Онлайн мектеп арқылы орындаған тапсырмаларды мұғалімге жіберді
Online Mektep
WhatsAap
Сабақтың
ортасы
Қор нарығы - қаржы нарығының бір бөлігі, бағалы қағаздар нарығы, яғни бағалы қағаздар сатылатын және сатып алынатын, ал олардың бағасы сұраныспен және ұсыныспен айқындалатын нарық (ұйымдасқан және биржадан тыс нарық). Ағылшын әдебиетінде "қор нарығы" деген ұғым "қор биржасы" деген ұғыммен бірдей, қор биржасының негізгі атқарымы бағалы қағаздарды инвесторларға сату жолымен жария компанияларға, мемлекетке және жергілікті билік органдарына капитал тарту мүмкіндіктерін беру. Қазақстан заңнамасында "қор нарығы мен "бағалы қағаздар нарығы" деген ұғымдар мәндес.Қор нарығындағы акциялар, облигациялар, олардан туындаған бағалы қағаздар, опциондар, фьючерстік келісімшарттар, т.б. Айырбасқа түседі.Қор нарығының атқарымына бағалы қағаздардың эмитенттері,инвесторлар және бағалы қағаздар нарыгының кәсіпқой қатысушылары қатысады. Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарушысы (эмитенті) — Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, ол бағалы қағаздар нарығында басымдыққа ие мемлекеттік бағалы қағаздарды, мемлекеттік қарызхат облигацияларын қазынашылық вексельдер, т.б. шығарады. Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі қоғамдар корпоративтік бағалы қағаздар шығарады. Дивидендтік, пайыздық немесе алып-сатарлық табыс алу мақсатымен қор нарығында бағалы қағаздарды сатып алушы жеке және заңи тұлғалар инвесторлар ретінде әрекет етеді. Қор нарығының кәсіпқой қатысушылары — бағалы қағаздармен операциялар жасауға лицензиясы бар заңи және жеке тұлғалар — қор биржалары инвестициялық қорлар мен компаниялар, дилерлік және брокерлік ұйымдар, тіркеушілер, депозитарийлер, т.б. Бағалы қағаздардың биржалық нарығы және биржадан тыс нaр ы ғ ы түрлеріне бөлінеді. Биржадағы сауда-саттыққа бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары — биржа мүшелері қатысады; биржада осы биржаның листингіне, яғни осы биржада бағаланатын бағалы қағаздар тізбесіне енгізілген акциялар сатып алынады және сатылады; әрбір биржа бағалы қағаздарды листингіге енгізу тәртібін белгілейді
Нарықтық экономика — адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүниежүзі мемлекеттерінің көпшілігінің өркендеу тәжірибесі дәлелдеген ақиқат шындық. Қаржы нарығы — мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Жалпы қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады:
Айналымдағы қолма-қол ақша нарығы.
Несие капиталының нарығы.
Бағалы қағаздар нарығы.
Сонымен бағалы қағаз нарығы капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдардың құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді. Бағалы қағаздар нарығы нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі. Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар көмегімен қосымша капитал алу анағұрлым жеңіл. Акция және облигация сияқты бағалы қағаздарды шығаруға және оларды тіркеуге 2 күн жеті, эмиссиялық проспектісін шығарып және нарыққа қатысушылардың оларды талқылауына 2-4 күн жеті, оларды сатып алу, сатуға және есеп айыруға 2-3 күн жеті уақыт кетеді екен. Қорытындысында 1,5-2 ай ішінде эмитент (шығарушы) өзіне қажетті капиталды жинап, оны басқару құқына ие болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы — экономикалық өрлеуді көп жағдайда қаржыландыратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі. Бағалы қағаздар — ең алдымен мүлікті иемденуде құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуге берілсе есепшотқа енгізіліп, ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын береті құжатты сертификат деп атайды. Шығаруы жөнінен бағалы қағаздар 2 топқа бөлінеді: нарықтық және нарықтан тыс. Нарықтан тыс бағалы қағаздар - әлеуметтік-нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздардың ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары, депозиттік (салым) облигациялары, және сол сияқтылар жатады. Бағалы қағаздарды шығарып, оны айналымға түсірушіні эмитент деп атайды. Бағалы қағаздар шығарушылар:
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқаулары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады. Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:
сұраныс пен ұсыныс;
делдалдар мен басқа қатысушылар;
нарықтық инфрақұрылым, яғни екінші деңгейдегі банктер, қор биржасы, инвестициялық институттар және т.с.с;
нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.
Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі көп жағдайда халықтың әл-ауқатына байланысты. Себебі бағалы қағаздарға сұраныс халықтың тұрмысын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өсуі - Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы дамуының басты шарты. Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды.
Ойларын ортаға салады.
.
Оқулық
Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады
Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Тапсырмалар әзірленді әр түрлі деңгейі бойынша, қолдануға болады
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Сабақ кезінде қауіпсіздік талаптары.
1. Барлық әрекетті тек қана мұғалімнің нұсқауымен орындау.
2. Жұмыс кезінде кенеттен қозғалуға болмайды.
3. Жұмыс орнында тәртіпті сақтау.
4. Сабақ кезінде бояулар мен қажетті материалдарды мұқият пайдалану.
5. Жұмыс орнын мұғалімнің рұқсатынсыз тастап кетуге болмайды.
Тексерілді:
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақтың жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?