Сабақтың тақырыбы: Табиғат- тал бесігің



Дата10.10.2020
өлшемі492,36 Kb.
#64076
түріСабақ

КММ «Тополевка орта мектебінің» қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Қалдыбаева Майра Орынғалиқызы

Сынып: 6

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Табиғат- тал бесігің

Cабақтың жалпы мақсаты:Тақырып бойынша сөздік қорларын дамытып, табиғат және табиғаттың сұлулығы жайлы әңгімелей алу; диалогтік оқыту арқылы сабақтың мазмұнын ашу; формативті бағалауды, оның ішінде өз-өздерін бағалауды сыни тұрғыдан ойлау.

Оқыту нәтижелері:-диалогтік әдістің тиімділігін арттыру;

-формативті бағалау әдістерін пайдалануға сенімді болу



Негізгі мақсаттар: өзін-өзі реттеудің Марта Бронсон(2002) бейімдеген санаттарының бірі әлеуметтік өзін өзі реттеуін дұрыс жолға қою

Сабақтың түрі: біріктірілген, шығармашылық

Сабақтың әдіс- тәсілдері: жұптық, топтық жұмыстар

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, постерлер, стикерлер

Сабақ барысы:

І Ынтымақтастыру кезеңі:

Оқушылардың пәнге деген көңілдерін аудару үшін, Т. Молдағалиевтің «Жайлауда» өлеңінен үзінді жатқа оқимын:

... Көз ала алмай сұлулықтан, көріктен, Қой қайырып атқа мініп желіп пе ең? Әр сайынан бұлақ ағып, маржандар Көкке атылып жататынын көріп пе ең?

Ақ бұлақтар көкке маржан шашады, Қиялыңды қияға алып қашады. Бір сайында бүлдіргені, бір сайда Көк жуасы танауыңды ашады.



  • Балалар, менің оқыған өлеңімнің тақырыбы қандай? Өлеңде не туралы айтылған?

  • -Иә, сендер дұрыс айтасыңдар? Бұл өлең табиғат тақырыбында алынған Т. Молдағалиевтің «Жайлауда» өлеңінен алынған үзінді. Өздерің анықтағандай бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы- Табиғат ана тәлімі

  • Балалар біздің бүгінгі сабағымыз топтық жұмыстарға арналғандықтан, алдымен біз топқа бөлініп аламыз.

  • Ол үшін мына менің үстелімнің үстінде жатқан қораптан кескіндерді алыңыздар. Осы кесікіндер бойынша топқа жиналайық.

ІІ Суретпен жұмыс

Тақатада тақырып бойынша суреттер ілініп тұрады. Оқушылар суреттер бойынша бірнеше сөйлемдер құрастырады. Артынан «Қысқы көрініс» тақырыбында топ мүшелері тізбектелген әңгіме құрастырады (әр оқушы бір- бір сөйлемнен айтып, ортақ әңгіме құрастырады).



ІІІ Мәтінмен жұмыс

Мәтінді тізбектете түсініп оқып шығу Мәтін бойыша берілген табиғат құбылыстарының әсерінен пайда болған сөздерді табу Олармен сөйлемдер құрастыру



ІV Жұптық жұмыс

Топ ішінде оқушылар ақылдаса келе, өзара жұп құрайды. Жұптар тақтада берілген суреттер бойынша диалог құрастырып, өзара сөйлеседі.



V Сергіту кезеңі

Әр топқа толықтыруды қажет ететін мақал- мәтелдер беріледі. Топ мүшелері мақал- мәтелдерді толықтырып, жатқа оқып, артынан мағыналарын түсіндірулері керек.



VІ Топтық жұмыс

Табиғатқа сай өзгерістер суреттелген көріністі бейнелеу. Артынан жұмыстарын түсіндіріп әңгімелеп беру.



VІІ Шығармашылық сағат:

«Жоңғар-Алатауы Ұлттық саябағы» тақырыбында эссе жазу. (ауылымызда «Жоңғар-Алатауы Ұлттық саябағының» Тополевка филиалы жұмыс жасайды)



Бағалау: Оқушылар алдыларындағы алдын- ала таратылып берілген стикерлердің бірін таңдап алып, сабақтан алған әсерлерін жазып, тақтада ілініп тұрған смайликтердің бірінің тұсына жабыстыруы қажет.

Қызғылт смайлик- бестік баға Жасыл смайлик- төрттік баға Сары смайлик- үштік бағаны білдіреді.

Соңынан топ мүшелері бір- бірлеріне қол соғып қошемет білдіреді

Рефлексия:

Сенің сабаққа деген көзқарасың (бейнелерге күлкі түсір)

Сабақ қызықты, әсерлі, тартымды, танымды- күлкінің бейнесін жаса

Сабақ қарапайым, әдеттегідей- сызықша қой



Сабақ көңілсіз, ұнамады, белсенділік танытпадым- онда төмен қараған доғаның суретін көрсет



VІІІ Үйге тапсырма беру Мәтін бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды орындау (оқушылардың білім деңгейлеріне байланысты тапсырмаларды бөліп беру)

Сабаққа талдау

Бүгін қазақ қазақ тілі пәнінен «Табиғат тал бесігің» тақырыбы бойынша сабақ өткізілді. Ынтымақтастыру сәтінде оқушылардың пәнге деген көңілдерін аудару үшін, Т. Молдағалиевтің «Жайлауда» өлеңінен үзінді жатқа оқылды.

Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында өлең бойынша бірнеше ой шақыру сұрақтары қойылды. Мәселен:



  • Балалар, менің оқыған өлеңімнің тақырыбы қандай? Өлеңде не туралы айтылған?

  • Өлеңнің тақырыбын анықтау арқылы бүгінгі негізгі тақырыпты анықтайды

  • Оқушыларды топқа бөлдім.

  • Қораптан кескіндерді алу арқылы топқа жиналды.

Сабақ кезеңдері бойынша атқарылған жұмыстар:

1 Сурет бойынша жұмыста оқушылар берілген суреттер бойынша сөйлемдер құрастырды.

2 Мәтін бойынша жұмыс. Мәтінді тізбектете түсініп оқып шығу Мәтін бойыша берілген табиғат құбылыстарының әсерінен пайда болған сөздерді табу Олармен сөйлемдер құрастыру. Тапсырма барысында озат оқушылар үлгерімі төмен оқушыларға көмек көрсетіп, сөздіктің көмегімен сөздерді аударуға үйретті.

3 Жұптық жұмыс. Топ мүшелері өзара топ құрастыру арқылы суреттер бойынша диалог құрастырды. Жұп құрастырғанда үлгерімі төмен оқушылар мен озат оқушылар бірігіп жұп құрастырды.

4Топтық жұмыстар. Табиғатқа сай өзгерістер суреттелген көріністі бейнелеу. Артынан жұмыстарын түсіндіріп әңгімелеп беру.

Топтық жұмыс барысында барлық оқушылар жұмысқа белсене ат салысты

5 рефлексия кезеңінде оқушылар сабақтан алған әсерлерін көрсетіп стикерлерге жазып қалдырды.

Сабағым өз дәрежесінде өтті. Алдыға қойған негізгі мақсаттарыма жете алдым. Алайда үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстарды жандандыра түсу қажеттігін түсіндім.









Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет