Қарым- қатынастың ерекшеліктері
Эмоционалдық және тілдік қарым- қатынас. Мектепке дейінгі кезеңде бала тіл арқылы өзіне маңызды деген уақиғаларды баяндайды., өзінің алған әсерлерімен бөліседі, адамдармен тең дәрежеде қары- қатынас жасауды үйренеді. Тіл- қарым- қатынас құралы. Ата-анасына, жақын туыстарына елітеу арқылы баланың табиғи қарым- қатынас жасау процесі өзгереді.
Идентификация және даралану механикасының дамуы. Мектепке дейінгі кезеңде бала «Мен» концепциасын жүзеге асыру үшін, адамдармен қарым- қатынас жасауда идентификацияны және даралануды пайдаланады.
Күнделікті үзбей идентификация мен даралану механизмдерін пайдалану балаларда бейсаналы түрде қарым- қатынас техникасына айналады. Бұл механизмдер негізінен ашық әлеуметтік өзара іс- әрекетке қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |