Бастауыш сыныптарда шет тілінің оқыту мақсаты – оқушыларға қарапайым коммуникативтік құзыреттілігін тыңдалым,айтылым, оқылым, жазылым дағдылары арқылы оқыту және қалыптастыру.
Қарапайым қоммуникативтік құзыреттілік деп төменгі сынып оқушысының күнделікті жағдайдағы шектеулі ортада және қарым-қатынас саласында сол меңгерілетін шетел тілін иеленушілермен ауызша және жазбаша түрде тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынасын іске асырудағы төменгі сынып оқушысына тән қабілеті мен дайындығы ретінде түсіндіріледі
Бастауыш сыныптарға арналған шетел тілін оқыту курсы қарапайым деңгейін меңгеруге бағытталған және А1 - (ауызекі қолданыс деңгейі - Breakthrough) тілді меңгерудің жалпыеуропалық деңгейіне сәйкес келеді.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес бастауыш мектепте «Шет тілі» пәнінің оқу жүктемесінің көлемі:
2- 4 сыныптарда – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.
Жаңа лексика көлемі:
2-сыныпта-100 сөз, оның ішінде белсенді лексика - 40 сөз, пассивті - 60 сөз, 3-сыныпта-120 сөз, оның ішінде белсенді лексика – 50 сөз, пассивті - 70 сөз, 4-сыныпта-130 сөз, оның ішінде белсенді лексика - 60 сөз, пассивті - 70 сөз.
2-сыныптарда есептік сандарды қолдану 13-тен 100-ге дейін, 3-сыныптарда реттік және есептік сандарды қолдану, 4-сыныптарда реттік және есептік сандарды сөйлеуде қолдану.
Оқу үшін мәтін көлемі:2-сынып – 30 сөзден артық емес, 3- сынып-40 сөзден артық емес, 4-сынып -50-60-сөзден артық емес.
Жазу көлемі: 4- сыныпта 30-40 сөзге дейін.
2-сынып оқушысы 6-8 сөйлемнен тұратын мәтін құрастыру қажет. 3- сыныпта оқушылар 8-10 сөйлемнен тұратын мәтін, 4-сыныпта 10-12 сөйлем құрайды.
Сабақта диалогтық сөйлеу дағдысын, жұптық және топтық жұмысты дамыту мен бекіту қажет. 2-сынып оқушылары меңгерілген тақырыптары бойынша қарапайым сұрақтар қойып және оған жауап беруі қажет. 3-4 сыныптарда өлкетану бойынша қарапайым тапсырмаларды енгізу қажет.
Оқушыларда меңгерілген тақырыптар бойынша лексикалық сөздік қоры болуы қажет: 2-сынып – 8-10 сөз, 3-сынып – 12-15 сөз, 4- сынып – 18-20 сөз.
Шет тілін меңгерудегі ең маңыздысы тыңдалым болып табылады. Тыңдалым элементтерін мүмкіндігінше сабаққа енгізу қажет:бұл әндерді, тақпақтарды, шағын әңгімелерді тыңдау, мультфильмдерді көру, мұғалімнің ауызша сөйлеу тілі мен аудидисктерді тыңдау.
3-сыныптан бастап шетел сөздері мен оның айтылуына арналған сөздіктер енгізіледі. Оқушыларда жаттығуларды орындау мен грамматика бойынша тақырыптарға жұмыс дәптерлері болуы қажет.