Жалпы ережелер


Білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері



бет18/204
Дата22.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#9690
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   204
Білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері

Білім беру процесін тиімді ұйымдастыру және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарда сапалы тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету мақсатында мынадай

ұстанымдар мен тәсілдер қарастырылуы қажет:

- тәрбие мен оқытудың барлық қатысушылары – педагогтер, психологтар, ата-аналармен баланың тұлғасын қалыптастыру мен оның қабілеттерін дамытуда кешенді тәсіл;

- балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оларды дамытудағы әрекеттік тәсіл;

- тәрбие мен оқытудың мазмұны мен әдістерінің бірлігі, сабақтастығы, үздіксіздігі;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы білім беру процесін интерактивті құру.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мазмұны мектеп жасына дейінгі балаларға арналған үйретуші және дамытушы бағдарламалардан тұратын ресурстары бар интерактивтік жабдықтан тұрады.

Инновациялық технологиялардың ерекшеліктері бір уақыттағы әрекет барысында бірнеше әрекеттің қатар жүргізілуінде көрінеді: мәтінді кәсіби дикторлардың айтуы; мультимедиялық анимациялық материалдарды көрсету; - балалардың білім беру әрекетіне қатысуында.

Мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасы «Новые решения», «Алматыкітап» және «Арман-ПВ» баспаларымен әзірленген әдістемелік ұсынымдармен, оқу-әдістемелік кешендермен, оқу және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет