Жалпы күнбағыс астра тұқымдасына жатады, барынша кең тараған түрі мәдени күнбағыс. Күнбағыстың бұл түрі шекілдеуігінің мөлшері, майлылығы мен қабықтылығы бойынша 3 топқа бөлінеді: майлы, шағылатын жөне аралық
Қорытынды Жалпы күнбағыс астра тұқымдасына жатады, барынша кең тараған түрі — мәдени күнбағыс. Күнбағыстың бұл түрі шекілдеуігінің мөлшері, майлылығы мен қабықтылығы бойынша 3 топқа бөлінеді: майлы, шағылатын жөне аралық. Өндірістік маңызға майлы топтың сорттары ие. Мәдени күнбағыс кіндік тамырлы бір жылдық өсімдік, көптеген ұсақ бүйір тамыршаларының арқасында Қазақстанның құрғақ далалы аймағында ойдағыдай өсіріледі.
Зерттеудің жұмысының мақсаты бойынша сақтау липидтерінің май қышқылдық құрамы әртүрлі сортты және гибридті күнбағыс тұқымдарын сақтау жағдайларының морфометриялык жане физиологиялык қасиеттеріне күміс нано бөлшегінің әсерін зерттеу, сақтау жағдайында тұқымдардағы физиологиялық және биохимиялық өзгерістерді және олардың технологиялық параметрлері мен төзімділігіне әсерін ШҚМУ –нің НЛПК зертханасында анықтадым.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілді:
- төмен оттегі газы бар ортада тұқымның ылғалдылығы мен температурасының массалық үлесі жоғарылайтын экстремалды жағдайларда сақтаудың тұқымның химиялық құрамына, биохимиялық көрсеткіштеріне, технологиялық қасиеттеріне және алынған май сапасының өзгеруіне әсерін зерттедім;
- имитациялық жағдайларда сақталатын күнбағыс тұқымдарының гидролиздік және тотықсыздандырғыш ферменттерінің кешенін және олардың активтілігінің тұқымның технологиялық қасиеттеріне және алынған майлардың тотығуға төзімділігіне әсерін зерттеп сараладым;
- имитацияланған сақтау жағдайында күнбағыс тұқымының массасының тыныс алу қарқындылығын зерттеу, тұқымның технологиялық қасиеттерін және алынған майлардың сапасын бағаладым;
- имитациялық жағдайларда сақтау кезінде күнбағыс дәнінен алынған майлардағы гидролиз және тотығу өнімдерінің жинақталу дәрежесін зерттеу және майлардың гидролиз бен тотығуға төзімділігін анықтап нтижесін қосымшада көрсеттім;
- экстремалды жағдайларда сақтау кезінде күнбағыс тұқымдарының липолитикалық ферменттерінің ретті әсерін және оларда улы тотығу өнімдерінің жиналуын және олардың алынған майлардың сапасы мен қауіпсіздігіне әсерін тәжірибелік және теориялық негіздепкөрсеткіш алдым;
Қорыта келе түсінгенім, күнбағыс еліміздің экспортқа тасымалдау жасайтын өнімдердің бірі ,сол себепті оныңморфологиялық жне биологиялық ерекшеліктерін зерттеу жне құрамын өсуін зрделеу қомақты жұмыс екенін түсіндім. Янтарь қышқылымен зерттеу, әрине ұзақ әрі көп жұмыс болғандықтан бұл өндірісте жұмыс жасау өте тиімсіз екенін анықтадым.