Аралық бақылау: коллоквиум (жазбаша бақылау жұмысы, компьютерлік тестілеуді қамтитын, рецепт жазу мен топтық қатынастын дұрыстығын анықтау, мәтіндік тапсырма – дәрілік препараттың толық сипаттамасы)
Аралық бақылауға (АБ) жіберілу критерийлері: аудиторлық (дәрістер, тәжірибелік сабақтар) сабақтарға қатысу, сабақтың тақырыбын талдауға белсенді қатысу, СӨЖ тапсырмаларын кесте бойынша (жалпы 2 СӨЖ, әрбір компонентке 1 СӨЖ) уақытында орындау.
Студент 1-ші СӨЖ-н бірінші компоненттің (Жалпы фармакология) соңғы аралық бақылауына (№4 АБ) дейін, ал 2-ші СӨЖ-н екінші компоненттің (Жеке фармакология) соңғы аралық бақылауына (№5 АБ) дейін тапсыру қажет.
Егер студент уақытында СӨЖ тапсырмаған болса, бірінші компоненттің №4 аралық бақылауына және/немесе екінші компоненттің №5 аралық бақылауына жіберілмей, аралық бақылауға «0» баллы қойылады.
Білім алушы егерде себепті/себепсіз сабақ жіберген болса, жіберілген сабақтарын уақытында өтеуі тиіс. Егерде 1-ші компонент, яғни «Жалпы фармакология» бойынша жіберілген сабақтары болса, білім алушы №1, №2 және №3 аралық бақылауға шартты түрде жіберіледі де, білім алушының бағасы электрондық журналда аралық бақылауға «0»деп қойылады да, жіберілген сабағын өтегеннен кейін ғана аралық бақылауда шартты түрде алған бағасы офис-тіркеуші орталығының рұқсатымен электрондық және педагогикалық журналдарға қойылады. Ал №4 аралық бақылауға дейін жіберілген сабағын өтемеген жағдайда, №4 аралық бақылауға жіберілмейді де сабаққа «жоқ» деп қойылады, өйткені жіберілген сабақты өтеу үшін уақыты болмайды, себебі 1-ші компоненттің ЖРБ қорытындысы шығарылады.
Дәл сол сияқты 2-ші компонент, яғни «Жеке фармакология» бойынша жіберілген сабақтары болса, білім алушы №1, №2, №3, №4 аралық бақылауларына дейін жіберілген сабақтары болса, бақылауға шартты түрде жіберіледі де, білім алушының бағасы электрондық журналда аралық бақылауға «0»деп қойылады да, жіберілген сабағын өтегеннен кейін ғана аралық бақылауда шартты түрде алған бағасы офис-тіркеуші орталығының рұқсатымен электронды және педагогикалық журналдарға қойылады. Ал №5 аралық бақылауға дейін себепсіз жіберілген сабағын өтемеген жағдайда, №5 аралық бақылауға жіберілмейді де сабаққа «жоқ» деп қойылады, өйткені жіберілген сабақты өтеу үшін уақыты болмайды, себебі 2-ші компоненттің ЖРБ қорытындысы шығарылады.
Жіберілген сабақ өтелген жағдайда педагогикалық/электронды журналға, өтеу журналына «өтелді» деп тіркеледі.
90 және одан көп сағат көлемінде себепсіз жіберілген сабақтары бар білім алушы оқудан шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |