23 мектебіні бойынша әдістемелік кеңес жұмысының есебі. 2016-2017 оқу жылы Мектебіміздің әдістемелік жұмысы



бет1/10
Дата04.08.2017
өлшемі3,62 Mb.
#22890
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
23 мектебіні бойынша әдістемелік кеңес жұмысының есебі.

2016-2017 оқу жылы
Мектебіміздің әдістемелік жұмысы- жаңаша оқытудың жолдарын тауып және оны дамыту мен қалыптастырудың алғы шарттарын жүзеге асыру мақсатында  жұмыстың үлгісі мен әдіс –тәсілдері  басшылыққа алынды.                                

Мектептің әдістемелік жұмыс жоспары бойынша  5, кезектен тыс 1  әдістемелік кеңес  және ӘБ отырыстары  болып өтті, онда қаралған мәселелер: Жаңа тенология негізінде оқу процесін жетілдіру, пән апталықтарын өткізу, мұғалімдерді аттестациялау жұмыстары, оқушыларды мектепішілік, қалалық пән олимпиадаларына дайындау,жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені тарату,  білім беруді нәтижеге бағыттау арқылы білім сапасын арттыру жолдары, оқытудың тиімді технологияларын мектеп практикасына ендіру бағытындағы тәжірибе алмасу  жұмыстары,нормативті құжаттар мен педагогикалық – психологиялық әдебиеттерге шолу, тағы сол сияқты мәселелер, қажетті  тақырыптарда әдістемелік баяндамалар тыңдалып, пікір алысулар жүргізілді. Қалалық    семинар өтті.

2016-2017 оқу жылының басында мектепке 379 оқушы қабылданып,23 сыныпқа бөлініп оқыды.54 мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерінен тұратын үш топ және екі шағын топта 28 тәрбиеленуші бар.Жалпы оқу жылы ішінде 18 оқушы басқа мектепке ауысып,20 оқушы мектебімізге келіп, оқу тоқсанын 381 оқушымен, мектепалды даярлық тобын 59 тәрбиеленуші және шағын топты 29 тәрбиеленушімен аяқтадық. Оқу озаттары -60,оқу екпінділері-122, сапа- 48 % . Мектеп бойынша 1-4 сыныптардың сапасы -59% , 5-9 сыныптардың сапасы -37%, 11 сыныптың сапасы -27%.

2016-2017 оқу жылының сабақ кестесі барлық гигеналық талаптарды орындай отырып мектепішілік жасақталды.

Мектеп бойынша мұғалім саны –48. Жоғары санатты-11 . Бірінші санатты- 10

Екінші санатты – 10.Санаты жоқ-17.Сапа - 64 %. Жоғары білімді-38

Арнаулы орта білімді-9. Педогогикалық білімі жоқ-0

Жаңа оқу жылында:

1) мектепалды даярлық сыныптарында және 1-сыныптарда білім беру


процесі келесі құжаттар мен материалдар негізінде жүзеге асырылады:
ü Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292
қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға
міндетті мемлекеттік стандарты;
ü Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327
қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2015);
ü Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы
15 шілдедегі №453 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;

ü Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы


8 сәуірдегі №266 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің жалпы білім
беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
ü «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және
басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі
тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2016 жылғы 6 мамырдағы №309 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары;

2) 2-11-сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар мен материалдар
негізінде жүзеге асырылады:
ü Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080
қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-
2012);
ü «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі №296
бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;

ü Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы


3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің,
таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;

ü «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы


3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі №281 бұйрығымен
бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;

ü Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы


3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің,
таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;

ü «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы


3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі №281 бұйрығымен
бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;

ü «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы


3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен
бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;

ü «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың,


оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша
әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін
атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер енгізу
туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 8 қаңтардағы №13 бұйрығымен бекітілген оқу
басылымдары;

ü «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және


басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі
тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №400 бұйрығына
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі №251 бұйрығымен бекітілген оқу
басылымдары;

2016-2017 оқу жылын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Мектепке дейінгі және орта білім департаменті Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Әдістемелік нұсқау хат 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы құжаттары басшылыққа алынды.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2016-2017 жылы оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған ОЖСБ барысында мектеп бойынша жоспарлары жасақталынды.

Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасуын тексеруге


арналған тапсырмалардың үлгілері ОЖСБ мен ҰБТ-ға дайындық оқу әдістемелік құралдарында қамтылған.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік


жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам»
бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында
әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115
бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары бойынша «Өлкетану» 7-сыныпқа
«Абайтану» 9-11-сыныптарға таңдау курстарына 1 сағат берілді.
Вариативті компоненттен 9-сыныптар үшін «Зайырлылық
және дінтану негіздері» курсын оқытуға 1 сағат апталық жүктеме беріледі. ҚР
Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен
бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары бойынша «Зайырлылық және дінтану курсын тарих немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен Абдрахманова Гүлшара Ныгметқызы жүргізеді.

