Бұғанаасты артериясы бірінші бөлімнің тармақтары
1.А. vertebralis- омыртқа артериясы, ол ірі тармақтар береді:
a)A.spinalis anterior – бас сүйек қуысында, екі омыртқа артериясы қосылатын жерге жақын өтіп, төмен және орталық сызыққа қарай жүріп, қарсы жақтың аттас артериясымен бір сабауға бірігеді;
b)A.spinalis posterior – омыртқа артериясы бас сүйек қуысына кірісімен дереу одан бөлініп шығып, жұлынның бүйірімен төмен жүреді.
А.basilaris – негіздік базилярлық артерия, екі омыртқа артериясының қосылуынан пайда болады, көпірдің ортаңғы жүлгесіне жайғасады, оның алдыңғы жиегінде екіге – aa.cerebri posterior бөлінеді, ал бұлар кейін және жоғары жүріп, ми аяқшаларының бүйір бетін орап өтіп, шүйде бөлігінің төменгі, ішкі және сыртқы беттерінде тармақталады
2. Truncus thyrocervical – қалқан мойын сабауы
3. A. thoracica interna – ішкі кеуде артериясы. Өз жолындағы ең жақын орналасқан анатомиялық құрылымдарға, алдыңғы көкірекаралыққа, айырша безге, кеңірдектің төменгі ұшы мен бронхтарға, алты жоғарғы қабырға аралықтарға және сүт бездеріне тармақтар береді.
Бұғанаасты артериясы екінші бөлімінің тармақтары:
4.Truncus costocervicalis –қабырға мойын сабауы
5. A.transversa colli – мойынның көлденең артериясы
Қолтық артериясы
Бұғанаасты артериясының тікелей жалғасы қолтық арт-сы, болып табылады, ол өз кезегінде иық арт-на айнала созылады.Қолтық ар-ң проксималды шекарасы -1-і қаб-ң сыртқы жиегі , дисталды шекарасы-m teres major-ң төменгі жиегі. Қолтық арт-сы cavitas axillaris -те иық буыны мен тоқпақ жіліктен медиальді жатады. Алдынан ж/е одан медиалдылау -v axillaris ж/е ұш жагынан иық орімінің нерв сабаулары орналасады.Бұл тамыр –нерв будасы төменнен терімен ,шандырмен ж/е лимфа түйіндері бар шел майымен жабылған
Trigonum clavipectorale - дегі axillaris тармақтары:
1)A.thoracica superior-Жоғарғы кеуде арт-сы m.subclavius-те ,2 кеуде бұлшықеттерінде , m serratus anterior –да ең жақын қабырғааралық бұлшықеттерде тармақталады
Достарыңызбен бөлісу: |