\\Жалпы ережелер


Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері



бет10/27
Дата12.10.2020
өлшемі72,51 Kb.
#66425
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
9. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері

9.1. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер құқылы:

- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

9.2. Мектеп оқушылар міндетті:

- мектеп бағдарламасы мазмұнына және белгіленген талаптарға сәйкес берілген білім мен тәжірибені ұтымды пайдалануға;

- мектептегі бекітілген тәртіп пен ережелерді ұстануға;

- жас ерекшелігіне, жынысына, физикалық мүмкіндіктеріне, гигиена талаптары мен нормаларына сәйкес, өзіне-өзі қызмет көрсету және басқа қоғамдық-пайдалы жұмыстарды орындау, әртүрлі жұмыстар атқару барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау, ұстану;

- жасты балалар мен өздерінен үлкендермен араласуда қоғамдық тәртіпті ұстануға міндетті;

- білім алушылар білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісін сақтауға міндетті, хиджаб киюге тыйым салынады;

- мектеп ғимаратында, оқу кабинеттеріндегі құрылғыларды, мектеп жиһаздарын ұқыпты пайдалану.



10. Оқушылардың ата-аналарының құқықтары мен міндеттері

10.1. Балалардың ата-аналарының (оларды алмастырушылар) міндеті:

- өз балаларының оқуы мен тәрбиесіне жауап беруге;

- балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, моральдық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

- мектеп қызметкерлерімен, сынып жетекшілерімен тығыз қарым-қатынаста болу, баласының мектептегі жағдайы туралы толық ақпарат алуға;

- балаларының сабаққа қатысуына толық жауапты;

- ҚР Заңына сәйкес, балалардың мектептегі уақытында құқық бұзушылықтары үшін жауапты;

- баласының мектеп мүлігіне әдейі келтірілген зияны үшін жауапты;

- оқушыларға мектепке ұялы телефон, басқалай қымбат заттар, ірі көлемде ақша әкелуге тиым салынады. Аталмыш заттар жоғалған жағдайда мектеп әкімшілігі жауап бермейді;

- мектеп Жарғысы талаптарын ұстануын қолдау.

10.2.Оқушыларға, тәрбиеленушілерге және олардың ата-аналарына, басқа да заңды өкілдерге білім беру мекемесінің ішкі тәртібімен бекітілген тиісті әсер ету шаралары қолданыла алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет