\\Жалпы ережелер


Мемлекеттік мекемені басқару



бет9/27
Дата12.10.2020
өлшемі72,51 Kb.
#66425
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
8. Мемлекеттік мекемені басқару

8.1. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды заңнамаға сәйкес белгіленген уәкілетті орган жүзеге асырады.

8.2. Уәкілетті орган заңнамамен белгіленген тәртіпте келесі қызметтерді жүзеге асырады:

8.2.1. меншікті мемлекеттік мекеменің атына бекітіледі;

8.2.2. мемлекеттік мекемені ұстауға (шығындар жоспары) сметаны бекітеді;

8.2.3. мемлекеттік мекемеге берілген мүлікті тиімді пайдалану және сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

8.2.4. мемлекеттік мекеме жарғысын бекітіп, жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;

8.2.5. мемлекеттік мекемені басқарудың өкілді органдарының құрылымы, құрылу тәртібін және мерзімін анықтайды;

8.2.6.мемлекеттік мекеме басшыларының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны қызметтен босату негіздерін анықтайды;

8.2.7. мемлекеттік мекеменің құрылымын және шекті штат санын бекітеді;

8.2.8. жылдық қаржы есебін бекітеді;

8.2.9. заңдарда белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

8.3. Мемлекеттік мекеменің басшысын (директоры) заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда уәкілетті орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

8.4. Мемлекеттік басшысы мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, уәкілетті органға (заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда) тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуымен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауаптылықта болады.

8.5. Мемлекеттік мекеменің басшысы бірыңғай басшылық принциптерінде қызмет атқарады және Қазақстан Республикасының Заңдары мен осы Жарғыда белгіленген өзінің құзыретіне сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметі мәселелерін дербес шешеді.

8.6. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің қызметін жүзеге асыру кезінде заңдарда белгіленген тәртіппен:

8.6.1. мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

8.6.2. барлық ұйымдарда мемлекттік мекеменің мүдделерін білдіреді;

8.6.3. заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді;

8.6.4. шарттар жасасады;

8.6.5. сенімхаттар береді;

8.6.6. мемлекеттік мекеменің іс сапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге де түрлері жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

8.6.7. банктік шоттар ашады;

8.6.8. барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8.6.9. орынбасарларды (оқу ісінің меңгерушісі) уәкілетті органдармен келісіп қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

8.6.10. мемлекеттік мекеменің уәкілетті органы тағайындайтыннан басқа қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

8.6.11. мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қабылдайды және жұмыстан босатады;

8.6.12. өзінің орынбасарының және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерінің шеңберін белгілейді;

8.6.13. өзіне заңдарда, осы Жарғыда жүктелген және уәкілетті орган жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

8.7. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 44 бап 9 тарауына сәйкес мемлекттік мекемеде мекемені басқарудың коллегиялық түрі болып табылатын қамқоршылық кеңес құрылады. Қамқоршылық кеңесінің құрамы, құрылымы және функциялары Қамқоршылық кеңес туралы Ережемен бекітіледі.

8.8.Қамқоршылық кеңес білім мекемесінің Жарғысы негізінде және кеңес ережесімен заңды тұлға мәртебесінсіз жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет