8) «Дене шынықтыру» бағдарламасының мақсаты дене тәрбиесінің негіздерін тану, атап айтқанда, олардың спорттық-арнайы қозғалыс дағдыларын және физикалық қабілеттер алуымен қатар, физикалық тұрғыдан дамыту денсаулығына ықпал ету болып табылады.
2-сыныптың оқу бағдарламаларына пәндер бойынша ұсыныс сипатындағы, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлардан тұратын оқу жоспарлары қоса беріледі. Оқытудың мақсаттары мен тәсілдері жүйесіне негізделетін жоспарларда сабақты өткізу жөнінде тақырыптар мен бөлімдер, 2-сынып оқушыларын сабақта ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге арналған ұсыныстар, сондай-ақ, оқу ресурстары (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдар және т.б.) берілген.
Білім беру процесін ұйымдастыру кезінде мұғалім пәнаралық байланысты жүзеге асыруда қызмет ететін ортақ тақырыптарды ескеруі қажет. Ортақ тақырыптар, сол сияқты, оқу пәндерін кіріктіретін компонент ретінде тоқсандарға бөлінген. Әр тоқсанда екі ортақ тақырып болады, олардың әрқайсысына шамамен бірдей сағат бөлінеді.
Үй тапсырмалары бастауыш мектепте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсанда №179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларды ескере отырып, өзіндік жұмыс түрі ретінде 2-сыныптан бастап беріледі.