\\Жалпы ережелер


Мемлекеттік мекеме қызметінің түрлері мен мақсаттары



бет3/27
Дата12.10.2020
өлшемі72,51 Kb.
#66425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
3. Мемлекеттік мекеме қызметінің түрлері мен мақсаттары

3.1. Мемлекеттік мекеменің басты міндеті- ғылым мен тәжірибе жетістіктері, ұлттық және жалпы адами құндылықтар негізінде жеке тұлғаны дамыту мен кәсіби қалыптастыруға бағытталған білімді алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Мақсаты – оқушыларға білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде жалпы орта білім беру болып табылады.

3.2.Мемлекеттік мекеменің басымдық берілген міндеттері болып табылатындар:

3.2.1.жалпы білім беретін бағдарламаларды меңгеру үшін жағдай жасау;

3.2.2.жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және жеке мүмкіндіктерін дамыту, жеке даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы мейірімділіктің және салауатты өмір салтының негізгі түрлерін қалыптастыру;

3.2.3.азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны-Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халықтық дәстүрге бас июге, конституцияға қарсы және қоғамға қарсы көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

3.2.4.республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу, жеке тұлғаға қатысты өз құқықтары мен міндеттеріне саналық таныту қажеттігін қалыптастыру;

3.2.5.әлем және отандық мәдениеттің жетістіктерімен танысу, қазақ және республикадағы өзге халықтар тарихын, салттары мен дәстүрлерін үйрену, мемлекеттік, орыс, шет ел тілдерін меңгеру;

3.2.6.мемлекеттік мекеменің автономиялығын, дербестілігін кеңейту, білім мен басқаруды демократияландыру және орталансыздандыру;

3.2.7.оқытудың, білім беруді ақпараттандырудың жаңа технологияларын енгізу, халықаралық ауқымды коммуникациялық жүйелеріне шығу;

3.2.8.білім беру сапасын көтеру үшін ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану;

3.2.9.білім берудің әртүрлі және жартылай функционалды ұйымдарын тиімді дамытуға ықпал ету;

3.3.Қызмет түрі: Жалпы орта білім беру аясында қызметін жүзеге асыру.

3.4.Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік мекемені құру мақсатына сай емес қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

3.5.Мектеп жанындағы шағын орталық тобы балаларының (тәрбиеленушінің) ата-аналар төлейтін төлемақысын тіркеуге шот ашу.

3.6.Мектеп бойынша жалпы бірдей оқыту қорынан жағдайы төмен және көп балалы жанұядағы, қамқорлықтағы оқушылар бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылады.

3.7.Мемлекеттік мекеменің медициналық кабинеті бар (дәрігерлік көмекке дейін алғашқы медициналық көмек көрсету).

3.8.Мемлекеттік мекеме ұжымдық басқару органдарын құруға құқылы, соның ішінде қамқоршылдық кеңесін де. Ұжымдық орган мүшелерінің өз қызметтерін орындаулары акысыз негізінде жүзеге асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет