік дүниетанымның негіздерін, рухани адамгершілік құндылықтардың , жеке сенімнің жүйесін қалыптастыруға ықпал етуінде».


Шешім
3.Тусупова Асель Мукажановна 7 сыныпқа арналған «Адам және экология» вариативті компоненттің бағдарлдамасын еш өзгеріссіз бекіту, 2019-2020 оқу жылында оқу жоспарын вариативті бөліміне енгізу.

Төраға: Нурмуханов Б.Н.


Хатшы: Бейсекеева А.Т.,
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Энциклопедия

2. С. Мұқанов «Аққан жұлдыз»

3. Астрономия

4. Қазақ энциклопедиясы



5. Тұяқбаев Н. «Жер қойнауына саяхат»

6. Лазаревич К.С. «Физикалық география. Табиғатты қорғау және көбейту».

Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет