«Жалпы және жас ерекшеліктер психологиясы»



бет17/26
Дата21.12.2021
өлшемі0,55 Mb.
#104623
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Байланысты:
УМКД жалпы ж жас ереш псих

Экспрессивтік функция - жоғарғы деңгейдегіжануарларға арналған ең көне гететикалық функция болып табылады. Эмоционалды функцияның барлығы оның барлық жақтарын қамти отырып, экспрессивттік функцияға қызмет атқарады. Экспрессивті функция автономды функциядан бастап, барық функцияға ұқсас болып келеді.

Сенсорлық даму. Мектепке дейінгі кезең баланың сенсорлық даму кезеңі болып табылады .Қозғалмалы заттарды тани отырып, бала заттың формасын, түрін түсін, салмағын, температурасын дұрыс ажырата алады. Ол музыканы тыңдай отырып, дыбыстың жоғарылығын, әуенді ажыратуды үгренеді . Сенсорлық даму екі жақты байланысты қарастырады. Сенсорлық эталон адамның тарихи даму кезеңінде пайда болған Табиғатта көптеген әр түрлі түстер мен формалар бар солардың негізінде адам қоғамдық өмірдегі заттарды ажыратуға мүмкіндік алды.

Баланың мектепке келуінен бастап оның өмірінің мүлдем жаңа кезеңі басталады. Бұл кезеңге ол тиісті дәрежеде даяр болуы тиіс. Алдымен бала, оған жаңа праволар ғана беріп қоймай, сонымен қоса едәуір қиындығы бар міндеттер артатын маңызды іс-әрекет жасауға даяр болуы тиіс. Кішкентай мектеп оқушысы айналасындағылардан өзінің оқу сабақтарына деген құрмет күте отырып, өзіде мұғалімнің барлық тапсырмасын жүйелі орындауға, сол сәтте қаласа да, қаламаса да, өзін мектеп ережелеріне сәйкес ұстауға міндетті болып саналады.

Жасы жетіге жеткен балалардың көпшілігі мектеп оқушысының жағдайына көшуге ұмтылады, алайда ол жағдайдың не екенін олар барлық кезде бірдей айқын түсіне бермейді. Кейде оларды портфельге ие болғысы келу, өзін үлкен санау, бағалар алу т.б. тәрізді істің таза сыртқы жақтары қызықтырады. Оқушы жағдайына шын мәнінде даяр деп оны мектептің сыртқы жиқаздары емес, жаңа білідер алу мүмкіндіктері қызықтыратын, яғни біршама дамыған танымдық ынталары бар баланы айтамыз. Тек осы негізде ғана балалар өздерінің мектептегі міндеттеріне тиісті дәрежеде жауапкершілікпен қарауға қабілетті болады. Алайда мектеп оқушысы болғысы келу тілегі мен оқуға байыпты көзқарас жеткіліксіз: мұнымен қоса осы тілек, осы қатынасқа ситуациялық себебтерді бағындары білу, сабақ үстінде өзін зейінді болуға көндіру, кейде жолықтыратын ережелерді жаттау, қиын есептің шешімін табанды түрде ойластыру қажет. Басқаша аөзбен айтқанда, болашақ оқушыға өз мінез-құлқын, оның ішінде өзінің танымдық іс-әрекетін ерікті басқару, оны оқу міндеттерін шешуге бағыттап отыру қажет болады. Ал, мұның өзі балада шағын себебтерді маңыздырақ тұрақты мақсаттар мен ниеттерге бағындыруға көмектесетін мотивтердің сатылы жүйесі қалыптасқанда ғана мүмкін болады.

Мектепке психологиялық даярлық, оны қай қырынан алсақ та, баланың бұған деген бүкіл психикалық дамуының қорытындысы, жанұя мен балабақшадағы тәрбие мен үйретудің бүкіл жүйесінің жемісі екенін оңай көруге болады. Нәтижелі оқытуға қажетті сапалар бірден пайда болмайды. Олар баланың өмірге келген сәтінен бастап біртіндеп қалыптасады. Бұл сапаларды қалыптастыру үшін оңай, сурет салу, конструкциялау т.б. сияқты іс-әрекет түрлерінің маңызы болатынын атап көрсеткен жөн. Өйткені тап соларда алғашқы рет мінез-құлықтың қоғамдық мотивтері пайда болып, мотив сатылары қаланады; қабылдау мен ойлау әрекеттері қалыптасады, жетіледі, балалар арасындағы өзара қарым-қатынас дамиды. Әрине, ол өздігінен жүзеге аспай, өскелең ұрпаққа қоғамдық мінез-құлық тәрбиесін беріп, тиісті білімдерді жеткізіп, дағдыларды үйрететін үлкендердің балалар іс-әрекетіне үнемі басшылық жасауы кезінде болады. Оқу әрекеті саласындағы қарапайым іскерліктер, таным процестеріндегі тиісті дәрежедегі өнімділік сияқты кейбір сапалар мектеп жасына дейінгі баланы сабақ үстінде жүйелі оқыту процесінде ғана қалыптасады.

Балаларды мектепке психологилық даярлауда балабақшаның ересек және даярлық тобында жүргізілетін арнайы тәрбие жұмысының ролі аз емес. Бірақ ол жеңіл жәрдем жасауға тырысу түрінде болмай, психикалық дамудың бұған дейінгі бүкіл жетістіктеріне сүйенуі тиіс. Балалардың есін өте көп шашыранды мағлұматтармен толтырып немесе оқу, есеп шығару дағдыларын бағытсыз қолдана беруден зиянды нәрсе жоқ. Балалар жалпылама және жүйелі білім алып, олар болмыстың жаңа салаларында бағдар алуға үйретіліп (бұйымдардың сандық қатынастарын, тілдің дыбыстық материясын), осындай кең негізде дағдыларды игерту ұйымдастырылса, жағдай мүмлдем басқаша болады. Осындай оқыту процесінде балаларға болашақта кезкелген білімді саналы игеруге мүмкіндік беретін болмысқа теориялық көзқарастың бастамасы жасалады. Мектепке дейін баланың негізгі әрекеті - ойын. Ойын олардың өз еркінде. Ықыласы түссе ойнайды, ойнағысы келмесе ойнамайды. Мектепке кіргеннен кейін оқу міндетті түрде жүзеге асады, тіпті оқығысы келмесе де оқуға міндетті. Ал баланың ойын әрекетінен оқу әрекетіне көшуі үшін біраз мезгіл дайындық жүргізіледі. Даярлық әр саладан жасалынады. Оқуға орай бақшада балаларды тиісті тәсіл (таяқшалар т.б.) арқылы санауға, не тиісті әрекет (оқу, өлең айту т.б.) үстінде түрлі ептіліктерге үйретеді. Ал тәрбие жағынан бақшада не үй ішінде баланы сыпайлыққа, силауға және үлкендердің тілін алдыруға үйретеді. Осы сияқты дайындықтар кейін мектепте ойдағыдай оқуға недәуір көмегін тигізеді. Мұнымен қатар баланың спихикалық дамуына да, мектепке бару үшін бірнеше мынау сияқты талаптар қояды: біріншіден, мектепке кірген баланың оқуға деген ықыласы болуы шарт. Кейде бала оқуға барам дегенмен, оған онша қызықпайды. Олар үшін мектепке тек пертаға отырып, не арқасына сумкасын салып жүруге мәз болады. Ықыласты осылайша түсіну дұрыс емес. Ықылас дегеніміз оқу процесінің өзіне қызығу. Екіншіден, оқу ойынға қарағанда өзінше жаңа әрекет болғандықтан, бала осыған төзе білуі қажет, мектепке келгеннен кейін белсенді түрде тапсырмаларды орындап, мұғалімнің сөзіне 45 минут шыдап, құлағын салып отыруы керек. Бұл бастапқыда балаға қиын болсада, осыған орай баланың ерік-жігерін дамытып, өзінің сондай ұзақ уақыт шыдамды болуына мектепке дейін даярлау қажет. Үшіншіден, сабақ үстінде мұғалімнің не өзге балалардың сөзіне зейінді болып соны қабылдай алуы шарт. Сабақ үстінде сын алуан сөздер не мазмұндар қамтылады. Солардың қайсысы ең негізгісі, қайсысы екінші дәрежедегі мазмұн, соны ажырата білу қажет. Төртіншіден, оқу материалын ұғынып, оны саналы түрде есінде қалдырып, қиын нәрселерді шешуге бала ойлана бастауы тиіс. Мектепке кірерде балалардың ойнауға қабілеті әртүрлі: біреуінікі күшті дамыған, екіншісінікі нашар дәрежеде кездеседі. Сонымен қатар бала өзінің айтайын деген ойын ана тілінде түсінікті етіп жеткізе алуға дағдылануы қажет.

Осы келтірілген психикалық дамуға байланысты факторлар баланың оқуға түсіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады. Ал бақшадағы балалардың “мектепте оқығың келеме?”- деп сұрағанда олар:- оқудың ойынға қарағанда ұтымды жағын тізіп айтып беріпті, бірақ оқу балалар үшін жаңа әрекеттің түрі болғандықтан, онда көптеген қиыншылықтар кездесетінін білмейді екен. Балалардың мектепке дайындығы үй-ішіне қарағанда бақшада жақсы өтіледі. Бұл, бәлкім, дұрыста шығар. Бірақ баланың иекпеике оқуға дайындығы онымен жүргізіліп келген тәрбие жұмысының түріне (әсіресе, дидактикалық ойындардың түрлеріне т.б.) байланысты.

Бірақ балалар бақшасында тәрбиеленудің ұтымды жағы баланың еркеленуіне мүмкіндік берілмейді. Осыған орай ескеретін мәселе, баланың мінез-құлық жағынан тәрбиеленуі оны өз ата-анасы емес, танымайтын басқа біреу тәрбиелесе жақсы болады деген пікір қазірде кеңінен тараған. Осылай деу, дұрыс-та болар.

Ал ата-аналар не бақша мекемелері баланы оқуға дайындау үшін не істеуі қажет деген мәселеге көшейік. Мектепке дейінгі баланы тексеруі оқуға не сандарды санауға үйрету қажет, себебі бұлар өз бетімен оқуға үйренсе, онда олар ой-өрісін молайта алады. Бірақ оларды жазуға үйретудің қажеті жоқ. Себебі ата-аналар мектептегі мұғалімдей баланы дұрыс каллиографиямен жазуға үйрете алмайды. Баланы оқытуға асғамын деп оның каллиографиясын бұзып алса, онда соны жөндеу кейін қиынға соғады.

Жалпы айтқанда, баланы кімдер тапқырлыққа бақылампаздыққа, тапсырмаларды бұлжытпай орындауға жұмсай алса, онда олардың баланы оқуға даярлауда үлкен жетістікке жете алғаны. Бұл мәселе тым, аса жауапты болғандықтан, осыған дер мерзімінде аса көңіл бөлуі керек.
9– дәріс. Бастауыш мектеп жасындағылардың дамуының жалпы шарты
1. Бастауыш мектеп жасындағылардың дамуының жалпы шарты

2. Оқу іс-әрекеті кіші мектептегілердің жетекші іс-әрекеті ретінде.

3. Кіші мектептегілердің сөзінің дамуы.
“Бастауыш мектеп жасындағы оқушы” деген термин ұзақ болғандықтан біз оның орнына “Кіші оқушы” деген сөзді қолданамыз. Бұл жастың (7-11 жас) бөлек жас кезеңіне бөлінуі оқудың көп елдерде жаппай үстем алып дамып келуінен. Осы жас кезеңді бөліп алып алып қараудың себебі - бұларда өтілетін оқу материалдары ұқсас келуінен.

Егер осы жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болып келсе, мектепке келгеннен кейін оқу шешуші рөл атқарады. Оқу негізгі қызметке ауысып, баланың психикалық дамуын билейтін болады. Осыған орай баланың психикалық даму ірі өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерістерге ұшырауының себебі ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында.

Әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, оқу үстінде мына сияқты қиыншылықтар кездеседі: Біріншіден, бала мектептің жағдайына бейімделе алмай (мысалы, белгілі уақытта тұрып, мезгілінде жатуға, сабақтан қалмауға, сабақ кезінде үнсіз тыныш отыруға үйрене алмағандықтан) қиналады. Осының нәтижесінде тез болдырып шаршауы да ықтимал. Екіншіден, мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым-қатынас жасауға үйрене алмағандықтан бала қиналады, сыныптың мұғалімі қанша жақсы болғанымен, бала оған бата алмай, бірдеңені сұрау үшін сескенеді. Сол сияқты қасындағы партада отырған кім, оған сыр айтуға бола ма, кіммен ойнауға болады, кіммен болмайды, осыны білмейді. Бірақ көп ұзамай бала үйреніп жатырқауын тоқтатады. Сонымен қатар бала оқуға кіргеніне мәз болып, әке-шешелеріне еркелеп, кейде бір үлкен міндет атқарып жатқан сияқты болып, өзіне ерекше көңіл болуді талап етеді. Осы кезде әке-шешелері оны көп еркелетпесе, осының өзі қиыншылықтардан бас тартпауға, қиыншылықтарды жеңуге пайдасын тигізеді. Үшіншіден, 1 сыныпта оқушыларға қойылатын талаптар тым жеңіл келеді. Тапсырмалардың жеңіл болуы баланы қиыншылықпен күресуге жетелейді, дегенмен бала оқиды. Оқығысы келуі мектептегі жағдайдың оған қызық көрінуінен. Мектепке келу қызық болып көрінгенімен, оқуға арналған баланың қажеттілігін жөнді дамыта алмайды. Осының нәтижесінде мектептің жағдайына қызығу балада бірте-бірте сенеді де, оқуға немқұрайлы қарамайтын болады. Немқұрайлықпен күресу үшін баланың оқуға ықыласын тудырып, тапсырмаларды бірте-бірте қиындату қажет. Әдетте, осы материалы жеңіл келсе, баланың іші пысып, жалқаулыққа салынады. Ал тым қиын келсе, әлі жете алмағандықтан үлгерем деуден күдер үзіп, одан бас тартатын болады. Осы екі жағдайдың екеуі де қолайсыз, сондықтан тапсырманың қиындығы оқушы үшін қолайлы дәрежеде құрылуы тиіс.

Осы үш түрлі қиыншылықтардың кездесетінін 1 сыныптың бас кезінен бастап еске алу қажет. Ал алдағы (2-3) сыныптарға келсек, мұндағы оқушылардың жағдайы бірінші сыныпта қалай оқығанына байланысты. Жалпы алғанда 2-3 сыныптағы балалардың көпшілігі ойдағыдай оқып кетеді. Мұның себебі, біріншіден, кіші оқушының ниеті таза, ішіндегісі тілінің ұшында болып тұрады. Екіншіден, бұлар үшін мұғалім үлкен абырой және бедел. Сондықтан оның сөзін мүдіртпей орындайтын болады.

Мектепке кіргенді бала дене жағынан алға қарай недәуір өріс алып, бұлшық еттері мен шеміршектері және сүйектері недәуір нығайып қалады. Қол бармағының нығаюы (сүйектенуі) 9-10 жаста қалыптасады да, табаны 10-11 жаста сүйектеніп бітеді. Осының нәтижесінде кіші оқушының 10-11 жасқа толғанша жазуға тез болдырып, қиналады. Сондықтан бастауыш мектеп жасындағыларды жазба жұмысымен көп уақытын жіберуге болмайды. 7-8 жастың арасында бала жылына 2,5 кг-дай қосады. Биіктігі жылына 5 см өседі. Бұл кезде әсіресе кеудесі көтеріліп, жүрегі мен тыныс алу органдары недәуір қалыптасып қалады. Бірақ жүрегінің соғуы 84-90-ға дейін барады (ересектердікі 70-72 жиілігімен соғады). Осының өзі баланы недәуір қиналдыратын болмаса да, қан айналыс системасының жұмысын онан әрі жақсатады. Мұның себебі қан айналыс түтіктері диаметрінің көлемі ересектерден 2 есе артық. Осының нәтижесінде бас миына түтіктер арқылы қан көп құйылады да, көп жұмыс істесе де шаршамайтын болады. Бас миының салмағы (7 жастан 11 жасқа дейін) 1000 гр-нан 1400 гр дейін өседі, әсіресе оның мұндай бөлігі недәуір қалыптасады. Маңдай бөлігі ой мен сөйлеудің орталығы болғандықтан осының қалыптасуы балада ақыл-ойдың кеңінен өріс алуына мүмкіндік береді.

Ал физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, ми клеткаларындағы қозу мен тежелудің өзара мөлшерлері (оң және теріс индукцияларының өзара көлемі, иррадиация мен шоғырлану заңдылықтары) күрделі болып қызмет атқарады. Әсіресе балада теріс индукцияның негізінде болатын тежелу үстем алып, осының нәтижесінде кіші оқушы өзін-өзі меңгере алмауына, керек деген жерінде өзін-өзі тежелте алуына мүмкіндігі бар.

Баладағы анатомо-физиологиялық өзгерістер. Келелі кезде оқуға, еңбек етуге жағдай туғызуға, тиісті тапсырмаларды мүдірместен орындауға мүмкіндік береді.

Оқу әрекеті. Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әртүрлі.

Жеке пәндерден сабақтарды ойдағыдай үйрену үшін алдымен баланың осыған ықыласы болуы шарт. Оқу ойынға қарағанда қиын болғандықтан балалардың кейбіреулерінің оқуға ықыласы болмайды. Оларды оқуға үгіттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып одан шыққан нәтижені мадақтау керек. Орындалған тапсырма үшін қуану кейін алдағы тапсырманы орындауға түрткі болады. Әдетте, ықыластың тікелей және жанама түрі бар. Тікелей ықылас оқушының бір нәрсеге қызығуынан болады. Ал жанама ықылас сол нәрсе қызық болмаса да, жалпы сабақ үлгерімін жақсартқысы келгендіктен болады. Ықыластың жанама түрі қіші оқушылардың өмірінде негізгі рөл атқаруы тиіс.

Әдетте, оқу өзінше бала үшін әрекеттену, яғни проблемалық мәселені шешу дегенде, осының мынадай үш сатыдан тұратынын айтады: 1) берілгентапсырманың шартымен танысудан, 2) оны орындаудан, 3) оның қалай (дұрыс не бұрыс) орындағанын тексеруінен. Пәндер неше түрлі болғандықтан осы сатыларды орындау түрліше кездеседі. В.В.Давыдовтың айтуынша, оқу әрекеті мынадай бөлшектерден құрастырылады: 1) тапсырмадан яғни оқу ситуациясынан; 2) тапсырманы орындаудан; 3) орындалған тапсырманы тексеру кезеңінен; 4) баға қоюдан.

Ал оқу әрекетінің ендігі бөлшегіне келсек, осының өзі тиісті мағлұматтарды пайдалана отырып, сол тапсырманы орындаудан тұрады. Мұны оқу әрекеті дейді. Тапсырманы қалай орындауда және пәндер сабағына тәуелділігі түрліше келеді. Айталық, кіші оқушылар сөздің құрамы және осындағы морфемалардың рөлін білу үшін мынадай бірнеше әрекет жасау қажет:


  1. берілген сөздің төркінін (этимологиясын) біліп, оны тап сондай, не ұқсас варианттармен салыстыру қажет;

  2. әуелгі сөздің мағынасын одан шыққан сөздің мағынасымен салыстыру керек;

  3. әуелгі сөздің формасын (жазылуын, не дыбысын) одан пайда болған сөзбен теңдестіру қажет;

  4. тапсырма ретінде берілген сөздегі морфемалардың қандай қызмет атқаратынын тексере білу керек.

Солардың бәрі жеке оқу әрекеті болып саналады.

Ойын әрекеті. Бала мектепке барғанша тек ойынмен айналысып жүреді. Енді оқу оның негізгі қызметіне айналса да, бала ойнауын бірден тоқтатпайды. Бала әлі де бұрынғысындай ойнағысы келеді. Ойын баланың өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады. Осыған орай кіші оқушының ойыны бұрынғысана өзгеріліп, көбінесе жаңа мазмұнда кездеседі. Ойынның бұрынғысынан өзгешелігі мынадай, сол рөлдердің азаматтық қасиетінің сапасына, айталық қайраткерлігіне, ептілігіне, батырлығына т.б. мән береді. Демек, кіші оқушы «мен бәленше боламын« демей, сол бейнелердің мінез-құлқын таңдап, солардың қайсысы әсем, қайсысы әсем емес екенін ажыратып, өзі соларға еліктеуге тырысады. 1 және 2,3 сыныптардың ойыны бірдей емес. 1 сыныпта бала: «мен ұшқыш боламын«, «маған сол рөл ұнайды« деп айтып, бірақ оны орындауға әрекет жасамайтын болса, 3 сыныптағылар рөл ойынына еліктеумен шектелмей, соларға орай тиісті қиыншылықтарды жеңуге тырысады. Демек, сөзден сөзден сол бейнелерді орындауға көшеді, өзі соларға еліктеп, іс жүзінде төзімді, шыдамды, қорықпайтын, епті, айлақор болу үшін әрекет жасайды. Осы өзін-өзі тәрбиелеудің бастапқы кезеңі - бұл ойын мақсатының мүлде өзгерілуі деп түсіну керек. Өйткені ойын бұрын ермек болып келсе, енді кіші оқушы үшін өзін-өзі тәрбиелеудің құралына айналып отыр.

Рөлдік ойындардан басқа неше түрлі тиісті ережелерге сүйенетін ойындармен де кіші оқушы 2-3 сыныптарда айналыса бастайды. Мысалы, шахмат не футбол ойнау. Егер шахмат баланың ақыл-ойын дамытуға әсерін тигізетін болса, футбол қайраткерлігін, дене мүшелерінің (қолының, аяғының) ептілігін дамытады. Сондықтан ойынның соңғы түрлері кіші оқушылардан психикалық дамуына ерекше орын алады.

Кіші оқушылардың негізгі таным процестері (қабылдау, зейін, жат пен ес, қиял, ойлану) мектепке кіргеннен кейін недәуір өзгерістерге ұшырайды. Осыған орай біз талдауды әуелі қабылдаудан бастаймыз.

6-7 жастағы баланың қабылдауы мектепке дейінгілерге қарағанда едәуір қалыптасып қалған (көзінің көргіштігі, құлағының естігіштігі т.б. жақсы дамыған). Бірақ әлі де болса қабылдауының кейбір жеткіліксіз жақтары да кездеседі. Мысалы, орыс тілінен алынған ұқсас дыбыстарды ф,п немесе б,в фонемаларын дұрыс ажырата алмайтыны болады.

Жалпы алғанда, кіші оқушыға не қызықты немесе не қажетті соған мән беріп, осыны қабылдауға икем келеді. Мысалы, балаға берілген текст әр түрлі бояумен жазылса, осының өзі оқуға кедергі жасайды. Себебі, бала оқудың орнына, бояуға жазығып алаңдайды.

Кіші оқушыға, әсіресе кеңестік пен уақытты қабылдау қиындыққа соғады. Мысалы, алыстағы бағаның ұзындығы баланың қасындағы бағанадан қысқа не ұзын ба деп сұрағанда, ол қысқа деп жауап береді. Себебі алыстағы зат өзінің көлелімен (ұзындығынан) көзге кішкентай болып көрінетінін баланың ажырата алмауынан. Сол сияқты кіші оқушы 80 жастағы атасынан «Сен мамонттарды көрдің бе?«- деп сұрайды. Себебі мамонттар 10000 жыл бұрын өмір сүрді дегенді естігенімен, 80 және 10000 жылдың арасын жақсы ажырата алмай, екі оқиға да «алдақашан болып өткен«- деп шатастыруынан.

Ес пен жадқа байланысты өзінше жұмбақ міндеттерді шешу кездеседі. Мұны мнемоникалық (“mnomo”- жад), міндет деп атайды. Мысалы, бір жағдайда берілген тапсырманы сол түпнұсқасынан айнытпай жадта қалдыру қажет. Екінші жағдайда тапсырманы өз сөзімен мән-мағынасын ғана айтып беруге болады. Осының өзі әр түрлі мнемоникалық міндет және әр түрлі психикалық әрекетті баладан талап етеді: егер түпнұсқасынан айтпай есте қалдыру жад процесіне байланысты келеді, өз сөзімен оны айтып беру ес процесіне жатады.

Ал балалар берілген мағлұматты жадында қалдыру үшін әуелі оған нендей талап қоятынын, тапсырманы жаттап алу қажет пе, не өз сөзімен айтып беру керек пе, соны білуі шарт.

Кіші оқушының қиялына келсек, әуелгі кезде мектепке дейінгілердің ойынында кездескендей мазмұнда болады. Бірақ оқудың талабына сай қиялдың мазмұны өзгерістерге ұшырайды. Әдетте, оқушының қиялы творчестволық және қайта жаңғырту қиялына бөлінеді. Ойынының көбісі шындықтан алыстап кеткенінен, мектепке дейінгілерде творчестволық қиял басым келеді де, мектептегілерде қайтадан жаңғырту қиялы кеңінен өріс ала бастайды. Қиялдың осы түрінің дамуына бастауыш сыныптардағы пәндердің көпшілігі едәуір ықпалын тигізеді. Оқуда бейненің қиялы бірте-бірте шындыққа дәл келе бастайды. Осының өзі творчестволық қиялға, яғни фантазияға қарағанда нәтижелі. Өйткені іске аспайтын қиялдан гөрі қиялданудың ақиқатқа жақын келуі баланы шындық тұрғысынан тәрбиелей алады.

Кіші оқушының ойлау процесіне келсек, оның қаншалықты дамығаны туралы әртүрлі пікірлер бар. Біз ілгеріде Ж.Пиаженің 7-11 жастағыларда тек қрапайым, яғни нақты ой операциясы кездеседі дейтінін ескерттік. Өзгелердің, яғни мәдени-тарихи теорияны жақтаушылардың (Л.С.Выготскийдің т.б.) пікірі бойынша оқымай келген бала мектепке барған соң ойы мен интеллектісі үлкен өзгерістерге ұшырайды: бала қарапайым, яғни натуралдық ойдан мәдени, яғни ұғым арқылы ойлануға көшеді. Соңғы пікір қазірге дейін үстем алып келсе де, әлі жете тексерілмеген. Нақты ой, яғни нақты бейнелерге негізделіп ойлану, көбінесе елестету не көрнекті заттың бейнесіне сүйеніп операция жасау болып табылады. Осының өзі талдау мен топтаудан, салыстырудан, абстракциялау мен нақтылаудан қарастырылады.

Ой операцияларының осы түрлері кіші оқушылардың оқу әрекетінде әртүрлі тереңдікте кездеседі. 1 сыныптағылар нақты затқа не солардың көшірмесіне (үлгісіне, суретіне т.б.) негізделе отырып, тапсырманы орындайды. Сол затқа не оның көшірмесін көз алдынан алып кетсе, тапсырманы орындау қиынға түседі. 2-3 сыныптағылар бірте-бірте заттың жеке қасиетіне, әсіресе негізгі белгілерін есінде қалдырып, соларды мүмкіндігінше топтастыра алуға үйренеді. “Жеке бас” деген ұғымға “Мен” деген мәніс те кіреді. Бала өзін білген соң құрбыларына қарағанда нендей орын алатындығын ойлап, қайткенде жақсы орынға ие болсам деп арман етеді. Бұл жағдайда баланың өзінің қандай орын алғысы келетіні туралы бағасы мен құрбыларының, не үлкендердің ол жөніндегі бағасы арасында үлкен алшақтылық болғаны жақсы. Егер кіші оқушының өзі жөніндегі бағасы өзгелердің бағасынан асып кетсе, мұндай баланы мақтаншақ деп атайды. Керісінше, оның өзі жөніндегі бағасы өзгелердің оған беретін бағасынан төмен келсе, ондай баланы кішіпейіл дейді. Кіші оқушы өзінің ісіне, не мінезіне әлі сын көзімен қарай алмайтын болғандықтан, оның өзі жөніндегі бағасы, әдетте, өзгелердің бағасынан жоғары дәрежеде келеді.

Кіші оқушының жеке басы деген түсінікке оның сыпайылығы, керісінше, осыған қарама-қарсы әдепсіздік сапалары да жатады. 7-11 жастағылар көбінесе ақкөңіл келетіндіктен, бұлардың көбі сыпайы болып келеді.

Кіші оқушының мінезіне: қиыншылыққа төзімділігі, берген уәдесінде тұра алуы, өзгелерге сүйкімді келуі, бір нәрсеге әуесқойлығы т.б. жатады. Осы жағынан алып қарағанда қыздар мен ұлдардың мінезінің осы түрлері бірдей болып келе бермейді. Мысалы, қиыншылыққа төзімді келіп, одан бас тартпау, табандылық т.б. ұлдарда көбірек кездесетін болса, өзгелерге сүйкімді, сыпайы, біреуге қамқорлық жасағысы келуі т.б. қыздарда басымырақ келеді. Мұның бұлай болып келуі тәрбиенің және кімнің қандай жынысқа жататынына байланысты.

Кіші оқушыда кейде ашуланшақтық қасиеті де болып тұрады. Баланы үй-іші көп еркелетсе, онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып, күйіп-пісетіні кездеседі. Керісінше, күтпеген жағдайда “жақсы”, “өте жақсы” деген баға алса, жұрттың көзінше оған қатты қуанғанын жасыра алмайды.

Кіші оқушының өз құрбыларымен қарым-қатынасы бастауыш мектептің әр сыныбында әртүрлі және осының өзі бұрын бала-бақшада өсті ме, әлде үйде өсті ме, соған байланысты. Бұлардың ұжымдық қасиетінің қалай қалыптасатынын алсақ, осының өзі 1 сыныпта әлі қалыптаспаған, балалар бақшасында тәрбиеленген балалардың бірқатары басқалардан бөлшектеніп, өзін сол ұжым мүшесі деп санамайтыны кездеседі. Бұлар бір-біріне жаны ашып, көмектесу дегенді білмейді. Тек өзіне басқалар кедергі жасамаса болғаны, бірақ 2-3 сыныптағыларда бұл қасиеттер жойылып, бұлар өзара достаса бастайды. Баланың бір-біріне көмектесуі әуелгі уақытта мұғалімнің басшылығымен іске асады. Кейін барлығы өзара достасып, бірі екіншісіне мейрімді бола бастайды.

Көбіне үш типті қиыншылық жиі байқалады.

Олардың біріншісі жаңа мектеп режимі ерекшеліктеріне байланысты (дер кезінде ояну және тұру керек, сабақты жіберуге болмайды, барлық сабақтарда тыныш отыру талап етіледі, үй тапсырмаларын орындау қажет және т.б.). Тиісті дағдылар болмаса, бала да әдеттен тыс шаршау оқу жұмысын бұзу, режимдік сәттерді жіберіп қою пайда болады. Жеті жастағы балалардың көпшілігі психологиялық-физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды қалыптастыруға даяр болады. Тек қана мұғалім мен ата-аналар бала өміріне қойылатын жаңа талаптарды түсінікті де айқын жеткізуі, олардың орындалуын әрдайым тексеріп балалардың жеке-дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, мадақтау мен жазалау шараларын қолданып отыруы қажет.

Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың екінші типі мұғаліммен, сыныптағы жолдастарымен, жанұяда болатын қарым-қатынастардың сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндігінше жылы шырай таныта және мейірман бола отырып, мұғалім қайткенмен беделді де қатал тәлімгер болып табылады, ол белгілі бір мінез-құлық ережелерін ұсынып, одан ауытқудың қандайын болса да тоқтатып отырады. Ол үнемі балалардың еңбегіне баға береді.

Бірінші сынып оқушысы көбіне жаңа ортаға үйренісе, балалармен бірден таныса алмайды, өзін жалғыз сезінеді.

Тәжірибелі мұғалім барлық балаға бірдей талап қояды, бірақ әр баланың бұл талаптарды орындауының өзіндік жеке-дара ерекшеліктерін мұқият бақылайды. Бұл олардың мінез-құлықтарының «астарына« көз жүргізіп, олардың шын мәніндегі психологиялық қасиеттерін түсінуге көмектеседі.

Қиыншылықтардың үшінші типін бірінші сыныптағы көптеген оқушылар оқу жылының ортасына таман сезіне бастайды. Алғашқы да олар сабақ басталардан көп бұрын мектепке қуана барды, кез келген жаттығуларға ықыласпен кірісіп, мұғалімнің берген бағасына мақтанысты: олардың білімді игеруге жалпы даярлықтары сезіліп тұрды. Бірақ 1 сыныпта оқу процесі әдетте балалар белгілі бір даяр білім мен анықтамалар алып, оларды есте сақтап, қажетті жағдайларда қолданатындай етіп жасаған. Әдетте, мұндай жағдайларда баланың ақыл-ой ізденісінің өрісі тар, таным дербестігі айтарлықтай шектеулі болады. Осыған ұқсас сабақтарда оқу материалдарының өзіне ықылас нашар қалыптасады. Мұғалімдер кейде материалға сырттай қызықты элемент енгізе отырып, оларды жеңуге тырысады. Бірақ бұл әдіс аз уақыт қана ықпал етеді.

Сонымен, бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарынмен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және төменгі сынып оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Сондықтан педагогикалық психология үшін осы іс-әрекетті құру және оның жекелеген бөліктерінің ерекшеліктері туралы мәселе ерекше маңызды болып табылады.

10– дәріс Ақыл-ой әрекеті мен ұғымдарды сатылар қалыптастыру (П.Я.Гальперин).


Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері

Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін "Ақылдан қымбат байлық жоқ", "Ақылды сатып ала алмайсың", "Ақыл — тозбас киім, білім — сарқылмас булақ" деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.

Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Халық білім мен өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. "Көзбен көргеп, құлақпен естіген ақиқат емес тек қана мұқият зерттелген ақиқат".

Халық педагогикасыңда тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми педагогиканың анықтамаларымен сәйкес кенетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойыиша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикалық анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін дарытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз.

Бірақ оқушы өмірінің іс-әрекеті тек тәрбиешілердің мақсатты ықпалымен шектелмейді. Оған қосымша оқушыны қоршаған ортаның ықпалдары мен әсерлерін еске алу қажет. Бұл кеңірек, ақыл-ойдың дамуы ұғымымен айқындалады.

Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруга, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуыпың қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.

Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.

Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі — адам зиялылығының негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.

Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері, олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі. Сондықтан біз жеке-жеке ойлаудың түрлеріне тоқталамыз. Бірақ кейбіреулерін кейінірек атап кеткен жөн.

Жалпы айтқанда ойлау дегеніміз не? Ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті атайды. Ойлау таным іс-әрекетіндегі күрделі процесс. Ал таным — бұл әржақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миында бейнеленуі.

Ойлау адам миы қызметінің нәтижесі. Ой-түңсіну, қабылдау, елестету арқылы алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау — барлық адамдарға тән туынды түсінік. Жеке адам даму процесінде тәрбие қоятын міндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсіруі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, оқушылардың ақыл-ой қабілетінің дамуына әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет.

Енді әрбір ойлау түрлерінің тұлғаның даму процесінде алатын орны туралы сөз етейік.

Нақты және абстракт логикалық ойлау.

Нақты логикалық ойлау затты біздің тікелей қабылдауымыз. Мұны кейде көрнекі ойлау деп те атауға болады. Нақты логикалық ойлау балалардың ойлау және оқу процесінде, адамдардың еңбек іс-әрекетінде байқалады.

Абстракт логикалық ойлау жалпы және дерексіз ұғымдарға сүйенеді. Мысалы, абстракт ойлау күрделі мәселелерді шешудегі біздің ой-пікірлеріміз, яғни байымдау, ой жүгірту. Бұл ойлау түрін психологияда ұғымдық ойлау деп те атайды. Ұғымдық ойлау кейбір мәңді ұқсастық белгілерінің негізінде түсініктерді жіктерге және топтарға бөлу білігін қажет етеді.

Жинақтай ойлау белігі бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің ортақ принцшітерін немесе тәсілдерін білумен сипатталады. Бұл жерде ойдың жинақталу дәрежесі, оның ауқымы жалпылық тұрғыдан қараудың құбылыстардың үлкен немесе кіші топтардың қамтуына тәуелді.

Алгоритмдік ойлау көздеп отырған нәтижені қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді қатаң орындау нұсқау арқылы жұмысты іске асыру.

Индуктивтік ойлау ғылыми зерттеу немесе оқушыларга жаңа білімдерді баяндауда ойдың жекеден жалпыға, деректерден жинақтауға қарай қозғалуын қажетсінеді.

Дедуктивтік ойлау жалпыдан жекеге, дербестікке қарай жүретін ойлау процесімен байланысты.

Сонымен ойлау түрлері шәкірттердің нақты зиялылық білігін сипаттайды. Адамның өмір тәжірибесіне, іс-ерекеттеріне, оның алдында тұрған мақсатының ерекшелігіне байланысты әр түрлі сатыда іске асады.

Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, нақты зиялылық біліктерді меңгеруге қабілетті етеді.

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыған шығады. Олар:

— ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау;

— негізгі ойлау операцияларын меңгерту;

— зиялылық біліктерді қалыптастыру;

— дүниетанымды қалыптастыру;

Аталған міндеттерге жеке-жеке тоқталайық.

Білім қорын жинау. Оқушыға зиялы белсенді іс-әрекетке қажетті ақылдың бірде-бір құнды сапасы жүйеге келтірілген білімдер қорынсыз дамуы мүмкін емес. Көп жағдайда білімдер көлемін беру ұғымын қарастыра отырып қараймыз. Білімдер көлемі қоғамның мәдени дамуының деңгейімен сипатталады. Олай болса білім көлемі ұғымы салыстырмалы ұғым.

Өмірге жолдама алушы жастың білімдерінің ауқымы өз бетімен білім алуға негізделген білім беру бағдарламаларымен, болашақ кәсіптік дайыңдығының сырымен анықталады. Белгілі бір білім қорын жинау ең алдымен нақты оқу материалын меңгеруді қажет етеді. Мұның құрамына деректер, атаулар, белгілер, адамдар мен заттар аттары, атаулы күндер, ережелср, заңдар, заңдылықтар, формулаларда бейнеленетін және араларыңдағы байланыстары мен тәуелділіктері бар жалпы, жеке, нақты, абстрактілі түсініктер кіреді. Сонымен қатар білімдерге сол білімдерді қолдану ауқымы мен тәсілдерді білу, оларды пайдалану әдістерін игеру, әлем жөніндегі ғылыми ұғынуының жалпы жүйесіндегі білімнің әрбір бөлігінің орнын түсіну де жатады.

Білім қорын жинаудың жоғары деңгейіне жетуде оқушының жеке мақсаттылығы үлкен роль ойнайды. Оқушының мақсаттылығы алдына қойған мақсатпен оны танымдық іс-әрекетке итермелеуші себептермен оқу біліктерін берік меңгерумен байланысты. Яғни, оқу материалын игеру жолындағы біліктері, зиялы жігерге және ұзақ зиялы іс-әрекетке дағдылану қажет.

Ақыл-ой дамуы және ойлау білігі негізгі ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді. Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі анализ, синтез, салыстыру, классификация (топқа жіктеу) жатады.

Анализ дегеніміз бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу болып табылады.

Синтез — заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру. Анализ бен синтез біріне-бірі қарама-қайшы ойлау операциялары болғанымен, олар бір-бірімен үздіксіз байланыста болады.

Белгілі бір сабақтастықта нақты белгілі немесе бірқатар белгілер бойынша олардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтауды салыстыру деп аталады. Салыстыру - жинақтаудың қажетті алғы шарты.

Араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе құбылыстарды топтарға ажыратуды жіктеу деп атайды.

Негізгі ойлау операцияларын тұтас педагогикалық процесте меңгеру және нәтижелі қолдана білу мұғалімнің шеберлігін, біліктілігін, білімдарлығын көрсетеді.

Оқушылардың зиялылық іскерлікті меңгеруінің оқу және тәрбие жұмысындағы алатын орны бөлек. Мысалы, оқу еңбегі нәтижелі жүру үшін оқу іс-әрекеті іскерліктерінің тобын оқушылардың меңгеруі өте қажет.

Жалпы оқу іс-әрекеті іскерліктерінің қатарына оқу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндау, жазу, кітаппен жұмыс жатады. Іскерлік әр түрлі пәндер және сыныптар бойынша сабақтарда қолданылады. Іскерлік деп алған білім негізінде шәкірттердің практикалық әрекетінің іске асырылуын атайды. Мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу, жазу және сөйлеу техникасын меңгеру. Ал сауатты оқи білу — сөздердің, дыбыстардың, дауыс ырғағының дұрыс айтылуы, мәнерлеп оқу.

Жалпы оқу іскерліктерін оқушыларға үйрету, олардың білім саласында теориялық сауаттылығының деңгейін көтеру болып табылады. Ал бұл мәселе мұғалімнің әдіскерлігіне, ғылыми педагогикалық сауаттылығына байланысты.

Ақыл-ой тәрбиесіиің тағы да бір маңызды міндеті оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Жннақты етіп айтсақ, оқушылар барлық пәндерді оқу процесінде негізгі дүииетанымдық жұмыстарды бекітеді, баянды етуге талаптанады.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ УНИВЕРСИТЕТІ




БЕКІТЕМІН

«Педагогика және психология»

кафедрасының меңгерушісі Махмутов Б.Л.

_____________________

«____»____________2020 ж.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет