Жалпы ережелер



бет40/204
Дата22.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#9690
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   204
Әдебиеттік оқу

«Әдебиеттік оқу» пәні – бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді.

«Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту ерекшелігі – пән мазмұны балалар әдебиеті (ауызекі, жазба) үлгілерін, жазушылар өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша мәліметтерді, ғылыми-танымдық шығармаларды оқытып үйретеді, мақала, естелік, өмірбаян туралы түсінік қалыптастырады, әдеби-теориялық білімдерді игертеді, монолог, диалог құруға дағдыландырады.

2-3-сыныптарда маусымдық-тақырыптық ұстаным басшылыққа алынатыны себепті маусымдық материалдардың дер кезінде оқылуы, мәтіндегі оқиғалардың оқушының көз алдында өтіп жатуы тиістігі ескеріліп, оқу күз айында басталатынына орай «Білім керек бәріне», қыс мезгілінің материалдары «Қыста талай қызық бар», көктем, жаз айлары келбеттері «Туған өлке табиғатын қастерлейік» деген атаулармен берілді.

Бастауыш сынып оқушысының дайындық деңгейіне келесі талаптар

қойылады:

- 2-сыныпта көлемі 150-200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау мен әңгімелеу; халық ауыз әдебиет үлгілерін және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айту; 2-3 өлеңді жатқа айту, 25-30 сөзден тұратын мазмұндама мен шығарма жазу;

- 3-сыныпта көлемі 200-250 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау және әңгімелеу; халық ауыз әдебиет үлгілерін және 3-4 өтірік өлеңді, 4–5 өлеңді жатқа айту; 15-20 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айту; 30-35 сөзден тұратын мазмұндама мен шығарма жазу;

- 4-сыныпта көркем шығармадан алған әсерін 8-10 сөйлеммен жазбаша түрде орындау; 40-45 сөзден тұратын мазмұндама мен шығарма жазу.

- «Әдебиеттік оқу» пәні 2-4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылып, оқу жылы бойынша әр сыныпта 136 сағатты құрайды.

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

2-4 сыныптарда – аптасына 4 сағат, оқу жылында 136 сағат.

10-кесте – Қорытынды жұмыстар саны

Тоқсан

2 сынып

3 сынып

4 сынып

Барлығы

Тексеру

Бақылау

Тексеру

Бақылау

Тексеру

Бақылау

Тексеру

Бақылау

I

4

1

4

1

4

1

12

3

II

1

1

1

3

III

1

1

1

3

IV

1

1

1

3

жыл

4

4

4

4

4

4

12

12

Бағаның төмендеуіне әсер ететін қате мен кемшіліктердің классификациясы

Қателер: қате оқу (әріптерді ауыстыру, сөздерді, әріптерді тастап кету, сөздерді, буындарды, әріптерді қосып оқу); екпінді дұрыс қоймау; мәтіннің бәрін мағыналық кідіріссіз оқу, дауыстап оқығанда сөздің айтылуын ырғагы мен анықтығын бұзу; қойылған оқу уақытында оқылған мәтіннің жалпы мағынасын түсінбеу; мәтін мазмұнына сай сұрақтарға жауап бере алмау, оқылғаннан негізгі ойды көрсете алмау, оқылған мәтіннен негізгі мазмұнды түсінуді білдіретен мәтіндегі сөз және сойлемді таба алмау, мазмұнын айтуда шығарма оқиғасының бірізділігін бұзу; дайындалған мәтіннен жатқа айтудан берік емес білім; бірсарынды оқу, мәнерлеп оқи алмауы.

Кемшіліктер: дауыстап оқуда мағыналық кідіріс, ырғақ пен сөздердің айтылу анықтығының бұзылуы; орнатылғаннан біршама жоғары уақытта оқылған мәтінді түсінуі; шығарманың негізгі ойын тұжырымдаудағы дәлсіздік; мәнерлеп оқуды мақсатты қолдана алмауы, кейіпкер мінезін көрсетудегі мәнерлеудің жеткіліксіздігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет