Ақыл - ойдың дамуы
Тілді және саналы сөйлеуді практикалық меңгеру. Мектепке дейінгі балалар өз бетінше әрекет етіп , отбасы шеңберінен алшақтап, құрдастарымен , басқа адамдармен қарым – қатынас жасап қарым – қатынас шеңбері ұлғаяды. Шеңбердің ұлғаюы баладан қарым- қатынас жасаудың барлық тәсілдерін меңгеруді талап етеді. Олардың маңыздысы–сөйлеу.
Сөйлеудің дамуы бірнеше бағытта жүреді: сөйлеу басқа адамдармен қарым – қатынас жасаудың негізгі құралы; сонымен қатар сөйлеу – ойлаудың құралы , психикалық процестің маңызды бөлшегі бала тәрбиесінің белгілі жағдайларда, бала сөйлеудің мағынасын, құрылымын түсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |