II. БӨЖ ұйымдастыру реті
БӨЖ тақырыптары мен өткізу түрі тақырыптық жоспарға сәйкес құрастырылады. БӨЖ тақырыптарының сұрақтары аралық бақылау және қорытынды бақылаудың емтихан билеттеріне еңгізіледі. Барлық БӨЖ тақырыптарыны кафедраның белгілеген уақытында тапсырылуы тиіс. Олай болмаған жағдайда пәннің саясатына сәйкес (жоғарыда көрсетілген) айыптау шаралары қолданылады.
1. БӨЖ орындау түрлері– реферат.
1.1 Реферат шарттары: реферат компьютерде А4 форматты қағаздың бір бетінде біреулік интервал арқылы Times New Roman шрифтіментерілуі керек, шрифт өлшемі 14, жоғарғы, төменгі, оң жағы 2 см., сол жағы 3 см. құрауы тиіс. 1.2 Реферат жазылуынақойылатынталаптар:
- материалды жазудағы көркемдік, шынайылық, нақтылық, сенімділік тудыру(аргументілік)және логикалық жүйелілік ;
-қайталануды болдырмау үшін қысқа да нұсқа тұжырымдау.
1.3 Реферат құрамының сызбасы:тақырыбы, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, сұрақты заманауи құрылымы, берілген рефераттың тақырыбы бойынша қарастырылған сұрақты қарастыру және сұрақтардың тізімін беру қажеттілігі. Тұжырымдары және ұсыныстары.
1.4 Мазмұны кіріспеден және жұмыстың барлық бөлімдерінің нөмірінің және тақырыптарының тізімінен, тұжырымынан, қолданылған әдебиеттерден тұрады, сонымен қатар әрбір бөлім мен тақырыпшасы басталатын беттің нөмірімен белгіленеді.
1.5 1-2 беттен тұратын кіріспесінде тақырыптың қысқаша негізделуі, мақсаты және міндеттері, және оның актуалдылығы жазылады.
1.6 Әдебиеттерге шолуында (3-5 беттен тұрады) рефераттың тақырыбы бойынша жарияланған әдебиеттердің жүйелі талдауы беріледі, сонымен бірге білім алушы әр түрлі авторлардың берген сұрақтарына сынау тұрғысында баға береді, реферат тақырыбы бойынша сұрақтарды қарастыру қажеттілігі туралы қорытынды береді.
1.7 Қорытынды 2-5 пунктен тұрады, олар рефераттың мәнінен шығып, жеткілікті түрде нақты болуы тиіс.
1.8 Әдебиеттер тізімі қатаң түрде алфавиттік ретпен құрастырылуы тиіс (авторлардың аты-жөнімен) және 5-15 атаудан тұрады.
2. БӨЖ бағалау критериялары:
тақырыбының атауы бар жұмыстың мазмұны, қойылған мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес толық және терең сипатталуы;
әдебиет көздерін қолдану деңгейі;
өз бетінше жұмысты орындау деңгейі;
көркем жазу, материалды жазудағы ой жүйелілігі және нақтылық;
жұмысты жалпылау, талдау және қорытындылау дәрежесі степень;
пәннің теориялық сұрақтарын жалпылауға қабілеттілігі;
реферат, презентацияны және т.б. жасау кезінде техникалық талаптарды сақтау;
жұмысты қорғауда жауаптардың толықтылығы;
қосымша сұрақтарға жауаптар;
өз позициясын қорғау шеберлігі және т.б.
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру, жүргізу және бағалау
процедурасын «АМУ» КеАҚ-дағы білім алушылардың өзіндік жұмысы туралы» ережесі реттейді.
Кафедра мәжілісінде мақұлданды
№ хаттама, « » « » 2020 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к.___________Таржанова Д.Ш.
Достарыңызбен бөлісу: |