Екінші сыныпта, «Бейнелеу өнері» және "Еңбекке баулу" пәндерін
қамтитын, кіріктірілген "Көркем еңбек" пәнін оқыту басталады. Бұл пилоттық мектептердің оқушылары жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларымен тең болу үшін жасалынған . Өйткені 1-сыныпта осы пәндер сараланып оқытылған.
Оқу пәндері мазмұнының әдістемелік ерекшеліктері:
1) Қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін, орыс тілді емес мектептерде орыс тілін және ағылшын тілін деңгейлік оқыту. 2- сыныпта тілдерді оқыту барысында сөйлеу қызметінің төрт: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдысын дамытуға арналған коммуникативтік тәсілді күшейту қажет. Екінші, үшінші тілдерді оқытудың оңтайлы тұстары сөздік қорын кеңейтуге, кіріктірілген тілдік тақырыптардың аясында коммуникативтік дағдыларды пысықтауға мүмкіндік беретін бірыңғай сөйлеу-тақырыптық режимін енгізу болып табылады. Пәндерді оқыту CEFR (тілдерді меңгерудің жалпыеуропалық рамкасы) сәйкес жүзеге асырылады;
2) «Орыс тілі және әдебиеті» кіріктірілген оқу пәндерін оқыту сөйлеу қызметінің төрт түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) меңгеруге; лексика, фонетика, грамматика туралы алғашқы білімді дамытуға; сауатты жазу мен оқу білігін меңгертуге; оқушылардың сөйлеуін жетілдіруге; оқығанның мазмұнын түсінуге, негізгі ойды бөліп көрсету білігін, саналы түрде оқуды дамыту мен қалыптастыруға; халық ауыз шығармашылығының түрлі жанрлары мен әдеби шығармалар туралы алғашқы білім алуға бағытталған.