8-сыныпта «TIMSS, PISA» халықаралық оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында «Физика әлемінде» таңдау пәніне 1 cағат 7-8 сыныптарға берілді. «Таңғажайып химия » таңдау пәніне 1 cағат, « Атырау географиясы » пәніне 1 сағат берілді.

Қ.Р.Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыз №1080 қаулысымен бекітілген ұлттық іс-шаралар жоспарының 41және 42 тармақтарына сай әзірленген

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің PISA, TIMSS және PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижесін жақсарту қажеттілігі көрсетілген. 15 жасар оқушылардың әртүрлі үлгіде берілген мәтіндерді түсінуі) мен TIMSS (4 және 8-сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын салыстырмалы бағасы) халықаралық зерттеулеріне қатысады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)

қызметінiң үлгілік қағидаларының» 18-тармағына сәйкес ата-аналардың немесе өзге де заңды өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып, жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптары (бір сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан артық оқытылмауы тиіс) немесе арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларында көрсетілген толымдылыққа сәйкес бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн деп көрсетілген.Осыған орай 2016-2017 оқу жылында инклюзивті оқу бағдарламасымен 2 оқушы оқиды.Олар:

1

Жолдасбаев Даулетьяр

26.08.2003 жыл

ЗПР церебрально-органического генеза.Регевое развитие соответствует возрастному уровню

2

Исатайұлы Дінмұхаммед

01.08.2002 жыл

ЗПР церебрально-органического генеза.Церебро-астенический синдром.Лексико-грамматическая недостаточность.

Кембридж университеті ғалымдарымен педагогикалық шеберлік орталығының бірлесіп ұйымдастырған деңгейлік курстан мектеп бойынша барлығы-7 мұғалім өтті.Деңгей бойынша тоқталатын болсақ:

І деңгей бойынша -1 мұғалім;

2 деңгей бойынша -1 мұғалім

3-деңгей бойынша -6 мұғалім

Мектеп басшысы Улжагалиев Данияр Төлеушович және Тәрбие ісі орынбасары Н.Масакаева басшылық 9 ай курстан өтті.Мектеп мұғалімдері мектептің даму жоспарымен жоспарлы жұмыс істеп жатыр.Мектеп жоспарына сәйкес мектепішілік коучингтер,ашық сабақтар өткізілуде.

Әдістемелік кеңес жыл басында мектеп директорының бекітілген жоспарына сәйкес 8 бағыт бойынша жұмыс жүргізеді.Жыл басында әдістемелік кеңестің №1 кеңесі 29.тамыз күні өтті.Сонымен қатар кезектен тыс №2 әдістемелік кеңес мәжілісі 18 қазан күні «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерде критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша үйлестірушілердің әрекетін ұйымдастыру туралы нұсқау хаты» негізінде өткізілді.6.01.2017 ж.күні әдістемелік кеңестің №3 жиналысы өтті.3.03.2017 күні кезектен тыс №4 кеңес жиналыс өтті.Қаралған мәселе 2016-2017 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұны аясында жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ьеру ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістіктеріне критериалды бағалау тақырыбында өтті.Критериалды бағалау жүйесін енгізу барысында мектеп үйлестірушісі тағайындалған.Қазір 1 сыныптарға жүргізілген дискрипторларға байланысты жиынтық бағалау шықты.Қазір жұмыстары жинақталуда.
Әдістемелік кеңес жоспарына сәйкес пән апталықтары өткізілді. Желтоқсан оқиғасына яғни біздің тәуелсіздігімізге биыл 25 жыл толып отыр. Мектебімізде тәуелсіздігіміздің 25 жыл мерей тойына байланысты , қазақ тілі , орыс тілі,ағылшын тілі пән бірлестігінің «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында мектеп директорымен бекітілген іс-шаралар жоспары жасақталып , 21-26 қараша аралығында апталық өткізілді .

Апталықта мерекелік лездеме ұйымдастырылып ,еліміздің әнұраны тыңдалды . Пән бірлестік жетешісі Сейталиева Б.Ж оқушыларға апталықтың іс-шаралар жоспарымен таныстырды ,одан әрі тәуелсіздікке байланысты үш тілде көркем сөз шеберлері өлең оқып , көңілді ән –шашумен жалғасты .

«Тәуелсіздік -теңдесі жоқ байлығым » тақырыбында қабырға газеттері шығарылды Бастауыш сыныптарда ағылшын тілі пәні мұғалімі Қадыров Ислам «Тәуелсіздік –ел тірегі » тақырыбында суреттер байқауын және 6-7 сыныптарға «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз » тақырыбында бейне ролик көрсетіп ағылшын тілінде оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.

7 «а,б» сынып оқушыларымен бірлескен «His sweet gift of Independence » ашық тәрбие сағаты өте жақсы деңгейде өтті .

Пән мұғалімдері үш тілде 8-11 сыныптар аралығында «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым » тақырыбында ең үздік шығармалар жарысын ұйымдастырды .

Орыс тілі пәні мұғалімі Бозжігітова Лаззат 5 «а», 5 «б » сыныптарына «К Дню Независимости Казахстана » тақырыбында сынып сағатын жүргізсе, 6-7 –сыныптар аралығында «Горжусь тобой , мой Казахстан » тақырыбында викториналық сұрақтар арқылы оқушылар тәуелсіз еліміз Қазақстан республикасы жайында өз ойларын ашық кеңінен ортаға салды .

Сонымен бірге орыс тілі пәні мұғалімі Кабдирова Алмагүл 8-9 сыныптар аралығында « Моя Родина Казахстан » тақырыбында сынып сағатын өткізсе , 4 «а,б» сыныптар аралығында ағылшын пәні мұғалімі Кушалиева Нұргүл «Kazakstan Independent contry » тақырыбында оқушыларға ағылшын тілінде консерттік бағдарлама ұйымдастырып , белсенді тақтадағы ұяшықтарда жасырын сұрақтарды оқушылар аша отырып, ағылшын тілінде жауап берді . Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарының жоғары екендігі байқалды

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нугманова Айман 5 «а,б » сыныптар аралығында «Тәуелсіздік - ата –бабам аңсаған »тақырыбындағы тәрбие сағаты да тәуелсіздігіміздің қаншама қиындықтарды жеңу арқылы келгендігін көрсететін тәлімі мол шаралардың бірі болды .

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Мусина Жанаргүл 8 «а,б» сыныптар аралығында « The state symbol of Kazakstan » тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты және 5-8-9 –сыныптар аралығында белсенді тақта арқылы көрсетілген «Елімнің бақытын тербеткен –Тәуелсіздік »тақырыбындағы бейне ролик өте тағылымы жоғары өз мақсатына жеткен тәрбиелік шара деп айтуға болады .

Апталығымыздың қорытындысы «Тәуелсіздік -таң нұры » тақырыбындағы 5-11 сыныптар аралығында өткізілген әдеби -сазды кешпен аяқталды, . Тілдер апталығында өткізілген барлық сайыстар мен ашық тәрбие сағаттары, бейне роликтер мәңгілік еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы , еңсесі биік , мәртебесі берік боларының белгісі болды .



Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне өткізілген іс –шаралардың қорытындысы айтылып , оқушылар мадақтама қағаздармен марапатталды.

Апталығымыздың қорытындысы «Тәуелсіздік -таң нұры » тақырыбындағы 5-11 сыныптар аралығында өткізілген әдеби -сазды кешпен аяқталды.Тілдер апталығында өткізілген барлық сайыстар мен ашық тәрбие сағаттары, бейне роликтер мәңгілік еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы , еңсесі биік , мәртебесі берік боларының белгісі болды .

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне өткізілген іс –шаралардың қорытындысы айтылып , оқушылар мадақтама қағаздармен марапатталды. Желтоқсан айының 5-10 аралығында эстетикалық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген “ Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» атты апта-апталығын атап өтуімізге болады.



Желтоқсан айының 5-10 аралығында өткізілген «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» тақырыбындағы технология , бейнелеу , өзін-өзі тану, дене тәрбиесі , АӘД,музыка пәндері бірлестігі апталығы өтті.

Р.с.

Өткізілетін шаралар

Мерзімі

Жауапты мұғалімдер

1


Апталықтың ашылуы

05.12.2016ж

Бірлестік жетекшісі және пән мұғалімдері

2


Қабырға газеттерін шығару,суреттер байқауы,көрме ұйымдастыру

Апта ішінде

Пән мұғалімдері

3


«Ұлт саулығы»

(7 сынып оқушылары арасында

спорттық шара)

09.12.2016ж

Сағ 12-00

Дене тәрбиесі пәні мұғалімі

Кусаинов А.А

4


Тренинг

«Әр күніңді – жақсылыққа бағытта»

08.12.2016ж

Өзін-өзі тану пәні

мұғалімдері

5

Шеберлік сыныбы

Кілем тоқу, түкті кілем, түксіз



кілем”

08.12.2016ж

Сағ 11-00

Бейнелеу және технология пәні мұғалімдері

6


Паранормалық сабақ

«Қуатты қару- жарақ – қауіпсіздік

кепілі»


09.12.2016ж

АӘД пәні мұғалімі

Избасаров.Б.К.

7

«Чемпиондар біздің болашағымыз»

09.12.2016ж

АӘД пәні мұғалімі

Избасаров.Б.К.

8

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына

концерттік бағдарлама

Менің Қазақстаным – менің



болашағым

09.12.2016ж

Сағ 16-00

Айсангалиева М.Р.

Масакаева Н

9


Спорттық сайыс

«Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы»

10.12.2016ж

Сағ 12-00

Дене тәрбиесі пәні

Мұғалімі

Молдагалиев Р.К.

10


Апталықтың жабылуы

10.12.2016ж

Бірлестік жетекшісі және пән мұғалімдері


Апталықта қабырға газеттері шығарылып суреттер байқауы, көрме ұйымдастырылды.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет