Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме-дәл түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруға арналған оқығанын пайдалану бағаланады.
Математикалық сауаттылық– әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.