Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау мақсаты


КОПРОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ НӘЖІСТІ АЛУ



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата23.05.2024
өлшемі474,48 Kb.
#202802
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
ерасыл слайд

КОПРОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ НӘЖІСТІ АЛУ 
 
Мақсаты:
нәжістің макроскопиялық, микроскопиялық, химиялық құрамын зерттеу, 
ас-қорыту жолдарының функциональді жағдайын зерттеу. 
Қолдану көрсетілімдері: 
ас-қорыту мүшелерінің аурулары. 
Дайындаңыз: 
таза құрғақ 20-50 мл кең мойынды (дәрінің флакондарын) шыны 
ыдысты, судноны, шыны қалақшаны, жолдаманы жазып ыдысқа жапсырыңыз (бөлімшесі, 
палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы), резеңке 
қолғапты. 
Іс-әрекет алгоритмі: 
1.
Зерттеу алдында науқасқа емшара барасы мен мақсатын түсіндіріңіз. 
2.
3 күн зерттеуге дейін темірі бар (ет, балық, көқөністің барлық түрлері) тағам заттары 
шығарылады деп науқасқа мәлімет беріңіз. Нәжістің сыртқы көрінісін өзгертетін және 
ішектің жиырылып кенуін күшейтетін дәрі-дәрмектерді беру тоқтатылады. 4-ші күні 
нәжіс зерттеуге алынады. 
3.
Қажет болған жағдайда, тамақтың сіңіру дәрежесін зерттеу арнайы емдәмді 
қолданылады, дәл мөлшердегі анықталған азық-түлік жиынтығы (Шмидт және Повзнер 
емдәмі) нәжіс зерттеуге 5 күн қалғанда. 6-шы күні зерттеуге нәжіс алынады. 
4.
Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу күні таңертең нәжіс зерттеуге алынады. 
5.
Зерттеуге нәжісті жинау іс-әрекеттін науқасқа үйретіңіз: 
-
нәжісті жинар алдында науқас қолғапты киюі қажет
-
ішекті сусыз судноға босатқан соң, науқас қалақшамен нәжістің әрбір жерінен 5-10 
г нәжісті алады және даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабады. 
6.
Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып, құрғатады. 
7.
Ыдысты нәжіспен және жолдамамен клиникалық лабораторияға апарыңыз. 
Ескерту: 
-
тамақтың сіңіру дәрежесін зерттегенде дәрігердің тағайындауы бойынша Шмидт немесе 
Повзнер емдәмдерін пайдалану, олардың құрамында дәл мөлшерленніп анықталған 
азық-түлік жиынтығы бар; 
-
клизма жасағаннан кейін, суппозиторийді және ішті босататын дәрілерді қолданғаннан 
кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет