"Астана медицина университеті "КЕАҚ Сенатының шешімі негізінде 2020 жылғы 3 сәуірдегі өзгерістер мен толықтырулармен 2019 жылғы 4 шілдедегі "академиялық саясат"»
«Қашықтықтан оқу»14.9 бөліміне өзгертулер мен толықтырулар
14.9.1 Білім алушылар онлайн сабақтар сабақ кестесіне сәйкес қатысуы тиіс.
14.9.2 Сабақтар күнделікті жүргізіледі, бірақ электронды платформасына шмадан тыс жүктеме түскенде сабақ кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін. ( 8.00 мен 24.00 сағат).
14.9.3 Сабақ кестесіндегі өзгерістер туралы оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру және сапасын бақылау орталығына, офис-тіркеуші орталығына, деканат/орталықтарға және білім алушылар назарына мәлімденуі тиіс.
14.9.4 Клиникалық кафедралардың ерекшеліктерін ескере отырып осы кафедралардың оқытушы-профессорлық құрамы онлайн/офлайн оқытуды түстен кейін/кешкі уақытта қамтамасыз етулері тиіс.
14.9.5 Әрбір оқытушы білім алушыларды қашықтықтан оқыту жүргізілетін электронды платформалармен таныстыруы тиіс.
14.9.6 Қашықтықтан білім алу технологияларын пайдалану үшін білім алушыларға интернетке қосылатын компьютер (ноутбук немесет.б.. гаджеттер), вебкамера, аты-жөні толық көрсетілген жеке электронды пошта қажет.
14.9.7 Сабақтың барлық материалдары (силлабус, күнтізбелік- тақырыптық жоспарлар, бақылаушы-өлшегіш құралдары, бейне-таспалы дәрістер, онлайн-дәрістер, өзіндік онлайн-жұмыс, онлайн-курстар, тапсырмалар, жүргізілген онлайн сабақтарға сілтемелержәне т.б.) білім алушыларға қол жетімді болуы тиіс.
14.9.8 Онлайн-сабақтарды өткізу үшін әр түрлі платформларды қолдануға болады (zoom, skype, kahoot, whatsapp, telegram, teams, электронды пошта және т.б.).
14.9.9 Аралық бақылау әр түрлі платформларда өткізіледі: электронды пошта арқылы тапсырмаларды жіберу, Sirius и Moodle арқылы тестілеуді жүргізу,ауызша ZOOM, Classroom, skype, teams және т.б. өткізу.
14.9.10 Міндетті түрде білім алушылармен кері байланыс орнатылу тиіс: комментарийлер, жұмысындағы қателіктерін көрсету арқылы жұмысын талдау.
14.9.11 Қорытынды бақылау: емтиханжәне дифференциалды сынақтарды жазбаша түрде сабақ кестесіне сәйкес Moodlе платформасында өткізу.
14.9.12 Білім алушылар мен оқытушы-профессорлық құрамы академиялық шындық принциптерін қадағалауы тиіс.
14.9.13 Кері байланысты қамтамасыз ету үшін оқытушы кафедра кестесіне сәйкес онлайн режимдегі уақытын көрсетуі тиіс.
14.9.14 Оқытушы-профессорлық құрам білім алушылардың онлайн сабақтарға қатысуын қадағалауы тиіс.
14.9.15 Оқытушы-профессорлық құрам интернетке шығу мүмкіндігі жоқ ауылдардағы білім алушыларды оффлайн сабақтармен қамтамасыз етуі тиіс
14.9.16 Әрбір оқытушы күнделікті оқу жұмыстарын скриншот түрінде, видеоконференцияларға, консультацияларға сілтемелер, суреттер және т.б. дәлелдеу үшінпапка ашып, сақтап қоюы тиіс.
14.9.17 Оқытушы электронды педагогикалық журналға аралық және қорытынды бақылау бағаларын 7 (жеті) күн аралығында қоюы тиіс.
14.9.18 Білім алушылардың жіберілген сабақтарын өтеу үшін, оларды жеке тапсырмалармен (тапсырмалар, тесттер және т.б.) қамтамасыз ету қажет.
14.9.19 Карантин уақытында жұмысқа жұмылдырылған студент-волонтерларға, деканат/орталықтардың қызметтік үкімі бойынша аралық және қорытынды бақылауды жеке кестеге сәйкес тапсыруға рұқсат ету қажет.
Кафедра мәжілісінде мақұлданды
№ хаттама, « » « » 2020 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к.___________Таржанова Д.Ш.
Достарыңызбен бөлісу: |