Жалпы ережелер


Үйде оқытудың ерекшеліктері



бет12/204
Дата22.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#9690
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   204
Үйде оқытудың ерекшеліктері

Денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген балаларды үйде жеке оқытуды ұйымдастыруда білім беру бағдарламаларын игеру жалпыға міндетті білім беру стандартының аясында жүргізіледі. Қазіргі таңда балаларды үйде оқыту Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Білім туралы" заңымен бекітілген. Оқыту бағдарламасын (жалпы білім беру бағдарламасы, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған бағдарлама, бірінші және екінші типті коррекциялық қосымша бағдарлама) ата-аналардың қатысуымен психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия (ПМПК) анықтайды. ПМПК-ның ұсынысына қарай білім беру ұйымы оқыту бағдарламасын әзірлейді.

Үйде оқытуды жүргізетін әр мұғалім міндетті түрде кемтар балалардың дамуы мен білімді сапалы игеруі туралы динамикалық бақылау күнделігін жүргізеді. Баланың іс-әрекетіне талдау оның психика-дене дамуына қатысты жасалады.

Сабақ кестесі Типтік оқу жоспары және баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып мұғалімдердің дайындаған жекелеген оқу жоспарының негізінде құрастырылады. Сабақ кестесі ата-аналармен келісіліп, үйде оқытуға жауап беретін мектеп директорының орынбасарымен бекітіледі.

Үйде оқытуды жүргізетін мұғалім өткізілген сабақтарды тіркейтін журналды толтырып отырады. Журналда сабақтың өткізілген күні, оқытылған материал мазмұны және оған бөлінген сабақтар саны көрсетіледі.

Білім алушыларды аттестациялау және көшіру «Білім туралы» заңға, «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестациялау жүргізудің үлгі ережесіне (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген (04.11.13 жылғы өзгертулер мен толықтырулар) сәйкес жүргізіледі.

Денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша бақылауды мектепішілік тексеру аясында мектеп әкімшілігі жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет