1-жазба Мұғалімдердің оқуымен оқыту тәжірибесіне қолдау көрсету үшін тренердің формативті бағалауды қолдануы туралы бір жазба



бет1/6
Дата09.06.2017
өлшемі2,74 Mb.
#18317
  1   2   3   4   5   6

Байтохина Асемгуль Турмаганбетовна Тренер портфолиосы В3 есебі

№1 топ 3-деңгей

Ақтөбе қаласы 07.06.2015


Формативті және сумативті бағалау бойынша жазбалар

1-жазба

  1. Мұғалімдердің оқуымен оқыту тәжірибесіне қолдау көрсету үшін тренердің формативті бағалауды қолдануы туралы бір жазба

Төрт сабақта тапсырмаларды орындап отырғаннан кейін формативті бағалау жүргізілді: өзін-өзі бағалау, жұпта, топта өзара бағалау, піскен алма арқылы, критерилер арқылы бағалау түрлері қолданылды. Әр бір сабақтың қорытынды бөлімдерінде мұғалімдермен кері байланыс жасау үшін де «Екі жұлдыз! Бір тілек!» әдісі бойынша жұптастарының сабаққа қатысқаны туралы өз ойларын ортаға салды. «Алты қалпақ» әдісі арқылы кері байланыс алынды, «Өзін-өзі бағалау» бойынша қабырға журналына модульді түсінуі бойынша, алманын піскен түсімен өзін-өзі бағалау жүргізілді, «Топтастарын бағалау парағы» арқылы кері байланыс жасалды. Сонымен қатар ең ұтымды пікір және ерекше идеясымен көзге түскен мұғалімдерді піскен қызыл алмамен формативті бағалап отырдым. Бұл мен үшін де, мұғалімдер үшін де ұтымды әрі тиімді болды деп санаймын.

1 Қалыптастырушы бағалау



«Бірге ойлаймыз, сөйлейміз. есептеу парағы беріледі. (топ мүшелері әр біреуі топтастарын бақылап отырады әр бір топ мүшесіне баға беріп отырады).

2 Қалыптастырушы бағалау «білу түсіну қолдану» бойынша берілген критериимен өзін-өзі бағалау.



3 Сабақ соңында сабақты түсіну бойынша «6 қалпақ әдісі» Рефлексия

Алты қалпақ әдісі арқылы кері байланыс алынады.

Ақ қалпақ – Нақты малімет не түсіндім?

Қара қалпақ- Түсініксіз болған нарсе?

Қызыл қалпақ-Не әсерлі болды?

Сары қалпақ- Нені жетілдіруім керек?

Жасыл қалпақ – қай тұсымды дамытамын?

Көк қалпақ-Өзімнің өміре қажетті аларым?



Кері байланыс парақтарын оқу арқылы мұғалімдердің осы сабақ бойынша көп мәлімет алғандарын, әдіс тәсілдердің түрлерін меңгергендерін модульді жақсы деңгейде түсінгендерін біршама критерий арқылы бағалауда көп мәлімет алғандарын сонымен қатар формативті бағалаудың жетістікке жету үшін жасалатын қадам екенін түсініп өздерінің тарапынан жүргізіп жүрген дәстүрлі бағалауынан табыс критериилері арқылы бағалаудың тиімді екенін жазып кеткен.

Қорыта келе, сабақ барысында қолданылған формативтік бағалаулар тәсілі кез келген тақырыпты меңгеру үшін қолдануға қолайлы деп есептеймін. Әсіресе, мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру үшін, оқушылардың өзіндік, өзара бағалай алуын қалыптастыру үшін тиімді болатыны сөзсіз.Сабақты қорытындылау үшін «



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет