Билет №1
«Жалпы хирургия, анестезиология және реанимация»
Қазақстандағы хирургиялық қызметті ұйымдастыру
Жүрек-өкпелік реанимация жасау алгоритмі.
Науқас 38 жаста. Ауруханаға әлсіздікке, бас айналуға, қара нәжіске шағымданып түсті. Соңғы 3 тәулікте әлсіздіктің өршуімен бас айналуы мазалады. Аспирпн қабылдаған. Бронхитпен ауырады, анамнезінде гастрит бар. Түскен кезде жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары бозғылт түсті. АҚ 100/60 мм.сб. Пульсі 94 рет мин. Hb-84 г/л. Болжама диагноз. Диагностика.
Билет №2
«Жалпы хирургия, анестезиология және реанимация»
Қан кету. Қан кетуді тоқтату
Операциядан кейінгі жараны өңдеу
Науқас 70 жаста,20 жылдан бері асқазанның ойық жара ауыруымен зардап шегеді. Бірнеше рет амбулаторлы және стационарда емделіп шыққан. Бір жыл бұрын асқазан-ішектен қан кетудің жеңіл дәрежесіне консевативті ем қабылдаған. Ауруханаға түскен кезде 5 сағ бұрын қою кофе түсті құсық, мелена және қысқа уақытқа есінен айырылу болған. Жалпы жағдайы ауыр. Тері жабындысы бозғылт. АҚ70/40 мм.с.б.б . Пульсі 100 рет мин. Эритроциттері -2,4 мин.Hb-64г/л. ФГДС те асқазанның кіші иінінде каллезді жара қызыл тромбпен, астынан қан ағады. Қосымша аурулары: ЖИА, гипертониялық ауру, қант диабеті.Диагноз. Емдеу тактикасы.
Достарыңызбен бөлісу: |