Жалпы фармакология кафедрасы


Академиялық шындықты бұзушылық түрлері



бет63/65
Дата07.02.2022
өлшемі139,71 Kb.
#95532
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
Силабус ЖМ каз. 20-21 от 14.08.20 (1)

Академиялық шындықты бұзушылық түрлері:

  1. Алдау (белгілі жағдайлар, фактілер туралы адасушылыққа саналы түрде жеткізу).

  2. Плагиат (басқа адамның немесе ғылыми коллективтің ғылыми еңбегін өзімдікі деп санау, сонымен қатар басқа адамның жұмысын өзімдікі деп жариялау, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталған авторлық құқықты бұзу).

  3. Көшіру (білім алушылардың ағымдық, аралық және қорытынды бақылау, сонымен қатар қорытынды мемлекеттік аттестация жүргізу барысында бағаланатын жұмыстарды орындау кезінде тиым салынған материалдарды қолдану).

  4. Фальсификация (ақпаратты, пікірді немесе деректерді қасақана бұрмалау/ауыстырып жіберу, жалғанқұжаттарды, жалған медициналық анықтаманы ұсыну, білім алушылардың оқу үлгерімі базасына рұқсатсыз кіру, оқу құжаттарын, жұмыс есептерінің деректерін және нәтижелерін қолдан жалған жасау, электрондық және қағаз бетіндегі бағаларды және қолды жалған жасау, барлық деңгейдегі жұмыстар мен құжаттардағы бағаларды түзету т.б).

  5. Тестілеу, бағаланатын жұмыстарды орындау кезінде ақпаратты немесе техникалық құралдарды заңсыз тарату және қолдану; бағаланатын жұмыстардың кез келген жауабын заңсыз жолмен алу, рұқсатсыз түсірілген видео – немесе аудио жазба.

  6. Жасыру (әділетсіз жұмыс атқару туралы ақпаратты жеткізбеу немесе уақытында жеткізбеу немесе оқу үрдісінің қатысушыларымен осы Кодекстің және Университеттің ішкі ережелері нормаларын сақтамау).

  7. Академиялық ақпаратқа құқықсыз ену және оны тарату – қорытынды немесе емтихан жұмыстарының жауабын тарату; білім алушыларды бағалау кезінде қойылатын сұрақтармен таныстыру, бағаланатын жұмыстарға арналған толық немесе жартылай толық материалдарды рұқсатсыз тарату; дайын баяндамаларды, эссе, тапсырмаларды және басқа да академиялық жұмыстарды сату немесе басқа да жолдармен тарату, бағаланатын жұмыстардың жауабын заңсыз жолмен, соның ішінде заманауи құрылғылар мен гаджеттерді пайдалану арқылы ұрлау.

  8. Сабақ үстінде және қорытынды бақылау кезінде тыйым салынған материалдарды немесе электронды гаджеттерді қолдану.

  9. Пара беруге немесе алуға байланысты әрекеттер жасау (сыйлықтар беру, сыйақының барлық түрлері, сонымен қатар коррупциялық әрекеттерге делдалдық қызмет көрсету).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет