\\Жалпы ережелер


Мұғалімдер мен сынып жетекшілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі



бет11/27
Дата12.10.2020
өлшемі72,51 Kb.
#66425
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
11. Мұғалімдер мен сынып жетекшілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

11.1. Мұғалімдер құқылы:

11.1.1. тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтік қызметпен айналысуға жіберіледі;

11.2. Педагог қызметкер құқылы:

1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;

2) ғылым зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;

3) жеке педагогтік қызметке;

4) тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;

5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

6) ұзақтығы 4 айдан аспайтын, 5 жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға;

7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталауға;

8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық және материалдық көтермеленуге;

9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;

10) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;

11) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға құқығы бар.

11.3. Педагог қызметкер міндетті:

1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;

2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметкерлерінің сапасын қамтамасыз етуге;

3) білім алушыларды жоғары адамгершілік рухына, ата-аналарын сыйлауға, этномәдени құндылықтарға қызмет көрсетуге, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеу;

4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

5) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;

6) оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті;

7) әрдайым өзінің кәсіби шеберлігін, интеллектуалдық, шығармашылық және ғылыми деңгейін арттыру;

8) 5 жылда бір рет аттестациядан өту.

Өзінің лауазымына сәйкес еместігі, біліктілігінің сай келмеуі, сонымен қатар педагогикалық әрекетін жалғастыруға, заңға қайшы келетін әрекеттері үшін педагог жұмыстан босатылады; Міндеттері мен педагогтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

11.4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог қызметкерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.

11.5. Білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге педагогтік қызметіне сот үкімімен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар жіберілмейді.

11.6. Педагог қызметкерлердің білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу мақсатында немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу пиғылымен пайдалануына тыйым салынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет