Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау мақсаты


ІШ ҚҰРТЫНЫҢ ЖҰМЫРТҚАСЫН АНЫҚТАУҒА НӘЖІСТІ АЛУ



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата23.05.2024
өлшемі474,48 Kb.
#202802
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
ерасыл слайд
Биология 80 нуска, 2-ТАҚЫРЫП САНДАР МЕН ФИГУРА БАЙЛАНЫСЫ
 
ІШ ҚҰРТЫНЫҢ ЖҰМЫРТҚАСЫН АНЫҚТАУҒА НӘЖІСТІ АЛУ 
 
Мақсаты: 
нәжістегі іш құртының жұмыртқасын табу. 
Қолдану көрсетілімдері: 
гельминтоздар түрлерін және ішек құртын анықтау. 
Дайындаңыз: 
20-50 мл кең мойынды құргақ, таза шыны ыдысты (пенициллин 
флаконы), судноны, горшокты, қалақшаны (ағаш, шыны), жолдама жазып, флаконнын 
сыртына желімдеп жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу 
мақсаты, күні, мейірбикенің қолы). 
Іс-әрекет алгоритмі: 
1.
Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз. 
2.
Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу болар алдында дайындықсыз таңертең нәжісті жинауды. 
3.
Нәжіс жинау іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз: 
-
науқас нәжіс жинар алдында қолғапты киюі қажет


-
үлкен дәретке сусыз судноға отырған соң, нәжістің әртүрлі үш жерінен 30-50 г 
нәжісті қалақшамен алып, даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабады. 
4.
Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып және құрғатуы қажет. 
5.
Ыдыстың ішіндегі нәжісті жылы түрінде клиникалық лабораторияға апарыңыз (30 
минут) кешіктермей. 
Ескерту: 
құртқа қарсы дәрілерді қабылдаған күндері емді бақылау үшін зерттеуге нәжістің 
барлық үлесін жинайды.
 
ЖАСЫРЫНДЫ ҚАНДЫ АНЫҚТАУҒА НӘЖІСТІ АЛУ 
 
Мақсаты: 
ас қорыту жолдарынан жасырынды қан ағуды айқындау. 
Қолдану көрсетілімдері:
асқазан-ішек жолдарындагы ойық жара, қабыну және 
қатерлі ісік процестері. 
Дайындаңыз:
20-30 мл кең мойынды құрғақ, таза шыны ыдысты (пенциллин 
флаконың), қалақшаны (ағаш, шыны), жолдама жазып, флаконнын сыртына желімдеп 
жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, 
мейірбикенің қолы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет