Қоршаған ортаның бір-бірімен өзара әректеттестігітуралы түсінік- «өмір сүру» деген ұғыммен тең. Қоршаған орта неғұрлым таза болса, адамның денсаулы мықты, көңіл – күйі көтеріңкі болады.
Ауаның, жер мен судың табиғи таза қасиеттерінің қолайсыз өзгерістерге ұшырауы- қоршаған ортаның ластануы. Яғни жер бетіндегі тазалықты сақтамау атмосфераның азондық қабатының әлсіреуіна акеп соғады. Ол жер бетінде ультракөгілдір сәулелерден, ғарыштық сәулелерден, метеориттерден, ғарыштық тозаңдардан қорғайды. Атмосфералық ауа- адамның, жан-жануарлардың, өсімдіктердің тыныс алу көзі. Сондықтан атмосфераны өндірістік, тұтыну қалдықтарынан, табиғи апаттардан қорғау керек. Табиғат тазалығын сақтау- адамның өз өмірінің қауіпсіздігін сақтау деген сөз. Сондықтан адам мен табиғат арасындағы қатынас ізгілік пен үйлесімділікте құрылуы шарт.
аңдар
құстар
өсімдіктер
тау, тас, өзен, көл, ауа, жер
«Табиғат-тал бесігің» әңгіме жазу
Табиғатта түрлі құбылыстар бар. Олар жыл
мезгілдеріне сай өзгеріп отырады. Қар - атмосферадан түсетін әр түрлі пішінді ұлпа мұз кристалдары түріндегі жауын - шашын. Ол қыс мезгілінде жапалақтап жауады.
Жаңбыр - бұлттан бөлініп жерге түсетін атмосфералық сұйық тамшылардың жиынтық атауы. Тамшылардың диаметрі 0, 5 — 7 мм болады. Тропосфераның жоғарғы қабатында қалыптасқан қар, мұз түйіршіктері оның жер бетіне жақын қабатынан өткенде еріп жаңбыр тамшыларына айналады. Кейде жаңбыр бұлт арасындағы тым ұсақ тамшылардың бір - бірімен қосылуынан пайда болады. Жаңбырдың бірнеше түрі бар. Ақ жаңбыр — қатпарлы бұлттардан жауады, бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады. Нөсер жаңбыр — будақ бұлттардан қатты жауып тез аяқталады; олар, көбінесе, төменгі ендіктерге тән.
Найзағай — бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын ұзындығы бірнеше км, диаметрі ондаған см және ұзақтығы секундтың ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды разряд. Найзағай - кешенді атмосфералық құбылыс. Бұл құбылыс кезінде қалың будақ - жаңбырлы бұлттарда және бұлттар мен жер арасында көп еселі электр разрядтары пайда болады, күн күркірейді. Ұйтқыма жел, дауыл соғып, кейде бұршақ аралас нөсер жаңбыр жауады. Найзағайды шептік және масса ішіндегі деп ажыратады.
Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Тамшы үлкен болса кемпірқосақ айқын, жарық болып көрінеді. Кейде алғашқы кемпірқосақпен бірге екінші кемпірқосақ қабаттаса көрінеді, оны қос кемпірқосақ деп атайды. Қос кемпірқосақ күн сәулесінің су тамшысына белгілі бұрыш жасай, екі рет шағылысуынан түзіледі. Сонымен бірге ай сәулесінен пайда болатын кемпірқосақты ай кемпірқосағы деп атайды.
Табиғат –мүсінші
Әлемде талантты және әйгілі суретші-мүсіншілер бар.