2 МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОПТАРЫ МЕН СЫНЫПТАРЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ-ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектепалды даярлық білім беру жүйесі алғашқы саты ретінде мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді, 6-7 жастағы балалардың зияткерлік және денесінің дамуы үшін жағдайлар жасайды.
Қазіргі таңда мектепалды даярлық мектепке дейінгі ұйымдарда және жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады.
Мектепалды даярлықтың негізгі міндеті – балалардың мектепте оқуға уәжін және оған эмоциялық дайындығын қалыптастыру.
Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы, зияткерлік, дене дамуын, олардың білімді игеруге дайындығын қамтамасыз ету, оқу әрекетін меңгеру үшін балада тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |